қыз
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында әскери қызметкер қаза тапты
7 қазан күні шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде оқыс оқиға орын алып, мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген қызметкер қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Питер Фостер Air Astana компаниясындағы бас директор қызметінен кетеді
Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында өз лауазымынан кететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
Қызылордада экология департаменті мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қазан, 2025
Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды
Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылуы өтті. Салтанатты шара аясында футболдан ел Кубогының финалдық матчы ұйымдастырылды.
Спорт • 05 Қазан, 2025
Ел кубогының жеңімпазы жаңа стадионда анықталды
Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылды. Осыған орай ұйымдастырылған шарадан кейін футболдан ел кубогының финалдық матчында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 02 Қазан, 2025
Құқық бұзып, қоғамдық жұмысқа тартылды
Қармақшы аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 29 Қыркүйек, 2025
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласындағы Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, үй ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 28 Қыркүйек, 2025
Қазалыда аудан әкімі сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Қазалы ауданы тұрғындары 4 жыл мерзім қызмет атқаратын жаңа аудан әкімін сайлайды, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 26 Қыркүйек, 2025
Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтуде
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Қызылордада «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» форумы өтті
Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыс әкімдігі және Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты азаматтық форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қызылордада қоғам өкілдерімен пікір алмасты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аясында мемлекеттік қызметшілермен және жастармен кездесті.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін айыппұл салынды
Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша жергілікті азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Солтүстік Қазақстанның электр қуатын таратушы жекеменшік «СКРЭК» компаниясы түрлі сылтаумен 2026 жылдан бастап 1 квт сағат электр қуатының тарифін бірден 70 пайызға көтермек. Бұл - бүгінгі 9,09 теңге бірден 15,34 теңгеге өседі деген сөз, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда коммуналдық қызметкерлердің еңбекақысы екі есе артты
Алматы қаласында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде коммуналдық салада еңбек ететін жұмысшылардың еңбекақысы екі есе өсті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматулаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2025
Зерендіде 85 медицина қызметкерінің еңбек құқығы қорғалды
Ақмола облысы, Зерендi ауданы прокуратурасына аудандық аурухана қызметкерлері жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақының берілмеуіне байланысты жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 20 Қыркүйек, 2025
Алимент төлемегені үшін қамауға алынды
Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2025
Қызылордада үш тәулікте 1465 құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1465 құқық бұзушылық анықталды. Оның 254 дерегі қауіпсіздік белдігін тақпау, тасымалдау қағидаларын бұзуға қатысты болса, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 131 фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында сарбаз өзіне қол жұмсаған
Әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Мемқызмет агенттігі HR мамандарына арналған ашық диалог алаңын өткізді
2025 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі HR-қауымдастық өкілдері үшін «HR цифрландырудың жаңа тәсілдері» атты Open Day ұйымдастырды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – кадрлық үдерістерді заманауи цифрлық құралдар арқылы жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету және мемлекеттік қызмет саласында адами капиталды дамыту бойынша жаңа тәжірибелермен бөлісу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Қызылордада 700 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілді
Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық прокуратурасы кәсіпкерлерден түскен шағым бойынша талдау жасап, соның нәтижесінде миллиондаған теңге жалақы қарыздары өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызметшілер пікірсайыста бас қосты
Мемлекеттік қызметшілер пікір сайыс алаңында тартысты. Дебат «Қоғам дамуының негізі – еліміздің ұлттық құндылықтары» тақырыбында өтті. Іс-шара елордада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің қызметкерлерінен құралған екі команданың қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Шиелі тұрғындары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды
Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында заңсыз аң аулағандар қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер жыл соңына дейін өспейді
Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10–11 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталған шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
Қызылордада жетім балалар құқығы қалпына келтірілді
Қармақшы ауданы прокуратурасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтуға талдау жүргізді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл санаттағы балалар бірінші кезекте тұрғын үй ала алады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Қызылордалық сот арқылы телефон шығынын өндіріп алды
Қызылорда қалалық сотына жүгіннен азамат былтыр қыркүйек айында облыс орталығындағы көшелер қиылысының біріндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көлік қаққанын, соның салдарынан денсаулығына «жеңіл» дәрежеде зиян келгенін көрсетіпті, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 12 Қыркүйек, 2025
«Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Қызылордалық жастарға арналған бағдарламаға қатысушылар өтініш пен құжаттарын электронды түрде kezekte.kz сайтына тіркеп, «Жұмыс істейтін жастарға арналған «SyrJastary» жеңілдетілген ипотекалық несие беру» сервисінде жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2025
Бейнебақылау камерасын сындырып, қосымша жаза арқалады
Қызылордада бейнебақылау камерасын сындырған сотталғанға қосымша жаза тағайындалды. Сот Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғанға қатысты осындай үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1847 жұмысшының жалақысы уақытылы төленбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Қызылордада учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралады
«Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» қағидатын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралап, 205 саяжай мен 285 шаруа қожалықтарын тексерді, деп жазады Egemen.kz.