ат
Оқиға • 08 Қазан, 2020
Адам өліміне қатысы бар күдіктіден ірі көлемдегі есірткі табылды
Алматы облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған азаматтан ірі көлемдегі есірткі затын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Амандық Баталов 100 жастағы еңбек және соғыс ардагерін құттықтады
Отан соғысының және еңбек ардагері, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы Оксана Бетебаева 100 жасқа толды. Мерейтой иесін осы айтулы оқиғамен облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат пен Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаев құттықтап, облыс әкімінің Құрмет грамотасын және естелік сыйлық тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Алматыда 290 мың жасыл желек отырғызылады
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турының қорытындысы бойынша, өткен брифингте қалалық Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская, қаланы көгалдандыру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 08 Қазан, 2020
Елордада "Сергек" камерасының арқасында жол апаты мен қылмыс саны екі есе азайды
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында қоғамдық қауіпсіздік және "Сергек" камераларының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
"СКАТ" Шымкентте жаңа жолаушылар терминалын салып жатыр
Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге жаңа жолаушылар терминалының салыну барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Қағаз жүзіндегі әдемі баяндамалар ауылдағы жағдаймен сәйкес келмейді - сенатор
Сенатор Ақылбек Күрішбаев Палата отырысында Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Депутат егіннен жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, егістік және жинау жұмыстарының дәл мерзімі туралы нақты білімнің жоқ екенін алға тартты. Сондай-ақ ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді тіркеу жұмыстарының негізгі бөлігі әлі де қағаз нұсқада жиналатынын, соның салдарынан көптеген қателіктерге жол берілетінін де тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Судың жетіспеуінен 36,4 мың тоннадан астам өнім алынбай қалды - сенатор
Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор Жамбыл облысының диқандары көтерген суармалы ағын су туралы мәселені арқау етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатор: Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту тапшылығы туындауы мүмкін
Сенатор Динар Нөкетаева Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, елімізде дәрілерді тіркеу механизмі күрделі екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 қыркүйекте оқыс оқиға болған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны "ВАЗ-21723" көлігін мас күйінде басқарып, "Жеңіс" саябағының қоршауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенаторлар шағын және орта бизнестің даму мәселелерін талқылады
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Парламенттік тыңдауға дайындық барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесіп, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатта аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету жайы талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары атаулы әлеуметтік көмек көрсету аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қазан, 2020
Алматыда әйел баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған
Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің өлімі ашылды. Оқиға туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Қазан, 2020
Атырау облысында жүргізуші 75 келі бекіремен ұсталды
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, "Бекіре" алдын алу іс-шарасы кезінде Сарыөзек ауылының тұсында "Lada Priora" автокөлігі тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 07 Қазан, 2020
Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
Бүгін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, "Egemen Qazaqstan" газеті Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Ерлан Жүніс ТМД мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МФГС) "Содружество дебютов" халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Қазан, 2020
Атырауға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Кеше, 6 қазанда "Ыстамбұл – Атырау" халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 07 Қазан, 2020
Сенатта аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жайы талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары атаулы әлеуметтік көмек көрсету аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 07 Қазан, 2020
8 қазанда Сенаттың кезекті отырысы болады
2020 жылғы 8 қазанда, бейсенбі күні сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 07 Қазан, 2020
Алматылық дәрігер халықаралық FameLab-2020 байқауына қатысады
Осы аптада FameLab Kazakhstan ғылыми коммуникациялық байқауы финалының трансляция мәреге жетіп, оған отандық 10 жас ғалым қатысты, оның ішінде сегізі Nazarbayev University өкілдері, деп хабарлайды Egemen.kz
Бокс • 07 Қазан, 2020
9 қазанда Алматыдағы "Абылай хан" спорт кешенінде кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Таяуда ғана тұсауы кесілген "Дарын" және "Nev Names" промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отырған айтулы жарыста Қазақстанның бірқатар аймағы және Әзірбайжан мен Беларусь елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 07 Қазан, 2020
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 428,87 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 07 Қазан, 2020
Тұңғыш Президент ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 07 Қазан, 2020
Бүгінгі ұрпақ ұлттық шексіз құндылықтың қадірін білуі тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы бүгінде салтанатты елордасы бар егемен мемлекетте өмір сүріп жатқан жасампаз ұрпақ ұлттық шексіз құндылықтың қадірін біліп, маңызын түсінуге тиіс екенін айтты. Бұл туралы ол "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 07 Қазан, 2020
Ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді - Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Абайды тануы әуелде неден басталғаны жайында айтып берді. Бұл туралы ол "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 07 Қазан, 2020
Елбасы: Абай - халықтың мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер
Тұңғыш Президенттің "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында хакім Абай елдің болашақ бағдарын айқындап берген тұлға екені жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 07 Қазан, 2020
Абай тұлғасы ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір - Елбасы
Бүгін "Egemen Qazaqstan" газетінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай аманаты" атты мақаласы жарық көрді. Онда ол хакім Абай өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзгені жайында сөз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 07 Қазан, 2020
Ұшқышсыз ұшатын көліктердің ерекшелігі неде?
Заманауи технологияның, соның ішінде ұшатын көліктердің қолданысқа енгеніне біраз болды. Алайда көпшіліктің бас шайқап, таңырқайтын дүниелері көп-ақ. Осыған орай ұшқышсыз ұшатын әуе көліктері жайлы біраз ақпарат легін ақтарып көрелік.
Әлем • 06 Қазан, 2020
АҚШ пен Ұлыбританияда 663 кинотеатр жұмысын тоқтатады
АҚШ пен Ұлыбританияда Cineworld компаниясының 663 кинотеатры жұмысын тоқтатады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 06 Қазан, 2020
Нью-Йорк қаласында мектептер жабылуда
Нью-Йорк қаласының тоғыз ауданында жеті күн қатарынан коронавирус жұқтырушылардың саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Алматыда "Бюджетке қатысу" бойынша өтініш беру мерзімі ұзартылды
Алматыда "Бюджетке қатысу" жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды. Тұрғындар өздерінің жобалық ұсыныстарына 2020 жылдың 20 қазанына дейін өтініш бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.