ас
Қазақстан • 09 Шілде, 2025
Елімізде алғаш рет жер асты су қорларына цифрландыру жасалды
Алматы қаласында ғалымдар Қазақстан тарихында алғаш рет гидрогеологиялық карталардың атласын –еліміздің жер асты сулары туралы негізгі деректерді біріктіретін цифрлық геоақпараттық жүйені таныстырды. Бұл сандық платформа су ресурстарын тиімді басқаруға, әсіресе құрғақшылық жағдайында тұщы судың тапшылығын шешу жөнінде тиісті шешімдер қабылдауға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласында еңбек ететін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Шілде, 2025
«Үздік педагогке» 3,9 миллион теңге беріледі
Елімізде ұстаздарды қолдауға бағытталған «Үздік педагог» байқауы басталды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы табысталады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 08 Шілде, 2025
Астанада 73,5 миллион теңге пара беру ісіне қатысты үкім шықты
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73,5 миллион теңге көлеміндегі пара ісіне қатысты үкім жарияланды. Сот үш адамды Ж., К. және О.-ны кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Өзбекcтандық файтер Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін UFC on ABC 9 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Атырауда мопедпен автобусқа соғылған жасөспірім көз жұмды
Атырау облысының Құлсары қаласында қоғамдық көлік пен мопед соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедті айдаған жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Президент жұмысшы жастарды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөледі – Қошанов
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің «Бір толқында» диалог алаңының жұмысына қатысты. Шығыс Қазақстан облысының Горная Ульбинка ауылында еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық делегат бас қосты. Сондай-ақ іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі қаза тапты
Елордада бір тәуліктің ішінде төрт бала көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың екеуі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Қытай 74 елге визасыз режим енгізді
Қытай шетелдік туристерді тарту және елдің халықаралық беделін арттыру мақсатында 74 мемлекеттің азаматтарына 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат берді. Бұл туралы ҚХР Ұлттық көші-қон қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Депутаттар Қызылордада салынып жатқан стадион құрылысымен танысты
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев өңірлерге жұмыс сапары барысында Қызылордаға барды. Онда UEFA стандартына сай салынып жатқан стадион құрылысымен танысты. Футболшылармен кездескен депутаттар олардың ұсыныс-пікірін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы ICAO кеңесінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 08 Шілде, 2025
Сүт шаруашылығында бұрын-соңды болмаған өсім тіркелді
Бүгін Үкімет отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау және өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен тарату мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
12 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Дубайдан елге қайтарылды
Қазақстан құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Есмағамбетова облыс әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 08 Шілде, 2025
Ауыл мектептерінің әлеуеті артып келеді
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздеген «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы 2023 жылы басталғаны мәлім. Елімізде мектептердің 70 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан және көбі шағын жинақты мектептер, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Астанада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Жол-көлік оқиғасы Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2025
Қостанай әкімдігі ерекше қажеттілігі бар адамға сапасы нашар пәтер берген
Ерекше қажеттілігі бар ер адам әкімдіктің берген пәтері өмір сүруге жарамсыз екенін айтып, шағымданды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Шілде, 2025
Әлихан Әскербай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Шілде, 2025
Ұлттық домбыра мерекесі мен Астана күні елорда Жерұйық саябағындағы күйші Дина ескерткішінің қасында ұлы жыраулар мен жыршылар есімі қашалған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. "Ғасырлар үні" атты ескерткіштің ашылуына Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, жыршы, жырау Алмас Алматов бастаған руханият өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Шілде, 2025
Ұлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени шараға 20 000-нан астам қонақ жиналды
6 шілде күні Астананың жүрегінде, Атырау көпірінде Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мәдени шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Шілде, 2025
АҚШ-тың Техас штатында су тасқынынан 24 адам қаза тауып жүздеген адам жоғалып кетті
АҚШ-тың Техас штатында күшті су тасқыны салдарынан 24 адам қаза тапты. Христиандық жазғы қыздар лагерінде кемінде 20 тәрбиеленуші хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Egemen.kz New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 06 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Шілде, 2025
Бүгін астаналықтарды қандай мерекелік шаралар күтіп тұр?
Бүгін — Астана күні. Соған орай, қалада 100-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған Астана қаласы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы қала қонақтарын қандай тосын сыйлар күтіп тұрғанын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Шілде, 2025
Он жылға жас болып көрінудің қарапайым жолы қандай?
Тиімді әрі арзан жолмен жас көрінгісі келетіндерге биологиялық жасты 10 жылға дейін жасарту үшін қымбат процедураларға жүгінудің қажеті жоқ. Ең бастысы - дұрыс тамақтану, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Шілде, 2025
Астанада тағы бір жаңа аудан пайда болуы мүмкін
Мұндай қарқынмен таяу арада бас қалаға тағы бір ауданды құруға тура келмек. Бұл туралы қала белсендісі, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Шілде, 2025
Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті — Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаттары Астанадағы балаларды қолдау орталығына барды
Өңірлерге жасалған жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов пен «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Снежанна Имашева Астана қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барды. Депутаттар балалардың өмір сүру жағдайларымен, тәрбиелік жұмыстардың ұйымдастырылуымен және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмекпен танысты,деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Шілде, 2025
«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жалғасып жатыр
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, Жаңа форматтағы жобаға іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен, тестілеуге 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 04 Шілде, 2025
Астанада Арыс көпірі ішінара жабылады
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы ел азаматтарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.