Ұры
Қазақстан • 19 Тамыз, 2025
Автожол жобалары «Цифрлық теңге» арқылы қаржыландырылады
Елімізде автожол саласындағы барлық жобалар «Цифрлық теңге» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Тамыз, 2025
Астанада LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды
City Transportation Systems (CTS) компаниясы LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Тамыз, 2025
Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Тамыз, 2025
Отандық ғалымдар су электр стансасын жасады
Еліміздің зерттеушілері құрастырған шағын су электр стансасы сынақтан өтті. Қондырғы жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіретін кәсіпорынға орнатылды. Станса тот баспайтын болаттан жасалған және толықтай герметикалық, коррозияға төзімді қаптамамен қорғалған. Құрал ерітінді жүретін құбырға тікелей орнатылады да, ағын қозғалысынан электр энергиясын өндіреді, тіпті агрессивті ортада да жұмыс істей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 12 Тамыз, 2025
Астанада құрылыс нысандарына рейд жүргізілді
Елордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында құрылыс нысандары бойынша рейд өтті. Іс-шара Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Полиция департаменті және аудандық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Тамыз, 2025
Биыл елімізде 77 газдандыру жобасы аяқталады
Ауылдағы өмір сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды тетігі іспетті газдандыру жұмыстары өңірлерде белсенді жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Тамыз, 2025
Премьер-министр мектептердің құрылысын созып жібергендерді сынға алды
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселе қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құмырсқаның илеуінен құрылыс нысанына дейін
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адам зәузаты табиғат тылсымын ұғып, шикі асты құнарға, құр тасты құралға айналдыруды үйренген сәттен бастап, өзіне жайлы мекен жасауға бейімделе берді. Құмырсқаның илеу қазып, қарлығыштың ұя салғанын көрген арғы нәсіліміз баспана маңызын ұғына түсті.Тарих тамырына үңілсек, Африкадағы Олдувей шатқалында адамдар лава кесектерінен тегіс алаң жасап, алғашқы құрылыс әрекетін осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын жүзеге асырған көрінеді. Ал қазіргі қазақ даласындағы алғашқы құрылыс та тым ерте, біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын Ботай қонысында басталған. Осы уақытта бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, балшық пен ағаштан жасалған үйлерді тұрғызып үлгерген. Дәуір доңғалағы айналып, жаңа заманға жеткізген қазіргі күнде де еліміздегі құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Қала жаңарып, ауыл түлеп, инфрақұрылым кеңейіп жатқан тұста бұл саланың жүгін арқалап жүрген мамандардың еңбегі ерен.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құрылыс саласының бүгінгі келбеті мен еңбек адамының үні
Соңғы жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Миллиондаған шаршы метр баспана салынып, мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бірақ сол үйлердің іргесін қалаған қарапайым еңбек адамдары – құрылысшылардың еңбегі жиі көлеңкеде қалып жатады. Бұл жолы Egemen.kz тілшісі құрылыс саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан құрылысшы Бейсенбаев Дулат Төкенұлымен сөйлесіп, саланың ішкі сыры мен жұмысшының жан дүниесіне үңілдік.
Мереке • 10 Тамыз, 2025
Тамыз айының әр екінші жексенбісінде Құрылысшы күні аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 09 Тамыз, 2025
Құрылысшылар күні қарсаңында Орал қаласында құрылыс материалдарының көрмесі өтті. Бұл күні құрылыс саласындағы жергілікті компаниялар өз өнімдерін халық назарына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 09 Тамыз, 2025
Үш жүзден ән оздырған сал Мұхиттың туған жері – Қаратөбеге барған адамды ауылдың кіреберісінде алып домбыра мүсіні мен «Құт дарып, кие қонған Қаратөбем» деген өлең жолы қарсы алады.
Инфрақұрылым • 09 Тамыз, 2025
Павлодар қаласының көшелеріндегі су колонкалары алынады
Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
АЭС құрылысының алғашқы қадамы басталды
Атом энергиясы жөніндегі агеттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгін Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасының құрылысына бағытталған инженерлік-іздестіру жұмыстары басталғанын жариялады. Үлкен ауылында өтіп жатқан іс-шараға агенттіктің шетелдік серіктестері, отандық ғалым-мамандар, Алматы қаласындағы MEPhI филиалының студенттері, болашақ атом саласы инженерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Үкімет • 08 Тамыз, 2025
Биыл 111 мектеп, 17 балабақша, 31 денсаулық сақтау нысаны салынған
Құрылыс саласы – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Аталған салада Президент тапсырмалары орындалып, тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, жеке сектор ынталандырылып, құрылыс индустриясы дамып әрі кешенді мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Тамыз, 2025
Жамбыл өңіріндегі көптеген ғимарат «Бином» ЖШС мамандарының табанды еңбегінің арқасында бой көтергені белгілі. 1998 жылы байырғы «Агроқұрылыс» АҚ базасында құрылған компанияда әуелі 50 адам еңбек еткен. Ол кезде мұнда 10 ғана техника болыпты. Тынымсыз ізденістің ізіне түскен серіктестік басшылығы жыл жылыстаған сайын техникалық базасын нығайтып, өңірдегі әлеуетті де жетекші құрылыс компанияларының санатына қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 08 Тамыз, 2025
Құрылысшыларға мемлекеттік наградалар табысталды
Құрылысшы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған
Атырау қалалық прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы талқыланды
Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Tianjin Youfa Group» компаниясы бас директорының орынбасары Ли Сяндунмен және «Hong Kong Friend International Cooperation» компаниясы бас директорының орынбасары Сан Вэнксумен кездесті. Жиында болат құбырлар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Қызылордада заңсыз құрылыстар бұзылды
Облыс әкімінің тапсырмасымен Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды. Топ осы күні облыс аумағында құрылысы жүріп жатқан 555 кәсіпкерлік нысанға қатысты құжаттарды қарау үстінде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Тамыз, 2025
Теміржол инфрақұрылымын кеңейту: жаңа маршруттар және жаңғырту
Қазақстанда жалпы ұзындығы 1 300 км ауқымды теміржол жобаларының кешені іске асырылуда.
Үкімет • 01 Тамыз, 2025
Вице-министр Қызылорда шаруаларымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектеновпен бірлескен жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып, жергілікті шаруалармен кездесулер өткізді. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Сырдария, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарындағы шаруа қожалықтарына барып, ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Салық реформасы құрылыс нарығын қалай өзгертеді?
Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін ірі құрылыс компанияларының бизнесті бірнеше бөлікке бөліп, салық жүктемесін азайту арқылы қосымша табыс табуы тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 27 Шілде, 2025
Алматыда тағы бір көшенің учаскелері біраз уақытқа жабылады
Алматыда Бөгенбай батыр көшесінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 26 Шілде, 2025
Алакөлде 2 мыңға жуық тұрғын үй кезегінде тұр
2024 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғындарды тұрғын үй кезегіне қою және үй беру құзыреті жергілікті әкімдіктерден «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Ауыл • 26 Шілде, 2025
Белбасарда мәдениет үйі пайдалануға берілді
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында 100 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 21 Шілде, 2025
Биыл Ақтөбе облысында 464 шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жаңартылады
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылдың алғашқы жарты жылында атқарған жұмыстарын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 20 Шілде, 2025
Астанада Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Шілде, 2025
Астанада 12 автобустың бағыты өзгерді
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
Төтенше жағдай • 19 Шілде, 2025
Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапты
Астана қаласы Тұрар Рысқұлов көшесі 18/5 үй мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран аударылып қалды, деп жазады Egemen.kz.