шаруа
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Еліміздегі құс шаруашылығында кедергілер анықталды
Жоғары аудиторлық палата мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі құс шаруашылығы нарығына талдау жасап, жүйелі проблемаларды тапты. Атап айтқанда, көптеген құс өсіруші мемлекеттен субсидия ала отырып, етті әлі де бәсекелестерге қарағанда қымбат сатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Мамыр, 2025
Депутат ет экспорты мен мал шаруашылығындағы ахуалды сынға алды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына ет экспортының ішкі нарыққа кері әсері, мал басының азаюы, субсидиялау тетіктерінің тиімділігі және өңірлердегі инфрақұрылым мәселелері бойынша ресми депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Қазақ жылқысы – ұлттың коды, өркениет жады
Абай елінде I Халықаралық жылқы шаруашылығы жөніндегі ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті.
Экономика • 19 Мамыр, 2025
Үкімет Жезқазғандағы әлеуметтік мәселені шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 60 мың гектар күріш алқабы лазермен тегістелді
Су үнемдеу және егін өнімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысында биыл 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазерлік технологиямен тегістелді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңір диқандарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Елімізде 5 млн гектардан астам жерге дақыл егілді
Ел өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі осыған дейін 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Мамыр, 2025
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке 17-18 мамыр аралығында Нұрғиса Тлендиев даңғылы, 12а мекенжайында сағат 09:00-19:00 аралығында ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Биыл Жамбыл облысының диқандарына екі есе көп су берілген
Осы жылғы суару маусымы басталғалы жамбылдық шаруалар 44 млн текше метр су алған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 14 Мамыр, 2025
Петропавлда мал азығының ашытқысы зауыты салынады
Жуырда Петропавлға Италиялық инвесторлар келіп, «Qyzyljar» АЭА 3 млрд теңгенің мал азығының ашытқысы зауытын салуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2025
Күнбағыс болса, күн бағыс жақсы
Абай облысының дән егіп, тер төккен диқандары көктемгі егіске қауырт кіріскелі қашан. Ауыл шаруашылығы саласының техникамен жарақталуы да жақсарып келеді. Жер тоймай, ел тоймайтынын жақсы білетін шаруалар егістік алқаптарына жоғары сұрыпты тұқым сеуіп, ала жаздай егіннің ебін табуға әзір, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды
Ветеринарлар 178 мың қара малды тексеріп шығып, олардың 0,8 %-ы бруцеллез ауруын жұқтырғанын растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиялары енгізіледі
Бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде вегетациялық маусым әдеттегіден 20 күн бұрын басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Мамыр, 2025
Көктемгі егіске 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды.
Үкімет • 05 Мамыр, 2025
Шаруалар тыңайтқыштармен толықтай қамтылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар қозғалды. Отырыста Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – отандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын атап көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығын дамытудың алғышарты
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың алғышарты» тақырыбында өткен дала семинарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025
Қазақстанда 2,1 млн гектар аумаққа шегіртке тарауы мүмкін – АШМ
Қазақстанда шегірткелердің жаппай таралуы 2,1 миллион гектар жерді қамтуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жүріп жатыр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған
Аймақта 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылған екен. Аталған көрсеткіш бекітілген жоспарлы межеден асып, 102%-ды құраған, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 09 Сәуір, 2025
Студент ауыл шаруашылығына қажет технология ойлап тапты
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті техникалық факультетінің мұнай- газ ісі кафедрасы автоматтандыру және басқару мамандығының 3-курс студенті Ерасыл Жолгелдиев Шалқар ауданы Бозой ауылындағы әкесінің жеке қожалығында автоматтандырылған басқару жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 09 Сәуір, 2025
АШМ экс-шенеунігі жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Шаруашылық • 07 Сәуір, 2025
Егіс науқанына жеңілдікпен несие беру 700 млрд теңгеге дейін артты
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық фермерлермен кездесу өткізді, оның барысында мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Сәуір, 2025
Үкіметте бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құру жолдары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 03 Сәуір, 2025
Елімізде ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік бренді шығарылады
Қазақстанда Қостанайдағы Локализациялық орталық базасында John Deere өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техника өндірісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Сәуір, 2025
Мектеп бағдарламасына агроөнеркәсіптік білімді енгізу қажет – депутат
Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы – Қазақстанның стратегиялық басымдығы екенін Мемлекет басшысы бірнеше рет атап айтқаны мәлім. Алайда, білікті кадрларсыз агро өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) өсімін қамтамасыз ету мүмкін емес. Депутаттық сауалында Қарақат Әбден аталған саладағы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 02 Сәуір, 2025
Орман шаруашылығы аумақтарында зерттеу жұмыстары басталды
Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Үкімет атынан жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Наурыз, 2025
Тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңге бөлінді
Үкімет резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 14 Наурыз, 2025
Жалған мал санына жылдар бойы субсидия төленді - Тоқаев
Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының әлеуеті мен оны тиімді пайдаланудың маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық заңнамасын жетілдіруді қолға алды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттеуге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Бұл бастаманы депутаттар А. Рау, Н. Сабильянов, Е. Смышляева, Ю. Кучинская және Б. Орынбасаров көтеріп, саладағы өзекті мәселелерді шешуге арналған бірқатар өзгерістерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.