ас
Оқиға • 11 Шілде, 2025
Полиция қызметкерлерін балағаттаған алматылық сотталды
Оқиға елорда әуежайында болған. Алматы қаласының тұрғыны полицияға қарсылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Үкіметте заң саласын цифрландыру мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 11 Шілде, 2025
Азия бәсекесінде қазақ балуандары екі алтын еншіледі
Грек-рим күресінен жастар арасында Бішкек (Қырғызстан) қаласында 9-10 шілдеде Азия чемпионаты өтті. Қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Ақтаудың жылу желілері жаңартылады
Мемлекет басшысының жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 11 Шілде, 2025
«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар күдікті Дубайда ұсталды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген лақап атпен танымал болған) қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 10 Шілде, 2025
Жастар «Махаббат тауын» қоқыстан тазартты
«Jasyl Cross» жүгіру марафоны аясында 300-ге жуық ақтөбелік жас қала іргесіндегі Кірпішті елдімекені жанындағы қалалықтардың сүйікті демалыс орны «Махаббат тауын» қоқыстан тазартты. 34 командаға бөлініп, жүгіре жүріп қоқыс жинаған жастар 45 минут ішінде 500 қапты толтырды. Соның ішінде «Көкжал» тобының жеті мүшесі 53 қап қоқысты бәрінен бұрын толтырып үздік шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Елімізде «Алатау аманаты» жобасы іске қосылды
Туризм саласы – ұлттық экономика өсіміне тың серпін беретін бағытқа айналып келеді. Мемлекет басшысы айқындап берген саланы дамыту жөніндегі басымдықтарға сәйкес, «AMANAT» партиясы еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz. аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Маңғыстау облысында бұрғылау мұнарасы құлап қалған
Облыстық ТЖД хабарлауынша, бұрғылау мұнарасы Теңге ауылында 9 шілде сағат 12: 47 шамасында құлаған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Департамент осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Шілде, 2025
Әйгілі Backstreet Boys тобы алғаш рет Астанада концерт береді
Астана әлемге әйгілі өнерпаздарды қабылдап, музыка саласындағы жетекші қалалардың қатарына қосылып жатыр. Биыл 21 қыркүйекте аты аңызға айналған поп-топ Backstreet Boys алғаш рет Астанада концерт бермек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында спикерлер тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Шілде, 2025
Астанада каратэден халықаралық турнир өтеді
Бас шаһардың Beeline Arena спорт кешенінде осы айдың 11-13 күндері WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтіп, оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және бейтарап команда құрамында Ресей Федерациясы, яғни 6 елдің командаларынан шамамен 700-800 спортшы қатысады. Аталған турнир елімізде сегізінші рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді
Бұл туралы Астана туризмді дамыту орталығының басшысы Артем Квашук Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Шілде, 2025
Президент Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Шілде, 2025
Тоқаев Трамптың салық салу туралы хатына жауап жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Шілде, 2025
Техастағы су тасқыны салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты
Орталық Техаста болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 119 адам қаза тауып, 161-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Астанадағы Орталық саябақ жолына жөндеу жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақ аумағындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Биыл 2 мыңнан астам адам жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкен
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп келген 2 202 адамға, оның ішінде 1 091 қандасқа және 1 111 қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Жыл соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Шілде, 2025
Бүгін елімізде ауа райы тұрақсыз болады
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Шілде, 2025
Алматының таулы аумақтарында тасқын болуы мүмкін
Құтқарушылар ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Шілде, 2025
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астана мен Алматы қалаларында күн күркіреп, жаңбыр жауып және бұршақ түсуі мүмкін. Кей күндері жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейіп құбылып тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның қызметімен танысты
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Шілде, 2025
Жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін Илон Масктың xAI стартапы өзінің Grok атты чат-ботына қатысты туындаған жанжалдан кейін ресми түсініктеме берді. Компания өкілдерінің айтуынша, X әлеуметтік желісіне енгізілген Grok жүйесі тарапынан жазылған «қоғамға жат» және өшпенділікке толы пікірлерді жарияға шықпай тұрып-ақ бұғаттау жұмыстары қолға алынған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
Алматы облысы полиция департаменті өңір әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың апатқа ұшырағанын растады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Шілде, 2025
Ел таеквондошылары медальға бір қадам жетпей қалды
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогі 7 шілдеде басталған, бүгін аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы су саласы мамандарын мемлекеттік наградамен марапаттады
Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Шілде, 2025
Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 09 Шілде, 2025
Отандық он екі кәсіпорынның өнімі халықаралық көрмеге ұсынылды
Кеше Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараға қатысқан қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Шымкентте театр басшысы ірі көлемде қаржы жымқырған
Шымкент қаласындағы «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.