е
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
АКРА: Қазақстан экономикасы өсімді сақтайды, бірақ жаңа сын-қатерлерге тап болады
Аналитикалық кредиттік рейтингтік агенттік (АКРА) Қазақстанның алдағы жылға арналған макроэкономикалық және қаржылық үрдістері бойынша болжамын ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, негізгі назар монетарлық саясатқа, сыртқы сауда динамикасына және экономикалық өсімнің сапасына аударылады. Экономиканы әртараптандыру – өсімнің басты тірегі болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылға дейін зейнетақы жинағынан қалай ақша алып қалуға болады?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері орташа есеппен 10%-ға көбейеді. Яғни, жаңа жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алуға болатын соманың бір бөлігі қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
«Ешкімнің ойына келмеген шешім»: BMW жаңа жабдық ойлап тапты
Желтоқсан айында BMW өз автомобильдерінің корпусында және ішкі құрылысында қолданылуы мүмкін арнайы бұрандаларға патент алды. Яғни, компания өз көліктерін авторланбаған сервистік орталықта жөндеуді қиындататын жабдық ойлап тапты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2025
АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп Дания бақылауындағы Гренландияға арнайы өкіл тағайындағаннан кейін Америка аралды басып алуға қамдануы ықтимал деген болжам айтылып қалып жатты. Десе де АҚШ-тың Гренландияға жаңадан тағайындалған өкілі Джефф Лэндри ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы метросы 2040 жылы қай аумақтарды қамтиды?
Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын таныстырды. Құжаттағы ең маңызды жаңалықтың бірі – метрополитен желісінің ауқымды түрде кеңеюі. Қоғамдық талқылаулар 24-26 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2025
Парижде тағы да ұрлық: зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасалды
Өткен дүйсенбі Париждегі 10-шы аудандағы зергерлік бұйымдар дүкеніне тауар тасымалдаушыларға шабуыл жасалды. Қарақшылар құны 150 мың еуро тұратын жақұтты қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты.
Шаруашылық • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстан ет индустриясының болашағы Dala.Camp Forum 2026-да талқыланады
Қазақстан ет индустриясын дамыту және сиыр етін экспорттаудың болашақ қарқыны мен бағытын айқындайтын кезеңге аяқ басты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс
Президент әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет
Тұрғын үйлер сапалы салынуы қажет. Астана – құрылыс қарқыны бойынша елімізде көш бастап тұр. Бұл туралы Президент айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді
Атырау қаласындағы көшелер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен жұмыс кезінде көз жұмған полицейлердің есімімен аталатын болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды
Ұлттық музейде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 24 Желтоқсан, 2025
Биыл Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өтті
2025 жылы Қарулы Күштерде әскери басқару органдарын, құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді жоспарлы даярлау жүйелі түрде жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ
Мектеп тапшылығы – еліміздегі аса өзекті мәселенің бірі. Мектеп салу қарқыны бала санының өсу қарқынына ілесе алмай келеді. Бұл туралы Президент айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты, деп жазады Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салуды ұсынды
Астананы дамыту жайлы кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент New Generation School Astana ғимаратына барды
Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді
Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент мемлекет-жеке меншік серіктестігін жетілдіруді тапсырды
Президент, әсіресе жеке мектептерді дамытуға айрықша назар аударған жөн екенін алға тартты, деп хабарлайды Ақорда.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Милан-2026: Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға кімдер баратыны белгілі болды
Милан-2026 қысқы Олимпия ойындарына мәнерлеп сырғанаудан жолдама иеленген отандық спортшыларды Туризм және спорт министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Біз қазір ел өміріндегі тағдыршешті реформалар кезеңіне қадам бастық
Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының қазіргі кезеңіне тоқталып, мемлекеттік аппараттың барлық деңгейіне нақты талап қойды, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 24 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал
Жаңа жылмен бірге жаңа Салық кодексі де күшіне енеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық жүйесі түбегейлі жаңарады. Бұл бір мезетте қабылданған шешім емес. Айлар бойы Үкімет, депутаттар мен бизнес өкілдері қатысқан талқылаулардың нәтижесі. Алайда қоғамды алаңдатқан басты сұрақ: Жаңа салық реформасы базардағы бағаны қаншалықты өзгертеді?
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Қоршаған ортаны қорғау – стратегиялық мәселе
Бұл туралы Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңестегі сөйлеген сөзінде тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Ақорда Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 24 Желтоқсан, 2025
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жасанды интеллектті (ЖИ) оқу үдерісі мен ғылымға енгізуге бағытталған жаңа жобалар бастау алды. Осы жұмыстар аясында «Басқарылатын цифрландыру және өзгерістерге жүйелі көзқарас» тақырыбында екі күндік стратегиялық сессия өтуде, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда теледидар көру 21%-ға артты
Ұлттық Медиа Қауымдастығының 2025 жылғы зерттеу нәтижелері Қазақстанда теледидар аудиториясының айтарлықтай өскенін көрсетті, Әсіресе шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер негізгі өсім нүктесіне айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?
УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы додасы қазақ футболы үшін жай ғана кезекті маусым емес, ұлттық намыстың жаңа деңгейге көтерілгенін паш еткен айтулы оқиғаға айналды. SofaScore деректеріне сүйенсек, әлемдік футболдың алпауыттарымен иық тірескен Темірлан Анарбековтың көрсеткіші бүгінде еуропалық скауттардың назарын аударып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен жұмысына барынша қолайлы жағдай жасау барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті болуға тиіс екенін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ән • 24 Желтоқсан, 2025
«Астана Опера» солисі әйгілі Үлкен театр сахнасында өнер көрсетті
«Астана Опера» театрының солисі Нұрсұлтан Ануарбек Ресейдің Үлкен театрының тарихи сахнасында Рихард Штраустың «Саломея» операсында дирижер Валерий Гергиевтің басқаруымен өнер көрсетті. Әлемдегі жетекші опера сахналарының біріндегі бұл дебют әнші үшін кәсіби тұрғыдан маңызды белес әрі елеулі шығармашылық сынақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару саласына озық цифрлық шешімдерді енгізуде Жапонияның тәжірибесіне сүйену қажеттігін айтып, Астана әкіміне елордадағы Smart City жобасын жеделдетіп аяқтауды жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.