Бас
Елбасы • 08 Желтоқсан, 2021
Елордада «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтеді
9 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері мен «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Желтоқсан, 2021
Биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасы мақұлданды
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 07 Желтоқсан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі халықаралық конкурста жеңімпаз атанды
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Абай Отар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында БАҚ қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсының «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» аталымында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ бүгін байқаудың биылғы жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы рақымшылық туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2021
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға асықты
Соңғы үш күнде enpf-otbasy.кz платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға 46 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2021
Полицейлер үшін арнайы тұрғын үй бағдарламалары әзірленеді
ҚР Ішкі істер министрлігі полицейлерге арнайы тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беру үшін «Отбасы банкімен» келісім жасасуға ниетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Желтоқсан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, игіліктер мен оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тәуелсіздік • 06 Желтоқсан, 2021
Елбасы: Береке-бірліктің қадірін білуіміз керек
Нұрсұлтан Назарбаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 06 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық – Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында тәуелсіздікке оңай жолмен қол жеткізбегенімізді, оны қастерлеу керектігін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 06 Желтоқсан, 2021
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізді?
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2021
«Бастауда» қандай картиналардың бағы жанды?
Алматы қаласында IX «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Фестивальдің қазылар алқасы кино мерекесін қорытындылап, бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздарға жүлделерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 05 Желтоқсан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қырымды неге Ресейдің жері деп танымағаны туралы айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақытында Қырымды неге Ресейдің бір бөлшегі ретінде мойындамағаны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президентке еліміздегі заңдылықтардың сақталуы, құқықтық тәртіптің жағдайы және осы кезеңдегі прокуратура органдары жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2021
Баспасөз-2022: Елордада басылымдарға жазылу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында келер жылға басылымдарға жазылу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 03 Желтоқсан, 2021
Отандық киноматографтың дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды
Фархат Әбдірайымов отандық киноматографтың дамуына қосқан үлесі үшін жүлдесімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Президент 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 02 Желтоқсан, 2021
ҚазҰУ студенттері Елбасы туып-өскен ауылға барды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі бастау алды.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2021
Бас дәрігер өзіне 2,5 млн теңге сыйақы тағайындаған
Байқоңыр қаласында көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Желтоқсан, 2021
Алматыда «Бастау» IX Халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті
30 қарашада, Алматыда «Бастау» IX Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің ашылуы өтті. Ресми ашылу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2021
Елбасы суреті бейнеленген жаңа 20 мың теңге айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2021
Елбасы жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады - Бас мүфти
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хан-сұлтандарымыздың арманын орындап, жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Мұндай пікірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 30 Қараша, 2021
Алматыда «Бастау» халықаралық кинофестивалі басталды
Алматыда 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өтетін IХ халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Елбасы • 30 Қараша, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев туралы 8 бөлімді фильм көрсетіледі
Қазақстандық телеарналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың Оливер Стоунға берген сұхбатына негізделген сегіз сериялы фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы Швейцарияның Президентімен келіссөз жүргізді
Женева қаласындағы Әулие Петрдің Кафедралды соборының алдында өткен ресми кездесуден кейін екі елдің басшылары келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы • 30 Қараша, 2021
Елбасының жаһандық бастамалары туралы айтқанда түбі бір түркі дүниесінің ынтымақтастығына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталмай өту мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі сөзіміз осы тақырыпқа арналады.
Елбасы • 30 Қараша, 2021
Елдіктің іргесін бекіткен Елбасы
Талай дүрбелеңді бастан кешіп, азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз жүріп өткен көне сүрлеу бүгінде Тәуелсіздіктің даңғыл жолына айналды. Еліміздің егемендігі бүкіл әлемдегі қазақтардың бірлігін бекемдеген берік іргетасы, жаңа негізі болғаны даусыз.
Елбасы • 30 Қараша, 2021
Тұңғыш Президент күні – жалпыхалықтық мереке
Тұрақтылық пен тұтастықты мемлекеттің мызғымас межесі етіп белгілеп, орнықты дамып, әлемнің озық елдерімен иық теңестірген еліміздің тәуелсіз мемлекет атанғанына ордалы отыз жыл толды. Осындай қысқа мерзімге қарамастан егемендіктің елең-алаңының өтпелі кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі дүние жүзіндегі керегесі кең, терезесі тең мәртебелі мемлекеттер қатарына қосылды. Мемлекеттік шекарамыз шегенделіп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі, мемлекеттің тәуелсіздігі бүкіл әлем қауымдастығы тарапынан толық мойындалды. Осылайша, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы арман-аңсарына айналған ұлы мұраты ХХ ғасырдың соңында жүзеге асты.
Тәуелсіздік • 30 Қараша, 2021
Мен жұмыстан күндегіден кеш келдім. Әдеттегідей «Әй, бұл қайсың?.. Думан, Айкон, Дәу» деп екі-үш немересінің атын еркелете шұбыртып айтып отыратын атам бүгін жым-жырт, үндемейді. Мен үйге кірдім де, ақырын басып төр үйге қарай барсам, атам: «Тәубе – тәубе! Аллаға мың да бір шүкір, қазақтың жарық жұлдызы туды!» деп күбір-сыбыр болып өзімен-өзі сөйлесіп, көзінің жасын сүртіп, «сен бе едің?» дегендей үңірейген көзімен маған бір қарады. Мен жанына таяп барып жақын тұрған орындыққа жайғастым.
Елбасы • 30 Қараша, 2021
XX ғасырдағы 80-жылдарының соңы мен 90-жылдардың басындағы сындарлы оқиғалар сол кезеңдегі халықаралық қарым-қатынастардың биполярлық жүйесін құлдыратты. Сөйтіп, әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Ғаламдық геосаясатта тектоникалық өзгерістермен қатар, Еуразия мен Шығыс Еуропа кеңістігінде бұрыннан қордаланып қалған және жаңадан пайда болған азаматтық және мемлекетаралық қақтығыстар шиеленісе түсті. Сонымен бірге ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм, діни экстремизм, терроризм, есірткінің заңсыз айналымы секілді жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер шыға бастады. Бұл посткеңестік елдерге ғана емес, шартарапта орныққан әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін еді.
Президент • 29 Қараша, 2021
Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.