П
Президент • 28 Қазан, 2025
Президент халықаралық қауіпсіздікке бағытталған заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған заңға қол қойды.
Оқиға • 28 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Самара — Шымкент бағытындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан ауыр жарақат алған 16 жастағы жасөспірім әлі комада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 28 Қазан, 2025
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформа – демократиялық даму жолындағы маңызды қадам
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында Мемлекет басшысы ұсынған парламенттік реформаның мақсаты мен маңызына түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Осал санаттағы отбасылар баспаналы болды
Таяуда Көкшетаудың сексеннен астам тұрғыны баспаналы болды. Жайлы пәтерлер реновация бағдарламасы аясында және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 28 Қазан, 2025
Серіктестік орнатқан стартаптар
Үш күнге созылған Digital Bridge 2025 форумы стартаптар үшін таптырмас алаңға айналды. Техно-жиын аясында әсіресе Silkway Accelerator бағдарламасының Demo Day іс-шарасы ауқымдылығымен ерекше есте қалды. Бұл жобаны Astana Hub пен Google for Startups халықаралық платформасы бірлесіп жүзеге асырып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Тәжен ауылында медициналық пункт ашылды
Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында 25 қазан – республика күні қарсаңында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Президент • 28 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді
Кездесуде Қ.Тоқаев Финляндия Президентінің сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Қарақия ауданында екі жаңа спорт нысаны ашылды
Қарақия ауданының Мұнайшы және Жетібай ауылдарында ангар типіндегі жаңа спорт залдардың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Маңғыстауда заманауи демалыс кешені және балалар лагері ашылды
23 қазанда Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында орналасқан жаңа «Aqqu Resort & Camp» демалыс және қонақ үй кешені ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Республика күнінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа білім беру нысандары ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2025
Бектенов Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне 2026 жылдың соңына дейін энергетика салаларында Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды. Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмалары аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Химия пәнінен халықаралық олимпиада басталды
Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театрында Қаныш Сәтбаев атындағы 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Халықаралық олимпиада 27 қазан - 1 қараша аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Қазан, 2025
Әкім кубогы «Байзаққа» бұйырды
«Достық» стадионында әуесқой футбол командалары арасындағы «Тараз қаласы әкімінің Кубогы – 2025» турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 26 Қазан, 2025
Жетісуда «Ақылды полиция» жүйесі іске қосылды
Жетісу облысының Қаратал ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кіші жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Нысанның құрылысына 320 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Ирландия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Кэтрин Конноллиді Ирландия президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Жетісуда 25 нысан пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 25 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Алматы облысында Республика күні ерекше форматта аталып өтті
Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған ерекше көріністі тамашалау үшін Орталық алаңға 15 мыңға жуық адам жиналды. Әуеде 550 дронның көмегімен ерекше композициялар көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстанның көк туымен көмкерілді
Әлемнің ең биік ғимараты – Бурдж-Халифа биігінен Қазақстанның көк туы желбіреді. Көк байрағымыз бейнеленген сәтте мемлекеттік Әнұранымыз да шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қазан, 2025
Белбасарда көкпар алаңы ашылды
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында көкпар ойынынан додалар өткізуге арналған жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда Мемлекет басшысының Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.
Аймақтар • 25 Қазан, 2025
Жетісуда Республика күніне орай 35 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Бүгін Республика күніне арналған салтанатты жиында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің 35 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапаттар ел тәуелсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді. Шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2025
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тағайындау • 25 Қазан, 2025
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәдениет • 25 Қазан, 2025
Алматыда мәдениет пен ақпарат саласының майталмандары марапатталды
Бүгін Алматы қаласында Республика Күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен салтанатты шарада мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, архив пен кітапхана ісінің өкілдері тоғысып, мерейлі сәттерді бастарынан өткерді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2025
Мерекеге орай Қазақстанда 200-ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысан ашылуда
Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі, деп жазады Egemen.kz.