бай
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
Биылғы «Новая волна-2021» халықаралық вокал байқауында Қазақстан намысын MeZzo тобы қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
СҚО-да Ленин көшесі Абай көшесі болып өзгертілді
Солтүстік Қазақстан облысында бұған дейін бір жылда екі ауылдық округтың, үш ауылдың және кейбір ауылдық елдімекендер көшелеріне берілген 336 атау өзгеріп, қазақша аталғаны туралы айтқан болатынбыз. Сонымен бірге облыстың бес мәдениет және білім беру нысандарына қазақ халқының аса көрнекті тұлғалары Абайдың, Қожаберген жыраудың, Ақан серінің, Мағжан ақынның және әнші Ермек Серкебаевтың есімдері берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Сәуір, 2021
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 19 Сәуір, 2021
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 18 Сәуір, 2021
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Бұл кісі туралы өз басымыз көп естігенбіз. Әсіресе зергердің қызының ұзатылу тойына арнап қымбат бағалы сәукеле жасағаны, домбыраның, самаурынның, кілемнің, басқа да заттардың жүзден астам түрін жинағаны, әне бір жылдары оның қолынан шыққан бойтұмарды Иорданияның сұлу патшайымы Ранияның тағып жүргені жайлы ақпараттар баспасөзде біраз «хит» болған жайы бар еді. Кейінірек «өз үйін жеке музейге айналдырыпты» деген хабарды естідік. Жуырда ұлттық өнерді ұлықтап жүрген зергермен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Мұндай хабар Маңғыстау облысының өрт сөндірушілеріне 16 сәуірде сағат 13:25-те жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 13 Сәуір, 2021
Қостанайда жауапты орындар жемқорлықты әшкерелеуге енжарлық танытып отыр
Қостанай облысындағы кейбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анық байқалады. Алайда жауапты орындар мұндай фактілерді анықтап, әшкерелеуге енжарлық танытып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында өңірге жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мәлім етті.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2021
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байқазақов Архат Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Грузия Жазушылары үйінде қазақтың ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының грузин тілінде алғаш басылып шыққан өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Грузияның Мәдениет министрлігі мен Жазушылар одағының, әдеби топтарының, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы болып Түлебаева Светлана Дүмбайқызы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығы берілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хаттама толтыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғауды күшейтеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарауына ӘҚБтК-нің кәсіпкерлік қызмет саласындағы баптары бекітілген, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу аясында шетелдік және отандық инвесторларды қорғау тұрғысынан Антикордың әлеуетін күшейте түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Ресми шағымдар нашар интернет мәселесін шешуге көмектеседі
2021 жылы 286 ауыл 2G-ден 3G және 4G-ге, 51 ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырылады, халқының саны 250 адамнан аз тағы 292 ауыл байланыс сапасын жақсартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, байланыс сапасын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Таным • 05 Сәуір, 2021
Қазақ көркемсөзінің көшелі көшінде талантымен танылған, шығармашылық шеберлігі шыңдалған көрнекті жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы сексеннің сеңгіріне шықты. Ол осынау мерейлі жасын жаңа шығармасымен қарсы алып отыр. Шау тартса да шабытына тұсау түспеген жазарманның қазақ елінің кешегі қилы кезең, зұлмат замандағы өмір өткелдерінен сыр сабақтаған «Тағдыр толқыны» романы тақырыбы тосын болмаса да, кестеленуі көркем, түйіні тәлімді туынды. Уақыт бөліп оқып шыққан оқырманның қай-қайсысы да біздің пікірімізді қоштай кетеріне сенімдімін.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Ғылым адамның ақылына, өнер сезіміне әсер етуі керек. Сол үшін дарынды сөз жүйесін меңгерген кез келген кәсіби қаламгерден ең алдымен сезімді селт еткізетін дүниелер күтіледі. Марқұм, жазушы Талғат Кеңесбайдың шығармашылығы дәл осы үдеден шығатын көркем туындыларға бай еді. Зерттеушілердің көзіне іліккен «Лениннің бәтеңкесі» «экспериментке құрылған шығарма» деген баға алғаны есімізде. Оның шығармашылығы бастан-аяқ эксперимент еді деуден аулақпыз, бірақ меніңше «Гауһары» да эксперименттің көркем үлгісі сияқты.
ANTIKOR • 05 Сәуір, 2021
Бас мүфти: Жемқорлықтың зияны халыққа тиеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жемқорлық мемлекеттің дамуына кедергі болғандықтан, үлкен күнә болып саналатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Бағаны тұрақтандыратын жобаларға қолдау көрсетуіміз керек
Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы 333 кварталда «Темиршиков» ЖК нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайхана іске қосылды. Жоба құны – 300 млн теңге. Жеке кәсіпкерлер 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты.
Театр • 31 Наурыз, 2021
Құндылығын жоғалтпаған «Құнанбай»
Елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры ұжымы жаңа ғимаратқа көшкеннен кейінгі бірнеше айға созылған үзілістен соң алғашқы премьерасын көрермен назарына ұсынды. Жыл келгендей жаңалықтың жаршысы болған қойылым қазақтың ардақты тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлының сахнадағы көркем бейнесін жаңаша қырынан ашуға бағытталды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов, авторы – Таласбек Әсемқұлов.
Кәсіпқой бокс • 31 Наурыз, 2021
Қос қазақ боксшысы Дубайда жұдырықтасады
3 сәуірде Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Айтулы жарыста Қазақстанның қос бірдей белді былғары қолғап шебері өнер көрсетеді.
Театр • 26 Наурыз, 2021
«Қаллеки» театрында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтеді
2021 жылдың 29, 30, 31 наурызында Тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
«Бала дауысы» байқауының алтыншы маусымы басталды
Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 8-12 жас аралығындағы дарынды балаларды «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымына шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Наурыз, 2021
Үш қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Түркияда бокстан халықаралық турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Наурыз, 2021
Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше лауазым иесі қызметтен босатылды
Елбасының ресми сайты Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Теннис • 13 Наурыз, 2021
Кукушкин теннис турнирінің іріктеу кезеңінде басымдық көрсетті
Отандасымыз Михаил Кукушкин Дубайда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу сайысының бірінші партиясында қарсыласынан оқ бойы озық болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 13 Наурыз, 2021
Бас мүфти Каирде басталған халықаралық конференцияға қатысты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында басталған «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің 31-інші халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 13 Наурыз, 2021
Сүндет Байғожин қызметінен неге кетті?
«Астана-Опера» театрының бұрынғы жетекші солисі, соңғы жарты жыл бойы Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясын басқарған Сүндет Байғожин өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Абай • 12 Наурыз, 2021
Бішкекте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті
Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай ақынға мың тағзым» атты концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 09 Наурыз, 2021
Қырғызстанда хакім Абайдың 175 жылдығына орай концерт өтеді
10 наурыз күні Бішкектің Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы және қоғам қайраткері Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлем • 04 Наурыз, 2021
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Дубайда коронавирус пандемиясына байланысты 2-26 ақпан аралығында енгізілген шектеулер Рамазан айы басталғанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz