ру
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Елордада «Егемен Қазақстан: Жастар Дауысы» атты форум өтті
Maqsut Narikbayev University-де Республика күніне орай «Егемен Қазақстан: Жастар Дауысы» атты форум өтті. Аталған іс-шараны Конституциялық және саяси зерттеулер институты ұйымдастырды. Форумның мақсаты – әртүрлі буын заңгерлеріне Қазақстанның егеменді дамуының өзекті мәселелерін және құқықты интерактивті платформада талқылауға мүмкіндік беру.
Президент • 24 Қазан, 2023
Азаттықпен бірге ұлттың рухы көтерілді – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде еліміздің басты мейрамы Республика күнімен құттықтап, ел болып ұйысудағы басты құндылықтарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қазан, 2023
Веломарафоншы Республика күніне орай 106 шақырымды 6 сағатта жүріп өтті
Журналист, аудармашы, веломарафоншы Ернат Мелсұлы Республика күніне орай Астана қаласында 106 шақырымды басып өтті. Түркияның Қазақстандағы Елшілігі ғимараты маңынан басталған 106 шақырымдық марафонды әріптесіміз 6 сағатта өндірді.
Әскер • 22 Қазан, 2023
Қарулы күштер өкілдері соғыс ардагерін құттықтады
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс және Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев пен полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев екінші дүниежүзілік соғысының ардагері 96 жастағы Әбжаппар Дайрабайұлын келе жатқан айтулы мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құтқарушыларға жаңа техникалардың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Елордада Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды
Астанада №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
«Өрт болған жерге асыққанда, жол бермейтіндер көп кедергі келтіреді» – Манас Қайырханұлы
Бүгін – адамдарға қашанда көмек қолын созуға әзір Құтқарушылар күні. Айтулы мереке қарсаңында олардың жанкешті еңбегін қалай айтсақ та жарасады. Бақсақ бұл күні көбіне өрт сөндіруші-құтқарушылар туралы көп айтылады. Ал өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері тасада қалып қойып жатады. Бұл олқылықтың орнын толтырмасқа болмас деп апат орнына дереу жеткізетін жүргізушінің бірі азаматтық қорғау сержанты Манас Қайырханұлымен әңгімелесіп көрдік.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Америка азаматы кіші жүз руларын жаттап, қазақ тілін үйреніп жүр
Америка азаматы Хамиш Паулс қазақ халқының ру тармақтары мен этникалық құрамы жайында жақсы біледі. Ол Кіші жүздің 4 тайпасын, 31 руын түгел жаттап алыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс - Президент
Мемлекет басшысы ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қазан, 2023
«Жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді» - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Қазан, 2023
Астанада ерлікпен қаза тапқан құтқарушылар ұлықталды
Бүгін Астанадағы Құтқарушылар аллеясында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу рәсімі өтіп, гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды
Құтқарушылар күні қарсаңында кеше Астанадағы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: «Цифрлық Жібек жолы» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумында сөйлеген сөзінде аса ірі жоба – Транскаспий халықаралық көлік бағытының ерекше рөліне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қазан, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір белдеу, бір жол» 150 елді жолмен жалғап отыр
Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады
Жуырда 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 16 Қазан, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысы мен батысындағы гарнизондарда болды
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әкімдермен кездесіп, әскери бөлімдер мен мекемелердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді.
Қазақстан • 16 Қазан, 2023
Қазақстан құтқарушылары Ауғанстаннан оралды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісі салдарын жоюға жәрдемдесу үшін Ауғанстанға барған Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қазан, 2023
Моңғолияның үздік дәрігері атанған тұңғыш қазақ
Нұрбек Бабанұлы – Моңғолияның қазағы. Қазір Ұлан-Батыр қаласында тұрады. Отызында орда бұзған Бабанның баласын бүгінде тек Моңғолия мемлекеті ғана емес, әлемнің бірнеше елі білікті нейрохирург, көп маманнның тісі бата бермейтін күрделі отаны сәтті жасайтын дәрігер деп таниды. Ол бүгінде Моңғолиядағы нейрохирургиялық аурухананың жетекші меңгерушісі. Қарауында 15-ке тарта қызметкері бар. Жас та болса біліктілігімен әлемнің озық елдерінде тәжірибесін бөлісіп жүрген маманмен дидарласып сұхбаттасудың орайы туды.
Сенат • 13 Қазан, 2023
Жастар Сенат Төрағасына қандай уәж айтты?
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақ жастарын біріктіретін қауымдастықтың мүшелері Астанада өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін арнайы келген, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Қазан, 2023
ЖРВИ ішіндегі ең қауіпті вирус - тұмау
Эпидемия маусымының бірінші аптасында елорда тұрғындары арасында ЖРВИ-дің 12 876 жағдайы тіркелсе, алдыңғы эпидемиялық маусымның осы кезеңінде 7 146 жағдай тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қазан, 2023
Ауғанстанда Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан баланың денесін тапты
Ауғанстанда Қазақстан құтқарушылары қираған үйінділердің астынан 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 12 Қазан, 2023
Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумының бас пленарлық отырысынан кейін ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Президент: Жасанды интеллектіні дамыту үшін стратегиялық құжат қабылдау керек
Мемлекет басшысы Digital Bridge форумындағы баяндамасы барысында жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қазан, 2023
Президент «Отандастар» форумына қатысушыларға үндеу жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды «Отандастар» форумының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қазан, 2023
Қандастарымыздың генетикалық жады оянып жатыр - Сәуле Таикешева
Ресей Федерациясындағы «Қазақ тілі» халықаралық орталығы» өкілдігінің төрайымы Сәуле Таикешева Ресейдегі қандастардың елге деген қызығушылығы арта түскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қазан, 2023
Садия Сүрер: Мұндай форум тамырластыра түседі
Бүгін Астанада «Отандастар - 2023» форумы басталды. Әлемнің 40-тан астам елінен келген 200-ге тарта отандас бауырлар әр тақырыпта ой бөліспек, деп хабарлайды Egemen.kz Отандастар қорына сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қазан, 2023
Қандастарға арналған спорттық және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды
Ертең Астанада «ОТАНДАСТАР форумы» өтеді. Оған 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қазан, 2023
Құтқарушылар құрамы Ауғанстанға көмекке кетті
Президенттің арнайы тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2023
Алматының әлеуметтік нысандарына жылу беріле бастады
Алматыдағы мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханаларға жылу беріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.