ұлт
Экономика • 07 Маусым, 2021
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жасады
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдыруды ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Маусым, 2021
Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюы қазақ халқының ұлттық санасына тікелей байланысты. Бұған дейін қазақ халқы тарихи дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтіп, осының негізінде ол тайпалық пен ұлыстықтан да күрделірек ұлттық сана-сезім деңгейіне көтерілді.
Спорт • 04 Маусым, 2021
Бокстан Азия чемпиондары елордаға келді
Нұр-Сұлтанға Дубайдан бокстан Азия чемпиондары келді. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында спортшыларды отбасылары мен достары ғана емес, Қазақстан бокс федерациясы, елорда әкімдігі мен спорт мектептерінің өкілдері де қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 04 Маусым, 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастауға болады
Халықтың көптеген өтініші негізінде, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2021
Ерболат Досаев Мемлекет басшысына инфляцияның неге үдеп кеткенін түсіндірді
Мемлекет басшысына биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары және әлемдегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жөнінде, инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар аясында орталық банктердің бейтарап ақша-несие саясатына көшуі туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 03 Маусым, 2021
Елорда әуежайы 2022 жылы жабылады
Нұр-Сұлтан әуежайында 2022 жылдың жазында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Рейстер Көкшетау мен Қарағандыдан ұшырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел және Елбасы • 02 Маусым, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Алик Айдарбаевты қабылдады
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2021
Ұлттық Банк қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық Банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Маусым, 2021
Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспары жайлы айтты
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайлы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 01 Маусым, 2021
Бақытты ұлт – ұрпағымен мақтанатын ұлт
Бала – болашағымыз. Еліміздің келешектегі келбеті бүгінгі ұрпаққа қандай деңгейде көңіл бөлгенімізге, оларға қалай тәрбие, білім бергенімізге байланысты. Сондықтан барлық игілік балаларымызға бағытталуы керек. Сонда ғана ұрпағымызбен мақтанатын ұлт боламыз.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Ертең Ұлттық санақтың бірінші кезеңі басталады
2021 жылғы Ұлттық санаққа дейін маусым айында Қазақстанның барлық елді мекенінде дайындық кезеңі жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Елордада балаларды қорғау күні қалай өтеді?
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні елордада бірқатар іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, байқаулар, ашық аспан астындағы ойындар, спорттық жарыстар секілді түрлі жиындар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2021
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кетті
Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Мамыр, 2021
Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және «Халық санағы-2021» ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда келесі аптада қандай мәдени шаралар өтеді?
Қазақстанда келесі аптада бірнеше маңызды күн атап өтіледі. Нақтырақ айтқанда, 31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні, ал 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Елордада осы іс-шаралардың құрметіне орай іс-шаралар, көрмелер, концерттер өтеді. Бұл жиындардың көпшілігі онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2021
Елордада бұқаралық спорт қалай дамуда?
Нұр-Сұлтанда «Дәулет» теннис орталығының базасында еліміздегі алғашқы әлеуметтік корт ашу жоспарлануда, онда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен әлеуметтік аз қамтылған санатына жататын балалар тенниспен тегін айналысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы «Bus Lane» іске қосылады
29 мамырдан бастап Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген «Bus Lane» жолағы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда автобус жолағы жасыл таңбамен белгіленеді
Нұр-Сұлтанда пилоттық жоба аясында қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл таңбамен белгіленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
«Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы қалай жүзеге асып жатыр?
Ақпарат және қоғамдық даму министрі халыққа есеп беру кездесуінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
ҰҚК «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелерін ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының 7 мүшесі қолға түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Мамыр, 2021
Елордалық ұландар өзенге секірген қызды құтқарды
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суға секіріп, өзіне қол салғысы келген қызды судан шығарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда өкпесінің 90 пайызы зақымданған науқас емделіп шықты
Елорданың 30 жастағы тұрғыны мамыр айының басында өкпесінің 90%-ы зақымдануымен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға түскен. Дәрігерлердің жұмысының нәтижесінде науқас бүгін емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Мамыр, 2021
Еліміздегі әр үшінші үй апаттық жағдайда
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамасы бойынша елімізде отбасылардың 45,9%-ы көппәтерлі үйлерде тұратыны белгілі болды. Алайда жалпы ауданы 405,5 мың шаршы метрді құрайтын 1,8 мың үй апаттық жағдайда тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2021
Елордалық оқушылар жазғы демалысын қайда өткізеді?
Елорда оқушылары Ақмола облысы аумағында орналасқан 2 лагерьде жазғы демалысын өткізе алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
«Жастар» сарайы шығармашылық хабқа айналады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Жастар» сарайы жөндеуден өткеннен кейін қандай күйге енетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Заңсыз орналасқан базардың орнына қоғамдық кеңістік салынады
Елордада бос аумақтарды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарының жайлылығына, сондай-ақ алаңдардың сырт көрінісін жақсартуға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда 23 мамырда қоғамдық көліктер жүрмейді
23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Мамыр, 2021
Бүгін – Халықаралық Музей күні
Бүгін – халықаралық Музей күні. Ұлттық Музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы барша әріптестерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 18 Мамыр, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтар күнгі халыққа Жолдауында: «Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деуі, сөз жоқ болашақтағы мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы болатын.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2021
Есіл өзеніне жаңа көпір салынады
Елорда «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамып келеді. Биыл жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.