ат
Парламент • 19 Тамыз, 2025
Ауыл халқы өзекті мәселелерін депутатқа жеткізді
Бүгін Мәжіліс депутаты, ЖСДП төрағасы, фракция жетекшісі Асхат Рақымжанов Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусовка ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың инфрақұрылымға қатысты көтерген мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 19 Тамыз, 2025
Депутат Алакөл жағалауындағы жағдаймен танысты
Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс орындарының қазіргі жағдайымен танысты. Облыс құрылғалы Алакөл ауданына 4,8 млн астам турист келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Алматы - Түркі әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы атанды
18 тамызда Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2025
Елімізде агроклиматтық полигон құрылады
Парниктік газдардың кесірінен ғаламдық климаттың өзгеруі жер бетіндегі барлық мемлекетте өзекті мәселеге айналып отыр. Әр ел түйткілдің түйінін тарқатудың өзінше жолын ұстанып келеді. Соның ішінде Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға қарай бөлінділерді 325 млн тонна СО₂-ға дейін қысқарту көзделген, бұл міндетті орындауда агросектордың белсенді ат салысуы қатысуы қажет. Ал ауыл шаруашылығы еліміздегі парниктік газдардың екінші ірі көзі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: Шежірелі шаһар түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы
Бүгін, Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хатын жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Қазақстан 456 теміржол локомотивін сатып алады
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтты. Бүгінгі таңда елімізде 1,9 мың локомотив бар, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Тамыз, 2025
Вашингтонда тарихи келіссөз аяқталды
18 тамызда Вашингтонда Украина президенті Владимир Зеленский, АҚШ президенті Дональд Трамп және Еуропаның жеті елінің жетекшісі кездесті. Ақ үйдегі келіссөздер Украинадағы соғысты тоқтату жолдары мен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталады
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Тамыз, 2025
Алты мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ауқымды жоба іске қосылды. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 18 Тамыз, 2025
Алматы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды
Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Тамыз, 2025
Аpple кейбір Apple Watch үлгілерінде қандағы оттегін өлшеу функциясын қайта қосты
Apple компаниясы Apple Watch смарт-сағаттарының кейбір үлгілерінде қандағы оттегін өлшеу функциясын қайта іске қосатынын ресми мәлімдеді. Бұл мүмкіндік Watch Series 8, Series 10 және Apple Watch Ultra моделінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Ләззат Танысбай «Еуразия» телеарнасының басшысы болып тағайындалды
Белгілі журналист Ләззат Танысбай «Еуразия» бірінші арнасын басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Тамыз, 2025
Астанада жүргізуші жол жұмысшысын қағып өлтірді
Елордада Сарайшық көпірінде түнде жол-көлік оқиғасы болып, жүргізуші екі жол жұмысшысын қағып кетті. Соның салдарынан 37 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионатында алтын жүлде алды
Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 18 Тамыз, 2025
Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды – конкурсқа дайындық басталды
18 тамыз – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстарына кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасын қабылдады
Кездесу барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының өзекті мәселелері парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Өзбекстан Сенатының төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 18 Тамыз, 2025
Түркістан облысында 2500-ге жуық спортшы шахматпен тұрақты айналысады
Түркістан облысында ауылдық елді мекендерде шахмат үйірмелерін көбейту мақсатында мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер желісі дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Велотректен ел чемпионаты басталды
Спорттың бұл түрінен ел біріншілігі Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Өзбекстан Сенатының төрағасы ресми сапармен елімізге келді
Қазақстанға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Тамыз, 2025
Елімізде мал азығын әзірлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Қысқы маусымға дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Бүгінде 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Тамыз, 2025
Жұмысынан айырылған 244 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алған
Оларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 73,2 млрд теңге төленген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Ақжүрек Таңатаров Алматы облысы спорт басқармасының басшысы болды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Ұлттық спорт жаңаша дамып келеді
Ұлттық спорт – халықтың болмысын, мінезін және рухын айқын көрсететін айна. Қазақ күресі мен дәстүрлі садақ ату – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұра, бүгінгі ұрпақтың мақтанышына айналған өнер. Уақыт өткен сайын бұл спорт түрлері тек ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып келеді. Еліміздің мақтанышы атанған балуандар мен мергендер жетістіктері арқылы ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатады.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы – Мақсат Шотаев
Ұлттық ойындарымыздың ішінде тоғызқұмалақ бүгінде әлемнің 30-дан астам елінде кеңінен танымал. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық мұрасы, ой мен зердені шыңдайтын зияткерлік мектеп. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тоғызқұмалақтың дамуына жанашырлықпен атсалысып келе жатқан аға жаттықтырушы, осы саланың көрнекті өкілдерінің бірі Мақсат Шотаевпен Спорт күні қарсаңында сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2025
Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Тамыз, 2025
Маңғыстауда алғаш рет «Ақ Мая Fest» шұбат фестивалі өтті
16 тамыз күні Маңғыстауда ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін «Ақ Мая Fest» атты шұбат фестивалі өтті. Тұмса табиғатына талайды тамсындырған Айрақты етегіндегі фестивальге 15 мыңға жуық халық жиналды. Оның қатарында Ресей, Франция, Қырғызстан, Англия және Еуропаның бірнеше қалаларынан келген туристтер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Тамыз, 2025
Астанадағы жаңа Тәуелсіздік сарайында өткен тамыз конференциясында Президент Қ.Тоқаев Петропавл қаласындағы №4-ші мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Әбілемоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» жоғары атағын берді, деп жазады Egemen.kz.