ЕС
Саясат • 27 Қараша, 2024
Ресей Президенті Қазақстанмен жаңа ауқымды жобалар жасау мүмкіндігі туралы айтты
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің республикалық «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген мақалада екі ел арасында ауқымды тың жобаларды іске асыру мүмкіндігі туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Владимир Путин екі елдің қарым-қатынасы туралы мақала жариялады
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында «Казахстанская правда» газетіне көлемді мақаласын жариялады. РФ Президенті өз мақаласында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен алға қойған ортақ саяси жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығы шын мәнінде одақтастық сипатта – В.Путин
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында еліміздің беделді басылымдарының бірі - «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қараша, 2024
Тұман, көктайғақ: 10 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 25 Қараша, 2024
Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі ЕҰУ студенттеріне дәріс оқыды
Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, оңалту және пробация жөніндегі лордтар спикері Майк Герман Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2024
Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Қараша, 2024
Ерлан Қарин «China Media Group» корпорациясының қызметімен танысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған делегация Қытай Халық Республикасында өткен іс-шаралар мен кездесулерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 25 Қараша, 2024
Трамп таяу арада Ресейге баруы мүмкін - сарапшы
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп жақын арада Ресей мен Украинаға барып, арадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келуді талқылауы мүмкін. Бұл туралы Түркия елінің саясаттанушысы Энгин Өзер айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қараша, 2024
Алматыда Non-Food Asia Expo көрмесі ашылды
Халықаралық деңгейдегі шара еліміздің Сауда және интеграция министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған өнімдер негізінен сауда желілері мен маркет-плейстерге арналған. Оған 20 елден 200-ге жуық түрлі шетелдік компания қатысып, өздері шығарған өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 25 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2024
Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқырған есепші 7 жылға сотталды
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 25 Қараша, 2024
Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды. Қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген әйел есірткіні кәмпит ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қараша, 2024
Анталия әуежайында Ресей әуекомпаниясының ұшағы өртенді
Федералды әуе көлігі агенттігінің хабарлауынша, «Azimut» әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 ұшағы Түркияның Анталия қаласына қонған соң отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz DW-ге сілтеме жасап.
Есірткі • 25 Қараша, 2024
АҚШ-тан есірткіге тапсырыс берген екі күдікті сотталды
Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті халық тұтынатын тауарлар салынған сәлемдеме деген желеумен АҚШ-тан есірткі жеткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қараша, 2024
Семсершілер қола медаль еншіледі
Семсерлесуден Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қараша, 2024
Әлем чемпионаты: Әскери спортшылар 3 алтын, 4 қола олжалады
Арменияда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем чемпионатында әскерилердің қоржыны жеті медальмен толықты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Заң • 24 Қараша, 2024
Есірткі бизнесіне қатысқан полицейлер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларға есірткі таратуға қатысқаны үшін жазаны қатаңдату ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қараша, 2024
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Қараша, 2024
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі күш-жігер қажеттігін айта келіп, Үкімет терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізбесін жасағанын атап өтті.
Әлем • 22 Қараша, 2024
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Украина — НАТО Кеңесі қараша айында Ресейдің Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешенінің нысандарына жаңа баллистикалық зымыранды қолдануына қатысты шұғыл отырыс өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Францияның AFP агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 22 Қараша, 2024
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қараша, 2024
Қазақстан армиясының балуаны күрестен әлем чемпионы атанады
Армения астанасында халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Қараша, 2024
Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 21 Қараша, 2024
Елімізде 75 есірткі зертханасы жойылды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Бас прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, нашақорлық пен есірткі саудасына сенімді тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 21 Қараша, 2024
«Алдар көсе» фильмінің жаңа нұсқасы көрерменге жол тартады
Осы жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы қаласы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль отандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Шәкен Аймановтың есімі берілгеніне 40 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қараша, 2024
Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді
Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдары жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын орналасқан аумақтарды қалдыруды немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 21 Қараша, 2024
Жәнібек Әлімханұлы Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы аты аңызға айналған мексикалық боксшы Сауль Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі ашылды
«Атакент» іскерлік орталығында ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі, ХХІІ «Білім және мансап көрмесі» халықаралық көрмесі ашылды. Еліміздегі кітап ісін дамыту мен білімді насихаттайтын көрмелерде шетелдерден келген өкілдер, сала мамандары, жастар, студенттер осы рухани кеңістікте әртүрлі мәдени шараларға қатысып, пікір алмасып, кітап ісіне қатысты әлемдегі озық жетістіктерді талқылайтын болады.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Еліміздің азаматтығынан бас тартатындар саны азайып келеді - Ерлан Қарин
ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату ұсынылды
Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды. Бұл шамамен 4,8 млн адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.