Ер
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Спорт • 16 Маусым, 2020
Серхио Рамос Рональд Куманды қуып жетті
Күллі әлемді жайлаған пандемияның салдарынан бірер айға созылған үзілістен кейін қайта жалғасын тапқан футболдан Испания Ла Лигасынның 28 турында екі бірдей керемет көрсеткіш тіркелді, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Маусым, 2020
"Nur Otan" праймеризге қатысушылардың онлайн-оқытуын бастады
"Nur Otan" партиясының Саяси менеджмент мектебі партияішілік праймериздің әлеуетті үміткерлеріне арналған алғашқы онлайн-семинарын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2020
Бейжіңдегі вирус Уханнан шыққан вирустан қауіпті
Екі айға жуық коронавируске шалдығу оқиғасы тіркелмей, қалыпты өмір кешкен Қытайда індеттің қайта соғуымен Бейжің қаласында әскери тәртіп енгізілді.
Видео • 16 Маусым, 2020
Чемпиондар лигасы қашан басталады?
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2019-2020 ойындары 11 наурызда тоқтатылған болатын. COVID-19 эпидемиясы УЕФА-ның көптеген матчтарын кейінге қалдыруға және болдырмауға мәжбүр етті.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Қазақстанда сұйытылған газға шекті баға төмендейді
2020 жылғы 3-тоқсанда сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің бағалары ҚҚС есебінсіз 28000 теңгені құрайды, деп хабарлайды ЭМ баспасөз қызметі.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Ұлттық қорғаныс университетінде өзгерістер болды
Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Әуе қорғанысы күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс, тыл және қару-жарақ мамандарын даярлау үшін штаттық-ұйымдастыру іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы нұсқауды бұған дейін Қорғаныс министрі берген болатын, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанайда Абай әндеріне арналған онлайн-концерт өтті
Қостанайдағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары жазғы демалыс күндері мектептен тыс концерттер ұйымдастыруды бірталай жылдан бері дәстүрге айналдырған. Әдетте, мұндай шараларды тамашалауға негізінен мектеп жанынан ашылған лагерлер мен балалар клубына қатысатын балғындар баратын. Ұйымдастырушылар биыл дәстүрлі концертті онлайн түрде өткізуді жөн көріпті. Басты тақырып – Абай әндері, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
"Nur Suńqar" журналистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды
"Nur Otan" партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін "Nur Suńqar" республикалық байқауының басталғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Коронавирустың ағзаға әсері қандай?
Коронавирустың адам ағзасына әсері туралы тоқтамды пікірмен түйінделу оңайға соқпайын деп тұр. Сарапшылар "вирус адам ағзасын қанша күн бойы билеп – төстейді" деген мәселе тренд болып тұр. Әзірге зерттеу нәтижелері тоқтамды пікірге келуге мұрша берер емес. Алғашқы кезде оның әсері толқын-толқын тәрізді болады, құрбандар саны соған қарап анықталады деген болатын. Бұл пікірге Италиядағы, сонан соң АҚШ-тағы өлім-жітімнің көп болуы себеп болған. Соңғы зерттеулерде маусымаралық өзгерістерге байланысты індеттің де әсері өзгеріп отыратыны байқалып қалды. Әлемдік статистика 15 маусымға дейін 8 миллиондай адам дертті жұқтырды деп отыр. Қайтыс болғандардың саны – 433 930. Бұл деректерді Johns Hopkins University жариялап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Атырауда борышкер жүргізушілерден 6 млн теңге өндірілді
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушылармен бірге "Борышкер" жедел іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды. Сенаторлар алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды, дейді Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қызылорда облысында бір аптада 3 адам суға кетті
Өткен аптада Қызылорда облысында 3 адам суға кетті. Құрбандардың алғашқысы 8 сынып оқушысы. Ол 12 маусым күні Тәжібаев ауылы тұсындағы Телікөл каналынан атпен өтпек болған кезінде суға кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан бес түп қарасора табылды
Түркістан облысының полицейлері Түлкібас ауданында қарасора егістігін жойды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Шымкентте 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көлік күнделікті дезинфекциялануда
Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, − деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?
Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға 132 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Таразда бүгіннен бастап қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады
Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Жамбыл облысында карантин енгізілгелі бері қоғамдық көліктер де өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда өңірдегі карантин режимі жеңілдетілгенде де автобустар жүрген жоқ. Бірақ бүгінде облыста карантин режимі қайта күшейтілді. Дегенмен қоғамдық көлік мәселесі де тұрғындар тарапынан жиі көтерілген мәселеге айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Маусым, 2020
"Балалар жүрекпен үн қатады" атты байқау өз мәресіне жетті
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әлеуметтік желілерде ұйымдастырған «Балалар жүрекпен үн қатады» атты байқауы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 15 Маусым, 2020
Бурунди елінің президенті коронавирустан көз жұмды
Африка құрлығында орналасқан Бурунди елінің президенті Пьер Нкурунзиза Каруси қалалық ауруханасында өткен аптада коронавирус індетінен көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 15 Маусым, 2020
ПСЖ-ның екі мықтысы командамен қоштасады
Францияның бетке ұстар футбол клубы "Пари-Сен Жермен" командасының екі мықты ойыншысы, яғни бразилиялық қорғаушы Тиаго Силва мен уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани осы жазда құрамамен қоштасатын болады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 15 Маусым, 2020
Түркияның шығысында жер сілкінді
Түркияның шығысындағы Бингёль провинциясында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Әлем • 14 Маусым, 2020
Қазақстандық әскерилер парадқа қатысу үшін Ресейге барды
Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдаушы әскери қызметшілерінің шерулік тобы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Ресейге келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2020
Қарағандылық еріктілердің еңбегі еленді
Кеншілер астанасында төтенше жағдай режімі мен карантиндік шектеулер кезінде BizBirgemiz республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, белсенділігімен көзге түскен бір топ еріктіге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан "Алғыс хаттар" табыс етілді, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Маңғыстау облысында Билер кеңесінің филиалдары құрылды
Маңғыстау облыстық сотында онлайн режимде «Маңғыстау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық және Мұнайлы аудандық филиалдарын ұйымдастыру және құру» тақырыбында іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Спорт • 12 Маусым, 2020
Беларусьтің ең үздік бапкері – Андрей Скабелка
Жергілікті спорт журналистері арасында жүргізілген сауалнаманың қортыныдысы бойынша Андрей Скабелка Беларусьтің ең үздік бапкері болып танылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2020
"Ливерпульдегі" жалақысы ең көп ойыншы кім?
Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ұсынысынан бас тартқан "Ливерпульдің" қорғаушысы Вирджил ван Дейк өз командасымен бес жылдық келсімшартқа отырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2020
20 маусымнан бастап халықаралық рейстер ашылады
Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 12 Маусым, 2020
Сенаттың 17 депутаты сайланады
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының Сенат депутаттарының сайлауына байланысты онлайн режимде өтіп жатқан отырысында айтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz