П
Президент • 24 Қазан, 2025
Бірқатар ғалым мемлекеттік сыйлыққа ие болды
Президент ҚР-ның әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Президент еңбек әулеттері мен жұмысшыларды марапаттады
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 24 Қазан, 2025
Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды
Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына елімізге белгілі балуан Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы • 23 Қазан, 2025
Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида дерегі анықталды
Атырау облысында 9 айда анықталған 8 қаржылық пирамиданың салымшылары 2 мыңнан асқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қазан, 2025
Президент «Хабар» агенттігін 30 жылдық мерейтойымен құттықтады
Республика күні қарсаңында Қазмедиа орталығында «Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қазан, 2025
Шет ауданында заманауи мектеп ашылды
Республика күні қарсаңында Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп өз есігін айқара ашты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков үздік қақпашылардың үштігіне енді
Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп, Sofascore статистикалық порталының ең жоғары 10 балдық бағасын алған санаулы қақпашылардың бірі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қазан, 2025
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі
2026 жылдан іске асырылатын бұл норма жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтын курьерлерді, такси жүргізушілерін, қолөнершілерді және басқа да мамандарды жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2 бала бар
Самара — Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2016 және 2022 жылы туған екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
2025 жылы Отбасы банкінің әрбір үшінші клиенті өмірінде алғаш рет өз баспанасына ие болды
Көптеген қазақстандықтар үшін алғашқы пәтер немесе үй сатып алу – өмірдегі ең маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. Бұл арманға қол жеткізуге азаматтарға Отбасы банк көмектеседі. Жыл басынан бері банктің әрбір үшінші салымшысы алғаш рет өз баспанасын сатып алып, жаңа қоныс иесіне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданында аспаннан белгісіз нәрсе құлады
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылы маңында аспаннан ұшақсыз басқарылатын аппаратқа ұқсас нәрсе құлап, жарылыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 23 Қазан, 2025
Нью-Йоркте Республика күніне орай Қазақстанның туы көтерілді
Манхэттеннің қаржы орталығында ҚР Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп, Нью-Йорк мэриясы бұл күнді ресми түрде «Қазақстан мұрасы күні» деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
«Самара-Шымкент» автокөлік жолының Ақтөбе облысы аумағындағы Белқопа ауылының жанында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соғысып, екі жүргізуші мен 10 жолаушы қайтыс болды деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы полиция департаменті берген мәліметке сүйене отырып.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Қызылорда полицейлері жоғалған жасөспірімді тапты
2025 жылдың 22 қазаны күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы аумағындағы «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолының 1623-1547 шақырымында қызмет атқару кезінде полиция майоры Нариман Рахметов пен полиция аға лейтенанты Әділжан Нұрланұлы жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қазан, 2025
Ел балабақшаларында бүлдіршіндерді кәсіпке баулитын жоба басталды
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 22 Қазан, 2025
Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара өтеді
Маңғыстау облысында 25 қазан - Республика күніне орай 100-ден астам мәдени-спорттық іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2025
«Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты
Қонаевта сүт безі қатерлі ісігіне қарсы айлық аясында «Қызғылт қазан» марафоны өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2025
Қазақстанда таеквондодан (WT) әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан (WT) Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы шешім бүгін Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының Әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми хабарланды.
Білім • 22 Қазан, 2025
Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?
Баспасөз конференциясында мамандар балалар қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан кешенді іс-шараларға тоқталып, бағдарламалардың авторлары, білім саласы қызметкерлері мен азаматтық сектор өкілдері түйткілді мәселе төңірегінде пікірлесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Алматыдағы №4 кітапханаға Мұхтар Әуезовтің есімі берілді
Салтанатты рәсім қалалық әкімдік пен Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 22 Қазан, 2025
1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін орындады
Астанада ауқымды флешмоб өтті. Республика күніне орай Мемлекеттік рәміздер алаңында 1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін шырқады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Ұлын төбелестірген аралдық әке айыппұл арқалады
Жақында ғана әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған екі баланың төбелесі жайлы видео тараған еді. Көрген жұрт жағаласқан екеуді айтақтап тұрған ересек азаматты кінәлаған болатын. Ол төбелесіп жатқан екі баланың бірінің әкесі болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Ақтөбе полициясы отбасылық жанжалдардың себебін атады
Ақтөбе облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша 4 мыңға жуық қоңырау түскен. Сондай-ақ отбасында ұрып-соғу деректері бойынша 187 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Қазан, 2025
Рудный қаласының прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Асқар Бурбаев Рудный қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қазан, 2025
60 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
2025 жылдың басынан бері еліміз бойынша 63 208 педагогке арналған курс ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенцияны қолдайды
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – елдегі ең ірі еңбекшілер бірлестігі ретінде еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде қорғап келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымының №131 «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялауын құптайды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қазан, 2025
Республикалық бюджеттің қамтамасыз етілуі 83,5%-ға дейін өседі
Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қаржы параметрлерінің ағымдағы жағдайы мен алдағы жылдарға арналған болжамдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қазан, 2025
Елімізде жыл соңына дейін тағы 92 мектеп ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерге сәйкес елімізде білім беру жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білім мен ғылымға дейінгі барлық буынның сапасын арттыруға бағытталған ауқымды реформаларды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Қазан, 2025
Финляндия Президенті елімізге ресми сапармен келеді
28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.