он
Экономика • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан-Италия инвестициялық қоры құрылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен TRAMITE GROUP компаниясының негізін қалаушы, Қазақстан мен Италияның сауда-өнеркәсіп палатасының ресми өкілі Джанантонио Трамет арасында кездесу өтті. Басқосуда агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті кеңейту мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Мамыр, 2025
Отандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Мамыр, 2025
Илон Маск Трамп әкімшілігінен кететінін мәлімдеді
Миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының басшысы әрі АҚШ үкіметінің тиімділік департаментін (DOGE) басқарып келген Илон Маск өзінің мемлекеттік қызметтегі өкілеттігінің аяқталғанын мәлімдеп, Дональд Трампқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2025
Бөгеттерді нығайтуға 2 млн доллар грант бөлінеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Жапония үкіметімен Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту жобасын жүзеге асыру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлуге келісті, жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жыл, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 28 Мамыр, 2025
ЖСДП моноқалалардың мәселесін көтерді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке ресми сауал жолдап, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жүйелі және нақты шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2025
Дженнифер Лопестің концертіне билеттер қаншадан сатылып жатыр
Әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне билеттер сатыла бастаған сәттен-ақ қазақстандықтар жаппай сатып алуда. 2025 жылдың 28 мамырында концертке билеттердің ресми сатылымы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Мамыр, 2025
«Министрге хат» акциясы басталды
Акция аясында балалар еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевқа тікелей хат жолдай алады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Мамыр, 2025
Бүгін - Мырзатай Жолдасбеков өмірге келген күн
Бүгін, 27 мамыр – қазақ әдебиеттану ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің туған күні. Ғалым биыл 87 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Майк Тайсон мен Федор Емельяненко Қазақстанда күш сынасады
Атағы жер жарған кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның жасы 58-ден асса да, әлі де жұдырықтасып жүргені белгілі. Соңғы рет ол былтырғы жылдың қараша айында америкалық актер, блогер, шоумен Джейк Полмен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Еркін күрестен Қазақстан кубогінің иегері анықталды
Астанада еркін күрестен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Биыл күзде Загребте жалауы желбірейтін әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынған жарысқа Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұханнан басқа балуандардың барлығы қатысты. Ұлттық құрама бапкерлері дүниежүзілік додаларда дараланған дүлдүлдерге жеке бағдарлама бойынша даярлануларына рұқсат беріпті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Ақтау гарнизонында сүңгуірлердің дайындығы аяқталды
Ақтау гарнизонында сүңгуірлік даярлық бойынша оқу-әдістемелік жиналыс табысты аяқталды. Бұл шараға барлығы 15 адам қатысты, оның ішінде кеменің штаттан тыс сүңгуірлері де болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Мамыр, 2025
Қазақстан экономикасы соңғы төрт айда жоғары нәтиже көрсетті
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан экономикасы 6%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Елордада ат спортынан халықаралық жарыс басталады
2025 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы аралығында елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде екі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Мамыр, 2025
Үкіметте қазақ мұнайын тасымалдау мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізіп, мұнай тасымалы саласындағы ынтымақтастық пен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 26 Мамыр, 2025
«Путин есінен адасқан тәрізді». АҚШ Президенті мәлімдеме жасады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Владимир Путиннің әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Джерси штатында журналистерге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 26 Мамыр, 2025
Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Мамыр, 2025
Табиғи газды пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілді
2025 жылғы 23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне енгізілетін өзгерістерді бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 26 Мамыр, 2025
Қазақстанда автонесиелерге сұраныс артты
2025 жылдың алғашқы тоқсанында автонесиелер мен кепілді тұтынушылық несиелерге қызығушылық едәуір артты. Алайда, бұл саладағы мақұлдау деңгейі төмендеген. Ал ипотека мен кепілсіз тұтынушылық несиелерге сұраныс, керісінше, бәсеңдей бастаған. Мұндай деректерді Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге жүргізген сауалнама негізінде ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Мамыр, 2025
Қазақстандық әнші «The Voice of Azerbaijan» финалында өнер көрсетті
«Әзербайжан дауысы» вокалдық тележобасының финалдық нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Мамыр, 2025
Жоламан Биғабыл - Азия чемпионы!
Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 24 Мамыр, 2025
Автомобиль өнеркәсібі сенімді өсімді көрсетіп, компоненттік базаны кеңейтіп келеді
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсімді және компоненттік базаның белсенді дамуын көрсетіп отыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындары 145 290 бірлік техника, оның ішінде 134 мың жеңіл автокөлік, 7 705 жүк көлігі, 2 942 автобус және 665 арнайы техника шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 24 Мамыр, 2025
23 мамырда Қытайдың батысындағы ең ірі мегаполистердің бірі — Чунцин қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті. Шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырып, Қытай халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің Чунцин комитетімен (CCPIT Chongqing) бірлесіп жүзеге асырды.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Халықтың қартаюы зейнетақы жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) дерегінше, ағымдағы жылдың басында Қазақстан халқының саны 20,3 миллион адамды құрады. Ал 2050 жылға қарай 26,3 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Алайда бұл өсу халық құрамындағы құрылымдық өзгерістермен бірге жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Мамыр, 2025
Жаман ауруды жедел анықтайтын тәсіл табылды
Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды анықтауға арналған экспресс-гистология іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 23 Мамыр, 2025
Ғани Бейсембаев оқу жылын қорытындылады
Бүгін еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. 2024-2025 оқу жылын сала министрі қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2025
13 жасар теннисші тағы топ жарды
Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Мамыр, 2025
Азия чемпионатында боксшы қыздар 12 алтын алды
Бүгін Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қостанай облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Қостанай облысында көші-қон қызметінің мамандары республикалық науқан шеңберінде өткізген рейдтік іс-шаралар барысында заң бұзған шетелдіктерді ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау аясы кеңіді
Кәсіпкерліктің кеңге қанат жаюына көп кедергі бар дегенмен, ұлттың өркениетке қарайғы талабы мен талпынысы бұл жолда тап болған барлық тосқынды талқандап өтіп барады, деп хабарлайды Egemen.kz.