Ұлт
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Президент: Абай облысында АЭС салу перспективасын ескеру керек
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қазір жер қойнауын игерушілер өз табысының бір пайызын ғылымды дамытуға бөліп жатқанына мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Америкалық нарықтың 24 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді - Тоқаев
Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бүгінгі жиынында атом саласын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Президент Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен технология барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан ұрпақтары жастармен жүздесті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының ұйымдастыруымен «Күш лекциясы» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 24 Қыркүйек, 2025
Теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды
Ұлттық банк сынақ алаңы аясында теңгеге тіркелген алғашқы стейблкоинді шығарды. Жоба Intebix биржасы, Solana блокчейн-платформасы, Mastercard және Еуразиялық банктің серіктестігімен жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Грек-рим күресінен 26 жыл аңсаған алтынды тарту еткен Айдос Сұлтанғали елге оралды
Астана әуежайында Загребте өткен әлем чемпионатында алтыннан олжа салған Айдос Сұлтанғали мен құрама спортшыларын жанкүйерлер қошаметпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 22 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы қандай ұлттық парктерге туристер жиі барады
Осы жылдың 7 айында Қазақстанның ұлттық парктеріне 2 миллионға жуық турист саяхаттаған. Келушілер саны бойынша «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі көш бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Президент грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады
Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әскер • 21 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның офицері екінші рет адам өмірін сақтап қалды
Капитан Рүстем Әбішев Астана қаласындағы аулалардың бірінде денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа көмек қолын созды. Оның жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалды. Бұл оның адам өміріне екінші рет араша түсуі, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 19 Қыркүйек, 2025
Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жобасы талқыланды
Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің, мердігер ұйымдардың және ЭКСЖ жеткізушілерінің 250 өкілі қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Архив • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік архивтерге ұлттық мәртебе беріледі
Бүгін Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттар республикалық мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебесін беру мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық архив қоры жаңа құжаттармен толығады
Бүгін Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасына қызметтік автокөліктер табысталды
Жеке құрамға 32 жаңа қызметтік автокөліктің кілті берілді. Су жаңа көлік иеленген Ұлттық ұланның жүргізушілері кәсіби шеберліктерін ерекше тәсілмен көрсетті. Олар саптық алаңда автокөліктердің көмегімен күзгі вальс орындады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан қызметкері панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды
Астанада 16–18 қыркүйек аралығында панкратионнан Amateur MMA бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, «BURKIT TEAM» клубының спортшысы Нұрғали Нұрғайпұлы қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 16 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Қыркүйек, 2025
Үздік кинологтар Ұлттық ұланның біріншілігінде анықталады
Петропавл қаласында қызметтік иттерді үйретуші кинологтардың арасында Ұлттық Ұланның біріншілігі өтіп жатыр. Оған республикамыздың 5 өңірінен 20-ға жуық кинологтар қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы ұлттық реттеу жүйесін ДДСҰ сарапшылары бағалайды
Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясы елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеу жүйесіне кешенді талдау жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжілісмен ауылдарды сақтап қалу үшін ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанда соңғы жиырма жылда 1 400-ден астам ауыл жойылып, тағы 500 елді мекен «перспективасы жоқ» деп танылды. Ауыл халқының азаюы, жастардың қалаға көшуі мен инфрақұрылым тапшылығы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Серік Егізбаев осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ұландықтар қарулы жасөспірімді құрықтады
Өскемен қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері полиция қызметкерімен бірлесіп, травматикалық тапанша алып жүрген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 07 Қыркүйек, 2025
Теміртауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік қағып кеткен 10 жастағы жасөспірімге көмектесті.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
«Ұлттық диктант» жобасы басталды
2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» атты республикалық конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 04 Қыркүйек, 2025
Ескі 5000 теңгелік банкноттар айналымнан шыға ма
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде ескі үлгідегі 5000 теңгелік купюралардың айналымнан шығарылатыны туралы пікірлер көбейді. Бас банк басшысы Тимур Сүлейменов отандастарымызды алаңдатқан сұраққа жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның сарбазы грант иеленді
Әділхан Серік Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін өтей жүріп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды - Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның банк жүйесінде шамамен 8 трлн теңге артық өтімді ақша жиналып қалғанын, артық ақшаның 3,5 трлн теңгеге дейінгі бөлігін, яғни 40%-дан астамын, ең төменгі резервтік талаптарды (ЕРТ) қатаңдату тетігі арқылы алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Тамыз, 2025
Ұлттық банк интервенцияның барлық кезде тиімді болмайтынын ашып айтты
Тамыз айының басында Ұлттық банк 125 миллион долларға валюталық интервенция жасады, бұл бағамды төмендетуге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 29 Тамыз, 2025
Ұлттық банк банктерден қарызды қайтарудың тетігін тапты
2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілгенін білесіздер. Бұл көмек банк акционерлері де ортақ жауапкершілікке ие болады деген талаппен берілді. Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген, деп жазады Egemen.kz.