жыл
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқу жылында мектептерге жасанды интеллект және жаңа тәрбие бағдарламасы енгізілді
2025–2026 оқу жылы қазақстандық мектептер үшін бірқатар маңызды өзгерістермен басталды. Бұл жаңашылдықтар білім беру мазмұнын жаңғыртуды, тәрбиелік бағытты күшейтуді және әлеуметтік қолдауды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
Ұлттық жоба аясында өңірлерде жаңа мектептер ашылып жатыр
Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылып жатыр. Жоба аясында апатты және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешу көзделген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Жолдау-2024: Полицейлер 2,6 млрд теңгеден астам қаржының ұрлануын болдырмады
Цифрландыру жағдайында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өсіп келеді. Сол орайда азаматтарды қорғау үшін Ішкі істер министрлігі жүйелі шараларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Жылдамдықты бақылау жүйесі 109 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтады
2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп келеді. Арнайы бақылау камералары жолдардың түзу учаскелеріне орнатылған, ал орташа жылдамдық белгілі бір аралықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт арқылы есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2025
Шымкентте інжу той иелеріне жаңа неке куәлігі берілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 30 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылардың некесі салтанатты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Таразда жұмысшы жастарға арналған облыстық форум өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс аумағында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді
Қазақстанда 2025 жылы 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және қайта құруға 129,4 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 26 Тамыз, 2025
Қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті - министр
Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті. Министр Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір өндіруші кәсіпорындар мен «Қазақстан темір жолы» өңірлерге жоспардағы көлемді тасымалдауға толық дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 26 Тамыз, 2025
Жарық пен жылу желілерінің негізгі бөлігі жаңартылды
Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусымына дайындық барысын жариялады. Министр Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, биыл елдегі электр станцияларында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде және барлығы белгіленген уақытында аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова
ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституцияға 30 жыл: 2022 жылғы реформалар қандай өзгеріс әкелді
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті. Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 30 бас жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды
Алматы облысында полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысты ірі қылмысты ашты, деп жазады Egemen.kz.
Фотогалерея • 21 Тамыз, 2025
Ғасырлық тарихты сөйлеткен суреттер
Ғасырдан астам тарихы бар Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі мерейтойын ерекше форматта атап өтті. Фотокөрмеге агенттіктің қорынан алынған сирек кадрлар қойылып, жұртшылық өткен дәуір тынысымен танысуға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Тамыз, 2025
«Конституциялық реформа және Қазақстандағы БАҚ дамуы» атты дөңгелек үстел өтті
20 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында БАҚ-тың конституциялық реформаны ілгерілетудегі рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Биыл 100 вокзалды жаңғырту жұмыстары аяқталады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында теміржол вокзалдарын реконструкциялау және жаңғырту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: Шежірелі шаһар түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы
Бүгін, Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хатын жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Тамыз, 2025
Алты мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ауқымды жоба іске қосылды. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 15 Тамыз, 2025
Мерекелік акция аясында 2000 адамға тегін заңгерлік кеңес берілді
ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2025
Су саласы мамандарын Қытайда оқыту жалғасады
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қытайдың ең ірі компанияларының бірінің басшылығымен кездесті. Еліміздің су саласы мамандарын даярлаудың бірлескен бағдарламасын жалғастыру жайы сөз болған кездесуде 2026 жылы да Қытайда курстар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Түркістанда жастарға «Абай жолы» романы тарту етілді
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған поэзия кеші өтті
Әдеби кеш «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік мерекелік шаралар аясында «Абай – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Ұлытаулықтар ұлы ойшыл рухына тағзым етті
Ұлытау облысында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Ұлы Абайды ұлықтау күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара Абай ескерткіші жанында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Тамыз, 2025
Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме өтті
«Ғылым ордасы» РМК Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Мәдени өкілдігімен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет – достық көпірі» атты көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Тамыз, 2025
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанда «Абай» есімді қанша адам бар?
Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толады. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы оның есіміне қатысты қызықты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік жүріп жатыр
2025 жылдың 4-10 тамызы аралығында Ұлытау облысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени-ағартушылық онкүндік өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 05 Тамыз, 2025
«Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Тамыз, 2025
Үкімет спортшыларды марапаттауға 372,6 миллион теңге бөлді
Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Орал қаласының жылу магистралін жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлінді
Премьер-министр Олжас Бектенов Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.