ЕНТ
Аймақтар • 04 Қараша, 2024
Шымкентте есірткі жарнамалаған арналар бұғатталды
Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтап, 18 Telegram-арнасын бұғаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 03 Қараша, 2024
Маңғыстауда компания директоры жұмысшылардың ақшасын жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Кезби» компаниясына қатысты қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Франция елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2024
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2024
Қазақстан мен Қырғызстанның Парламентаралық кеңесінің екінші отырысы өтті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Дзюдо федерациясының президенті елордадағы спорт нысандарын аралады
Қазақстанға ресми сапармен келген Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Solidcore Resources plc компаниясының директорын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2024
Президент ұстаздар қауымына айрықша көңіл бөледі - Ерлан Қошанов
Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам мектеп мұғалімі, колледждер мен ЖОО оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы «Amanat» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасында бас қосты. Олар орта және кәсіптік білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2024
Президент G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Ұлытау облысында 243 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жыл басынан бері сауда заңнамасын бұзған 243 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігі мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қазан, 2024
Президент бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қазан, 2024
Саясат Нұрбек Coventry University Kazakhstan студенттерімен кездесті
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы Coventry University кампусының студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 27 Қазан, 2024
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Қалалық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған 41 жастағы шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Egemen.kz.
Денсаулық • 26 Қазан, 2024
Дәрігерлер жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды
Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 26 Қазан, 2024
Германияның Бремен қаласында Республика күні тойланды
25 қазан күні Германияның Бремен қаласында Республика күніне орай «Тұғыры биік туған ел» деген тақырыпта мерекелік кеш өтті.
Президент • 26 Қазан, 2024
Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады
28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Қазан, 2024
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2024
Президент Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қазан, 2024
Шымкентте 11 жыл бойы жасырынған шетелдік ұсталды
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2024
Президент Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы «Қазан Экспо» көрме орталығына барды
Президент БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қазан, 2024
Президент Республика күніне арналған салтанатты жиынға қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында ел азаматтарын ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 23 Қазан, 2024
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Дәнекерлеуші тұтас бір отбасын ажалдан арашалаған
Оқиға 14 қазан күні Шымкентте болған, деп хабарлайды Egemen.kz.