өрт
Оқиға • 11 Тамыз, 2025
Алматы қаласының Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында асхана өртеніп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 08 Тамыз, 2025
Көліктегі өртті сөндіріп үлгерді
Шымкенттік полицейлер кезекшілікте жүрген кезінде кенет көліктен шыққан өртті байқап қалып оны дер кезінде сөндіріп үлгереді. Осылайша тәртіп сақшылары өрттің салдарынан туындауы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 07 Тамыз, 2025
Базарлардың өртенуі неліктен жиілеп кетті
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында журналистер төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтан елімізде базарлардың өртенуіне қатысты жағдайлар неліктен жиілеп кеткенін сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Тамыз, 2025
Оралда ірі сүт комбинатынан өрт шықты
Орал қаласы, Айталев көшесі бойындағы сүт комбинатының аумағында орналасқан бір қабатты, бөлек тұрған ыстау ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Түркияда орман өрттерінен жүздеген нысанға зақым келген
Соңғы екі ай ішінде Түркияның 13 аймағында болған орман өрттері 407 тұрғын үйді, 17 коммерциялық ғимаратты және 96 шаруашылық құрылымды толығымен жойып жіберген немесе айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Бизнес • 29 Шілде, 2025
Биг Шанхай базарындағы өрт: 300 кәсіпкер не істейді?
Астанадағы "Биг Шанхай" сауда үйіндегі ірі өрттен кейін BAQ.KZ редакциясы базар әкімшілігінен ресми түсініктеме сұратқан болатын. Бір апта өткен соң редакция сауалдарына жауап келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
Маңғыстауда экскурсия кезінде туристер мінген автобустан өрт шыққан
Маңғыстау облысында экскурсия барысында отбасылық жұп қайғылы оқиғадан аман қалған. Беларусьтен келген қонақтар жолда өрт шыққан автобустың ішінен әрең құтылған, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Шілде, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Солтүстікте жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауып, таңертең тұман түседі. Ал еліміздің Оңтүстігінде шаңды дауыл болжанған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Шілде, 2025
ТЖМ құтқарушылары өрттен 42 адамды эвакуациялады
Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Шілде, 2025
Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Төтенше жағдай • 25 Шілде, 2025
Алматыда Кеңсай-1 аумағындағы тау бөктерінде шыққан өрт оқшауланды
Алматы қаласының Медеу ауданында Кеңсай-1 аумағында тау бөктеріндегі өрт 15 гектар алаңды шарпыған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Кипрдегі орман өртінен 2 адам қаза тапты
Кипрдің Лимассол мен Пафос аймақтарында болған орман өрті 124 шаршы шақырым аумақты жайлады. Табиғи апаттың салдарынан 29 ауыл электр жарығынсыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 24 Шілде, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері жеті жанды өрттен құтқарған
Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған жедел жәрдем қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты. Арнайы қабылдауға аталған ауданның №6/6 жедел жәрдем бригадасы құрамындағы фельдшерлер Ғабит Ерғаж, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков келді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Шілде, 2025
Өскеменде көппәтерлі үйдің шатырынан өрт шықты
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 18 Шілде, 2025
«Биг Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі
Бүгін Астанадағы «Биг Шанхай» базарында өрт шықты. Осы оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Атырауда жеке иеліктегі тұрғын үйге найзағай түсті
Атырауда найзағай жарқылы түскен 2 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше, 13 шілдеде кешкі сағат 19:47-де болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Шілде, 2025
Алматыдағы хостель өртіне кінәлілерге үкім шықты
2023 жылдың 30 қарашасында Алматыдағы хостельдердің бірінде өрт болып, 13 адам қаза тапқан еді. Бүгін Алмалы аудандық соты қайғылы оқиғаға қатысты ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедьяров пен «Гидсервис» компаниясының иесі Александр Пекельникті кінәлі деп тапты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Шілде, 2025
Францияның оңтүстігінде орман отқа оранды
Францияның оңтүстігінде басталған жойқын орман өрті екінші ірі қала Марсельге таяп қалған. Апат салдарынан теміржол қозғалысы тоқтап, қаланың халықаралық әуежайы уақытша жабылған, деп хабарлайды Egemen.kz BFMTV және France24 телеарналарына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 05 Шілде, 2025
Тілсіз жау жалпы аумағы 1500 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Өрт қаупі кезеңі басталғалы 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Елімізде өрт қаупі кезеңі басталғалы бері 261 орман өрті тіркелді. Жалпы өрт аумағы 27 мың гектардан асты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Шілде, 2025
Өрт сөндірушілер «Ертіс орманына» бағыт алған тілсіз жауды тоқтатты
Павлодар облысында өрт сөндірушілер дала өртін жедел түрде жойып, тілсіз жаудың орман алқабына таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Маусым, 2025
Тоғыз адам күйік жарақатын алды
25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Ильичевка ауылында төтенше жағдай орын алып, 9 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
Елімізде өрт маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Өрт қаупі жоғары кезеңде еліміздің барлық өңірлерінде Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл шаралардың негізгі мақсаты табиғи өрттердің алдын алу, орманды және дала аймақтарында, сондай-ақ саяжай аумақтарында өрт қаупін азайту, сонымен қатар тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Маусым, 2025
Атыраудағы қамыс өрті 11 күннен кейін сөндірілді
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау облысы, «Ақжайық» резерватындағы қамыс өрті бүгін, 24 маусымда сағат 14:00 шамасында толық сөндірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Маусым, 2025
«Ақжайық» резерватындағы өрт: салдарын жою және алдын алу шаралары қабылдануда
20 маусымда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт салдарын жоюға арналған жедел штабтың көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2025
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2025
Өскеменде өрттен 19 адам құтқарылды
Өскеменде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 19 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2025
Ер адам төртінші қабатқа өрмелеп шығып, өртті сөндірді
Алматыда кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында шыққан өртті сөндірді. Оның ерлігі әлеуметтік желі қолданушыларын таңқалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Маусым, 2025
Батыс Қазақстанда өрт болып, 5 сәби қаза тапты
Бүгін түстен кейін Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты ауылында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, үй мүліктері мен жиһаз жанып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Маусым, 2025
Канададағы орман өртінен мыңдаған адам эвакуацияланды
Канадада орман өрттері күрт күшейіп, елдің бірнеше аймағында күрделі жағдай қалыптасқан. CBC телеарнасының хабарлауынша, Саскачеван провинциясында басталған алапат өрт салдарынан 400-ден астам үй жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.