ақы
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
Биыл қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді?
2021 жылдың қаңтар - наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 465,4 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 12 Сәуір, 2021
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
2025 жылы докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2021
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
2021 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 77 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 20,5 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыға үстемеақы төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2021
Жамбыл облысында еңбекақы дауы жолға қойылды
Жамбыл облысында бүгінде еңбекақы дауы жолға қойылып, жыл басынан бері 108,1 теңге жалақы қарыздары өндірілген. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, бұл сомма биылғы жылдың басынан еңбек инспекторларымен анықталған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы екен. Ол еңбек даулары мен наразылықтар негіз болатын бірден бір себеп – жалақының уақытылы төленбеуі екенін айтты.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Биыл көпбалалы отбасыларға 69,2 млрд теңге жәрдемақы берілді
2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2 млрд теңгеге орта есеппен 437,2 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы наурызда жәрдемақының бұл түрін 444,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Бейнебақылау камералары балаларға қатысты бұзушылықтарды жедел анықтайды
Білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелерін орнатқаннан кейін балаларға қатысты жасалған бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 07 Сәуір, 2021
1,28 млн теңге: Еліміздегі оқу ақысы ең қымбат мектептер аталды
Нұр-Сұлтан қаласының ең қымбат білім ордаларындағы оқу ақысы қанша екені айтылды. Қазақстандық Forbes жариялаған тізімде 6 ақылы мектеп көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 06 Сәуір, 2021
Айтылды-орындалды: Дәрігерлердің жалақысы өсті
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тағы бір міндеттің орындалғаны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Ақылы жолдарды пайдаланудың жеңілдіктері көбейеді
Былтыр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақылы жол учаскелерінде жеңілдікпен жүруге түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасына бастамашы болды. Құжат жеңілдік берілген адамдар тізімін ұлғайтуды діттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2021
Қазақстанда 267 мың адам зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға ниетті
БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 267 759 өтініш, емделуге 4 263 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2021
Қорғаныс министрі Атырау облысында әскерге шақыру барысын тексерді
Қорғаныс ведомствосының басшысы Атырау гарнизонына жасаған жұмыс сапары аясында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барып қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Сәуір, 2021
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемі өзгерді
2021 жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. Бұған дейін БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын. Осылайша алушылардың көпшілігінде БЖЗҚ-дан алатын төлемдердің мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 110 пайыздан асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 12,6 триллион теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2021
Биыл қандай дақылдар көп егіледі?
Биыл 23 миллион гектар алқаптың шамамен 16 миллион гектарына астық егіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы ақпанда жәрдемақының бұл түрін 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңгеге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 21 Наурыз, 2021
Egemen Qazaqstan газетіндегі наурыз нақыштары
Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Egemen Qazaqstan газеті редакциясының қызметкерлері жұмыс барысында ұлттық киіммен жүріп, барша қазақстандықтарды құттықтады.
Қоғам • 18 Наурыз, 2021
«Бақытты отбасы» орталықтарында әкелер қандай кәсіп меңгере алады?
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қолдау шаралары туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 16 Наурыз, 2021
Адамдықты, ерлікті айтқан ерен ақын
Ақын Жамбыл тағдырының алғашқы кезеңі, дәлірек айтсақ, Кеңестік дәуірге дейінгі өмір жолы «қар қауып, мұзға түскен», қоқандық отарлаудың ойранынан пайда болған аса ауыр жағдайда өтті.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2021
Қазақстанда «ақылды қалалар» көбейіп келеді
«Зерде» холдингінің Басқарма төрағасы Арман Абдрасилов Минскідегі форумда «Елдің «ақылды» қалаларының» эталондық стандартын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
223 мың теңге: Қазақстандағы орташа жалақы туралы тағы айтылды
Қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы 223 мыңнан асты. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 15 Наурыз, 2021
Асхат Аймағамбетов мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін айтты
Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Сенатор Күрішбаев ЖОО оқытушыларының жалақысын қалай көтеру керек екенін айтты
Қазақстандағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының оқытушысының орташа жалақысы шамамен 120 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі 700 академиялық сағаттан асады. Сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында осындай деректерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2021
Қазақстанда зейнетақы жинағы жоқ шоттар жабылады
Қазақстанда жинақтары жоқ зейнетақы шоттары жабылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.
Әлем • 09 Наурыз, 2021
Бангладеш бақылау құрылғыларын не істейді?
Израильдің «Хаарец» басылымы Бангладеш үкіметі израильдік компанияның телефондарды бұзуға арналған құралдары үшін кем дегенде 330 000 АҚШ долларын жұмсағаны туралы хабар таратты. Негізі, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмаған. Сонда Бангладеш үкіметінің көксегені не? Жалпы, соңғы кезде қай елде болсын хакерлер мен алаяқтардың көбейіп кеткені жиі айтылып жүр, алайда оған қарсы пәрменді шара қолданылар емес.
Қоғам • 03 Наурыз, 2021
Елімізде балаларға қарағанда, қамаудағыларға көбірек жәрдемақы беріледі - Мәжіліс депутаты
Қазақстан билігі жәрдемақыны балаларға қарағанда, қамаудағыларға көбірек береді. Осылай деген Халық партиясынан қайта сайланған Мәжіліс депутаты Айжан Скакова осы мәселеге қатысты өзінің наразылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысы көбеюі мүмкін
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда, деді бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның 2020 жылғы қызметінің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орайластырылған «Рақымшылық туралы» Заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Азаматтар зейнетақы қаржысын жеке компанияларға бере бастады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтардан зейнетақы портфелін басқарушыға аударуға байланысты 87 өтініш келіп түскен. Аударымның жалпы сомасы 218,6 млн теңгеден асады екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Қаңтарда көпбалалы аналарға 22,5 млн теңге жәрдемақы берілді
2021 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 22,5 млн теңгеге орта есеппен 430,3 мың отбасы қамтылды. 2020 жылғы желтоқсанда жәрдемақының бұл түрін 428,3 мың отбасы жалпы сомасы 22 млн теңгеге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.