ат
Медицина • 23 Маусым, 2020
Ер адамдар коронавируспен күресте донор бола алады
Әлемді дүрбелеңге салған пандиямияны емдеу бойынша әртүрлі вакциналарды ойлап тауып жатыр. Англия зерттеушілерінің мынадай қызық ақпаратымен бөліспекпіз. Коронавирусқа шалдыққан ер адамдардың қанынан плазманы емдік зерттеулерде қолдану үшін кеңес береді. Бұл туралы BBC News агенттігіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Президент • 23 Маусым, 2020
Трамп Мемлекет басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Ел көлемінде "Біз біргеміз" онлайн-форумы және коронавирусқа қарсы күресте қажырлы еңбек етіп келе жатқан азаматтарды "Халық алғысы" медалімен марапаттау рәсімі өткізілгені мәлім. Жалпыұлттық онлайн форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді. Осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған "Халық алғысы" атты медальді тапсырды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Алматыда жағдайы ауыр науқастар көбейіп жатыр - Бас дәрігер
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы жан-жақты баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Алматылық меценаттар мен волонтерлар "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Республикалық Biz Birgemiz онлайн-форумының барысында COVID-19-бен күресте ерекше белсенділік танытқандардың еңбектері аталып өтті, олардың арасында дәрігерлер, полиция қызметкерлері, волонтерлар мен журналистер бар, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Алматының Бас дәрігері коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды
Полиция қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел іс-шарасы кезінде өзбекстандық азаматты есірткімен қолға түсірді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Алдағы жылыту маусымында көмір тапшылығы болмайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалағымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын баяндады, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты
Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия елге келетін круиздік кемелерге тыйым салуды ұзартатындығын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев өмірден озды
Саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім алуына арнаған білікті ұстаз Құсиын Айтқалиев биыл 90 жасқа толар еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Маусым, 2020
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz.
Білім • 22 Маусым, 2020
Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Eurosert сертификаты берілді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Парасат" орталығы ашылған сәттен бастап, жаңадан құрылған құрылымның алдына қойылған басты міндеттердің бірі - ИСО 37001-2016 жылғы халықаралық стандарт талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесін (СЖҚМЖ) әзірлеу және енгізу болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Шахматшылардың онлайн-турнирі жалғасуда
Шахматтан Норвегияның мақтанышы, әлем чемпионы Магнус Карлсеннің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Chessable Masters онлайн-турнирі жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда 500-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелген
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық қылмыстардың 300-ге жуығы интернет арқылы жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Талибан 14 ауған тұтқынын босатты
"Талибан" радикалдық ұйымы 14 ауған тұтқынын босатты, деп мәлімдеді Катардағы қозғалыс саяси кеңсесінің өкілі Сухейл Шахин. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Таразда бірқатар нысандар қайта жаңғыртылады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Ол әуелі "Март" сауда және ойын-сауық орталығының жанында орналасқан "Арбат" жаяу жүргіншілер жолының үшінші кезеңінің құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Алматыда індетке тест тапсыратын зертханалардың жұмысы күшейтілді
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде Комиссия құрылды. Әкімдік жанындағы комиссия коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, COVID-19 таралуына жол бермеу үшін қосымша шараларды қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Қымбатшылық қалтаны тарылтып тұр
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй құрылысын жүргізуде Көкшетау қаласы мен Ерейментау ауданында бірқатар түйткілдер анықталып отыр. Бұл мәселе облыстық "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 22 Маусым, 2020
Амандық Баталов коронавирус жұқтырды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирусқа байланысты оқшауланды. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргіншілер жолына айналады
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүретін аймақтар құру жөніндегі қанатқақты жобаның қолға алынатынын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Елбасы • 21 Маусым, 2020
Сербия Президенті Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 21 Маусым, 2020
Елбасының атына Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түсті
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады, - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Алматыда екі күн қатарынан ауқымды дезинфекция жүріп жатыр
Бүгін, 21 маусым күні таңғы 08:00-де адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды дезинфекциялаудың екінші күні басталды. Жұмыстарды бүгін сағ. 18:00-де аяқтау жоспарлануда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Маусым, 2020
Алматыда ҰБТ қалай өтіп жатыр?
Бүгін, яғни 21 маусымнан елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биыл тестілеуді тапсыруға 131 755 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 6,5 мың адам тест тапсырады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Маусым, 2020
Алматыда пандемия кезінде ҰБТ тапсыру пункттерінің дайындығы қандай?
21 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізінде ҰБТ тапсырудың бірінші легі өтеді. 235 адам тест тапсыратыны аян, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 20 Маусым, 2020
Елбасының атына Си Цзиньпиннен жеделхат келіп түсті
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2020
Алматыда карантиндік шаралар күшейтілді
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3292 оқиғасы тіркелді, ал соңғы екі аптада қалада ауыру деңгейінің екі есе көбейгені байқалған. Соған байланысты инфекцияның одан ары таралуын болдырмау мақсатында осыған дейін жүзеге асырылып жатқан шараларға қосымша шаралар қабылданды. Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қосымша шаралардың қажеттілігін түсіндіріп, қала тұрғындарының өзіндік тәртіп сақтауының маңыздылығын тағы да еске салып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.