ақы
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Зейнетке қамданбасақ, қартайғанда қиын болады
Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер саны жылдан жылға артып келеді. Олар зейнетақы қорына жарна төлемейтіндіктен, болашақта кедейлікке тап болу қаупі жоғары. Сарапшылар зейнет жасында мемлекетке емес, өз жинағына сенетін күн туатынын ескертеді. Экономист Аман Әлімбаев бұл мәселенің салдарын Сингапур үлгісімен салыстыра отырып түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Шілде, 2025
Бишімбаевтың інісіне жаза жеңілдетілді
Степногорск қалалық соты Бақытжан Байжанованың Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Ардагерлерге 8,5 млрд теңге жәрдемақы төленді
2025 жылы Қазақстанда 80 мыңнан астам ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
2025 жылғы 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талаптарын іске асырылады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Атырау облысында 800-ден астам адамға рақымшылық жасалады
Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен қоғамға қауіпті құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін пилоттық жоба іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Шілде, 2025
Су саласы мамандарының жалақысы 50 пайызға артты
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов су шаруашылығы саласы мамандарының әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Ясауи кесенесіндегі ақылы қызметтер бағасы өзгереді
Қазіргі таңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытуда музейлердің рөлі орасан. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда олардың тиімді жұмыс істеуі тек мемлекеттік қолдауға ғана емес, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін нақты тетіктерге де байланысты. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты 36 мекеменің, соның ішінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ақылы қызметтер бағасын қайта қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Жаңа жүйенің жаңалығы: айып тұрағының әр күні ақылы болуы мүмкін
Енді айып тұрағына түскен көлік үшін жүргізуші әр тәулікке ақы төлеуі мүмкін. Бұған дейін айып тұрағындағы көлікті шығару үшін тиісті айыппұлды төлеу жеткілікті еді. Көлік ұзақ тұрып қалса да, оған қосымша ақы есептелмейтін. Бұл жағдайды өз пайдасына шешіп, айып тұрағын тегін тұрақ ретінде пайдаланып келгендердің қарасы да көбейген. Жол ережесін бұзып, көлігін заңсыз жерде қалдырған азаматтар үшін бұл әділетті жаза болып көрінгенімен, мәселенің екінші жағы бар, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 23 Шілде, 2025
Қай өңірдің тұрғындары ең жоғарғы жалақы алады?
2025 жылдың бірінші тоқсанында елдегі орташа айлық номиналды жалақы 423,1 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 2025 жылдың бірінші тоқсанында елдегі орташа айлық номиналды жалақы 423,1 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Шілде, 2025
«Оян, қазақ!» ізімен» экспедициясы жолға шықты
Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің қызметкерлері Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен…» атты жолсапарға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2025
Биыл президент стипендиясы қалай бөлінді
2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендияларын бөлу тәртібі бекітілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Елімізде 2030 жылға дейін жаңа көші-қон саясаты әзірленеді
Қазақстанда көші-қон үдерістері тұрақты оң көрсеткіштерге ие. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, құжатты іске асыру аясында республикада оң көші-қон сальдосы сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Биыл 5,1 млн жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленді
Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына 464 миллиард теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударды. Бұл жарналар 5,1 миллионнан астам жұмыскерді қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Шілде, 2025
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады
30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азияның үздіктері анықталады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2025
Қазақстандықтар жеті айда 2 трлн теңгеден астам зейнетақы алған
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 98,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 419,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Шілде, 2025
Мұнай компаниясы қызметкерлерге үш ай бойы жалақы төлемеген
Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Шілде, 2025
Биыл 370 мыңға жуық адам жәрдемақымен қамтылған
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер үшін 369,1 мың адамға 437,7 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
4 және 5 баласы бар отбасылар жәрдемақыдан қағылмайды - министрлік
Қазақстанда 4 және 5 балалы отбасылар көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
Бақытбек Сыдықов лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Еліміздегі ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Ел аумағындағы ақылы жолдар саны артып келеді. Алайда кей санаттағы жүргізушілер үшін бұл жолдар тегін екенін бірі білсе, бірі біле қоймайдыдеп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Ойын бизнесі мемлекеттің бақылауында болады
Туризм және спорт министрлігі құмар ойындар нарығын тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге арналған Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған подкастта Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Шілде, 2025
Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай өзі атын алған қаланың көшесіндегі бір ғимараттың қабырғасында ақын бейнеленген мұрал пайда болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Шілде, 2025
Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай өзі атын алған қаланың көшесіндегі бір ғимараттың қабырғасында ақын бейнеленген мұрал пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласында еңбек ететін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысындағы зілзала салдарынан 2 үйге зақым келген
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев фейзбук әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 07 Шілде, 2025
Қытайдағы ШЫҰ елдері кинофестивалінде қазақстандық актер «Үздік актер» жүлдесін иеленді
6 шілдеде Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2025
Табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылар саны 14,5% -ға өсті
Өткен айда Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады. Құжатта елдегі кедейлік деңгейін төмендету үшін әлеуметтік стандарттарды қайта қарау көзделген. 2029 жылы орташа айлық жалақы 573 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 82 мың теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 56 мың теңгені құрайды деп болжануда, деп жазады Egemen.kz..
Спорт • 03 Шілде, 2025
Азия додасында жеңіске жеткен каратэшілер сыйақы алды
Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама каратэшілері 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алып, тарихи жетістік көрсеткені мәлім. Сол Азия додасында жеңіске жеткендерге Қазақстан каратэ федерациясының президенті Евгений Пактың шешімімен арнайы сыйақы табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2025
Қаражат қолданылмаса зейнетақы түсімі тоқтатылады
Соңғы күндері ел ішінде «зейнеткерлер шотынан ақша шешпесе, зейнетақы түсімі тоқтатылады екен» деген әңгіме айтыла бастады. Бұған себеп – Петропавл қаласында орын алған оқиға. 72 жастағы зейнеткердің үш ай бойы банктегі карточкасын пайдаланбауы салдарынан төлем тоқтап қалған. Осы жағдай жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артады
Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.