ек
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайтуға арналған республикалық жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабылады
Мемлекеттік кірістер комитеті «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылатынын хабарлады.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
24 мамырдан бастап үйі жоқ азаматтар онлайн кезекке тұра алады
Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Енді 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2025
Қызылордада «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды
Елімізде жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пайда болды. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысына сәйкес, «Қорқыт Ата» АЭА Қызылорда облысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 19 Мамыр, 2025
Александр Бублик халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Ерлер арасында еліміздің көшбасшы теннисшісі Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 19 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект: Қазақстанда құқықтық негіз қалыптасты
Өткен аптада Қазақстанның цифрлық даму тарихындағы айтулы оқиға орын алып, Мәжіліс палатасы еліміз үшін маңызды қадам жасады. «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленген заң жобасы – технологиялық прогрестің жылдам қарқынына жауап ретінде жасалған алғашқы іргелі қадам еді.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Еліміздегі әлеуметтік ұйымдардың 92 пайызы лицензия алды
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша, қызмет көрсетуші ұйымдардың 92 пайызы лицензия алып, алушылардың 97 пайызы сапасы бекітілген қызметпен қамтылған. Бұл қадам әлеуметтік қызмет сапасын арттырып, қызмет алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2025
Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді
Өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайтын суперкомпьютер Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Цифрлық даму министрлігі ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Антикор Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне байланысты пікір білдірді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі режиссер Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне қатысты пікір білдірді.
Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Астанада төрт ай ішінде АИТВ инфекциясын 130 адам жұқтырды
Әлемде жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 18 мамырға сәйкес келіп отыр.
Үкімет • 17 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Жұмыс • 17 Мамыр, 2025
Сәуір айында еңбек биржасында белсенділік өсуі байқалды
2025 жылғы сәуірде «Enbek» электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) жұмыс берушілер тарапынан да, ізденушілер тарапынан да іскерлік белсенділіктің өсуі тіркелді: 97,5 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарландыру және 115 мың түйіндеме орналастырылды.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Руслан Сариев Франсиско Фигередомен айқасады
Отандық «Алаш Прайд» промоушені 27 мамырда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен халықаралық турнир ұйымдастыруды көздеп отыр.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Астанадағы 109-шы мектепке 109 күн толды
Астана қаласы әкімдігінің №109 орта мектебінде «№109 мектепке – 109 күн» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен кеңес өткізді
Жиында еліміздегі инвесторлар қызметінің өзекті мәселелері, олардың елішілік құндылықты дамытуға қосқан үлесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары жасалды
Биологиялық препарат баржалардан суға төгіліп, шыбын-шіркейдің дернәсілдерін жояды. Өңдеу Аққулы ауданынан басталып, ағын бойымен Ертіс ауданына дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандықтар қызығушылық танытты. Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданған. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Павлодарда 11 мыңға жуық адам жүрек ауруымен есепте тұр
Дәрігерлер бұл дерттің жылдан жылға «жасарып» бара жатқанын айтады. Бұған ең алдымен, тұрғындардың өз денсаулығына салғырт қарауы себеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер сынға түсті
23 - маусым мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ұлытау облысында «Ел жанашырлары» атты дәстүрлі спартакиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында 1200 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысындағы департаменті Алға ауданында алқаптардың пайдаланылуына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Елімізде қандай спорттық нысандар салынып жатыр
Туризм және спорт министрлігі осы жылғы спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан негізгі жобаларды жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2025
Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңі басталды
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесіп, тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 15 Мамыр, 2025
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет салынған жаңа мектепке барды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Еңбек министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Еңбек министрлігінің басшысы екі күндік жұмыс сапарынының алғашқы күні өңір басшысы Дастан Рыспековпен кездесіп, облыс активімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 15 Мамыр, 2025
Степногорскте жаңа мектеп салынады
Степногорск қаласында 1000 орындық жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешені бой көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
Ерлан Қарин халықаралық симпозиумға қатысты
Бүгін Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
Абылай Мырзахметов түрмеден шартты түрде босап шығуға өтініш берді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2025
Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықты тіркейтін бейнекамералар саны артады
Елімізде экологиялық жағдайды жақсартуда заманауи әрі қолжетімді озық технологиялар енгізіліп отыр. Осы күні Қызылорда қаласында полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтауда Жедел басқару орталығындағы 272 бейнебақылау камерасының көмегіне жүгінеді.