ат
Спорт • 07 Қыркүйек, 2025
Садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола алды
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль алды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады
Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2025
Талғарда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Алматы облысы Талғар ауданында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыға Michelin жұлдызды әйгілі аспаздар келеді
Алдағы 7-21 қыркүйек аралығында Алматыда Michelin жұлдызды әлемге әйгілі аспаздардың қатысуымен дәстүрлі Almaty crossroads гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Қыркүйек, 2025
Алматы прокуратурасы БАҚ-ты жалған ақпарат таратпауға шақырды
Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Қыркүйек, 2025
Қызылорда облысындағы экологиялық мәселелерді шешу – Мәжіліс депутаттарының бақылауында
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен Қызылорда облысында экология мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді.
Денсаулық • 06 Қыркүйек, 2025
Күздің ең пайдалы өнімі — қырыққабат: дәрігер кеңесі
Қырыққабат күз мезгіліндегі ең пайдалы өнімдердің бірі: оның құрамындағы С дәрумені мол, ал шырыны қабынуға қарсы әсер береді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Анастасия Якимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: бүгін төрт қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды
6 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Қыркүйек, 2025
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура
Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2025
Тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздарды беру ісіне өзгеріс енгізіледі
Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан деректерде салқындату кезеңінің негізгі мақсаты - қарызгерге ойластырылған шешімге уақыт беру және сол арқылы қарыз шартын асығыс жасасу ықтималдығын азайтуға басымдық беретіні айтылған. Тұтынушылық кредит беру нарығының салқындату тренді жыл аяғына дейін сақталуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 05 Қыркүйек, 2025
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы шақырылды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлерді алдап кеткен алаяқ Қырғызстаннан экстрадияцияланды
Алматы облысында алаяқтықпен айналысқан азамат Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 05 Қыркүйек, 2025
Карина Ибрагимова әлем чемпионатын жеңіспен бастады
57 келіде бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Карина Ибрагимова қарсыласынан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025
Атырау облысында газ құю стансалары тексеріліп жатыр
Атырау облысында газ құю стансаларын тексеруден соң 8 әкімшілік іс қозғалды. Заң бұзған станса иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Қыркүйек, 2025
Блогер Жанәбілов сотқа тартылды
Бүгін Астанада лотерея операторы емес тұлға арқылы лотерейлік қызметпен айналысу фактісі бойынша блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қыркүйек, 2025
Қ.Тоқаев: Теңіз жобалары – еліміздің болашағына салынған инвестиция
Бұл туралы Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау жиынында атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысында 86 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған
Түркістан облысының прокуратурасы 86 отбасының атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алып, мемлекетке 17 млн теңге көлемінде залал келтіргенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 05 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге өскен
Бұл өсім 809 ғалымды әлемнің жетекші орталықтарына тағылымдамаға жіберуге және материалдық-техникалық базаны ауқымды жаңартуды бастауға мүмкіндік берген, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 04 Қыркүйек, 2025
Семейде 15 адам ата-аналық құқығынан айырылды
Семей қаласында тәртіп сақшылары түнде көшеде ересектерсіз жүрген 148 баланы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 04 Қыркүйек, 2025
Алматыда «Дос-Мұқасан ұясы» атты студенттер жатақханасы ашылды
Бүгін Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде жаңартылған студенттік жатақхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл тарихи ғимаратта кезінде аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі құрылған болатын. Қайта жөндеуден кейін «Дос-Мұқасан ұясы» деген атау иеленіп, студенттерге жаңа баспана ғана емес, университеттің мәдени мұрасын айшықтайтын орынға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 04 Қыркүйек, 2025
Атырау облысында синтетикалық есірткі таратқан әйел қамауға алынды
Құлсары қаласында синтетикалық есірткі таратып жүрген әйелден 50 түйіншекке салынған есірткі тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 04 Қыркүйек, 2025
Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды
Алматыда Қала күні мерекесі және Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер әрі күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалдық музейде қайта жаңғыртылған экспозиция ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Қыркүйек, 2025
«Мәңгілік ғаламның бір сәті» көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей қабырғасында көрнекті суретші, мүсін шебері әрі зергер – Алекс Сорбонның жеке көрмесі ашылды. «Мәңгілік ғаламның бір сәті» деп аталған бұл өнер көрмесі – мегаполистегі мәдени өмірдің елеулі оқиғасына айналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады
Қор қаражатын талан-таражға салғаны үшін 10 жылға сотталған Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері, қымбат көліктері мен зергерлік бұйымдары аукцион арқылы сатылып, түскен қаржы жәбірленушілерге өтемақы ретінде қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 04 Қыркүйек, 2025
Алматыда адамның бет-әлпетін танитын қанша бейнекамера бар
Алматы қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыруда көш бастап, жайлы да қауіпсіз өмір сүру үшін жаңа технологиялар арқылы қала тұрғындарына барынша жағдай жасап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков осылай деп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде және бірқатар ақпараттық ресурстарда тараған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы мәліметтерді ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттер сатылымға қашан шығады
Алдағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге билеттер матчқа 10 күн қалғанда сатылымға шығады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Ливерпульде қыздарымыз кімдермен күш сынасады
Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Алматыда жұдырықтасатын боксшылар анықталды
5 қыркүйекте Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыстың басты бәсекесінде Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Әли Ахмедов Танзанияның өкілі Джозеф Майгвисиямен (14-4, 10 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.