ұл
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап барлық балаға ақша аударыла бастайды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сомада қаржы аударыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды
Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Балтабайұлы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
«Күтпеген сыйлық». Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көлікті менеджеріне сыйға тартты
10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында бокс кеші өтті. Осы алаңда меценат Дулат Тастекеев кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлына Zeekr 001 автокөлігін табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 09 Желтоқсан, 2023
Асан қайғы: Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Асан қайғы, Бәйдібек Қарашаұлы, Қазтуған Сүйінішұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы ойларын ұсынып отырмыз.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақ қызы шахматтан абсолютті чемпион атанды
Шри-Ланканың Коломбо қаласында шахматтан өткен Батыс Азия чемпионатында Қазақстан шахматшысы Зейнеп Сұлтанбек қыздар арасында абсолютті чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Қостанай тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады
Қостанай облысы балық инспекциясы басқармасы 11 айлық жұмысын қорытындылады. Инспекция осы жылы заңсыз балық аулаудың 160 дерегін анықтаған. Тыйым салынған жерлерде балық аулағандар жалпы соммасы 2 725 500 теңге айыппұл арқалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
«Air Astana» компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарымен Эйр Астанаға қатысты бірлесіп жүргізген тексеру аяқталды. Қорытындысында компанияға 876 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
Елімізде телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болды
Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектіні пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Жер қытайлықтарға берілмейді – облыс әкімі
Ұлытау облысы әкімі халық арасында таралған жаңсақ пікірге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz аймақ әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа». Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты
Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қараша, 2023
30 қараша күні сағат 15:50-де Шаяхметов көшесінің бойындағы көпқабатты құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан кран құлады. Кабинада 49 жастағы краншы отырған. Марқұм сол жерде қаза тапты.
Әдебиет • 30 Қараша, 2023
«Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды. Онда ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат ұсынылған. Барлығы 1000-нан астам еңбек бар, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 29 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Автокөлікке арнайы белгі жапсырмағандарға айыппұл салынады
Елімізде газбен жүретін автокөліктер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы белгі орнатуы қажет, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Қараша, 2023
Оразақ Смағұлдың жаңа кітабы жарық көрді
Еліміздегі антропология саласының негізін қалаушы, қазақ ғылымының абызы – Оразақ Смағұлдың «Өмірімнің мәні мен сәні» деп аталған кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қараша, 2023
Инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу маңызды – Ұлттық палата
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» – TIF’23 халықаралық форумында шағын және орта бизнес, сондай-ақ инвестициялауды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Көшпенділер ойынына дайындық талқыланды
Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті. Басқосуда келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 28 Қараша, 2023
Мектеп ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі
Мектептегі тамақтанудың тиімділігі мен сапасын арттыру туралы ТМД елдерінің Бішкек қаласында өткен бірінші халықаралық форумында қатысушылар пікір алмасты. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстан мектептерінің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
«Тәңір көрпесі»: Ақтау аспанында ерекше бұлт массасы пайда болды
Бүгін Ақтау аспанында айрықша бұлт пайда болды. Бұлттар қала төбесінен едәуір жақын көрініп, тұрғындарды таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Қараша, 2023
Жақын арада ешқандай клубты басқармаймын - Магомед Адиев
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жақын арада «Ақтөбе» клубын басқаратыны туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 26 Қараша, 2023
«Ақтөбе» футбол клубына Магомед Адиев басшылық етеді - БАҚ
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Ақтөбе» клубының ұсынысын қабыл алып, 2023 жылғы Қазақстан премьер-лигасының қола жүлдегерлеріне бапкерлік қызметін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
Әлем чемпиондары шыққан Қостанай спортынан қайрат кетіп тұр
Қостанай облысының халқымен есеп беру кездесуін өткізген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен жазғы Азия ойындарына қатысқан өңір спортшыларының көрсеткіші тым төмен болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Қараша, 2023
Футболдан Қазақстан құрамасы 7 жаңа рекорд жасады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тарихымызда болмаған 7 рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2023
Ушудан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама 4 медаль жеңіп алды
АҚШ-тың Даллас (Техас штаты) қаласында ушудан 16-шы әлем чемпионаты бүгін аяқталды. Ушу спортының санда түрінен Ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 22 Қараша, 2023
Грекия мен Қазақстан арасындағы матч Афинада өтеді
Грекия мен Қазақстан құрамалары 2024 жылдың 21 наурызында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2023
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның мемлекеттік министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиге ілтипат білдіре отырып, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 21 Қараша, 2023
Жанкүйерлер ұлттық құрама футболшыларын сән-салтанатпен күтіп алды
Футболдан ұлттық құрама ойыншылары Словениядан елге оралды. Оларды жанкүйерлер мен Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаев Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Қараша, 2023
Ұлттық құраманың Еуро-2024 жолдамасын ұтып алуына екінші мүмкіндігі бар ма?
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің шешуші матчында жеңісті қолдан жіберіп алды. Дегенмен, Магомед Адиевтің командасы турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 20 Қараша, 2023
Ұлттық ұланда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 5518 әскери бөлімінде өткен шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайынан хабардар етті.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Айыппұл мөлшері 6 миллион теңгеден асып кеткен жүргізушіні тасжолда тоқтатты
Түркістан облысында жергілікті тұрғынның төленбеген айыппұл сомасы 6 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.