театр
Өнер • 10 Қазан, 2021
Түркістан тағы бір рухани ордамен толықты
Күн өткен сайын түрленіп келе жатқан қасиетті Түркістан қаласының архитектуралық ансамблі көз тартар жаңа сәулетті ғимаратпен толықты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 07 Қазан, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Абылай» драмасы сахналанды. Тарихи қойылым арқылы аталған өнер ошағы сексен алтыншы маусымын ашты. Бұл шығарма жазушының талай жылғы ізденісінің жемісі, зерттеуінің нәтижесі деуге болады. Автор бұған дейін де Төле би, Бауыржан Момышұлы және тағы да басқа тарихи тұлғалар туралы туындылар жазған.
Театр • 01 Қазан, 2021
Түркістандағы жаңа театрда «Бөрте» спектаклі қойылады
2021 жылдың 9-10 қазанында Түркістан музыкалық драма театры белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабековтың пьесасына қойылатын «Бөрте» спектаклімен тұңғыш рет шымылдығын ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2021
Қазақстан мен таяу шетел театрлары Көкшетауда бас қосады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4-8 қазан аралығында Көкшетау қаласында үшінші халықаралық «ТеART-Көкше» фестивалі өтеді. Оның аясында Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келетін 12 шығармашылық ұжым түрлі жанрдағы қызықты қойылымдарын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 21 Қыркүйек, 2021
Кейде, қолым бір қалт етіп босай қалған сәттерде, театрдан немесе теледидардан кісінің көптен бері қалғып кеткен ойлары мен кейбір сезім күйлерін қозғайтын тартымды спектакльдер мен кинофильмдерді іздеп жүріп көретінім бар. Өкінішке қарай, ондай классикалық дүниелер күнде туа бермейді емес пе, сондықтан да мұндай бақытты сәттер қай-қайсымыздың да басымызда көп ұшыраса қоймайды.
Елорда • 21 Қыркүйек, 2021
Осы аптада елордада қандай мәдени шаралар өтеді?
Театр және концерт маусымдарының басталуымен елорданың мәдениет мекемелері күн сайын қала тұрғындары мен қонақтарын өз қойылымдарымен және бағдарламаларымен қуантады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2021
«Астана Балет» театрының IX маусымы ашылды
Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Қыркүйек, 2021
Елордада Nur-Sultan theatre week театр фестивалі өтеді
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Nur-Sultan theatre week халықаралық театр фестивалі өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Алматы мемлекеттік Қуыршақ театрындағы Момынжановтар отбасын әріптестері сыртынан «миллионер отбасы» деп әзілдейді. Әйтпегенде ше, бір кәсіп, бір театр, бір орта, бір отбасы ортақтастырған ерлі-зайыпты әртістердің екеуі де талантты, екеуі де еңбекқор. Отағасы Болат Момынжанов еліміздің мәдени кеңістігінде рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген үздіктерге берілетін «Сахнагер» Ұлттық театр байқауының жүлдегері болса, жұбайы Ұлбосын Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығын жеңіп алған. Театр өнеріндегі талантты әртістерге берілетін ең жоғарғы сыйлықты миллион теңгемен бірге еншілеген екеуі содан бері өз ортасында «миллионер отбасы» атанып кетті.
Театр • 13 Қыркүйек, 2021
Мерейлі маусымның шымылдығын түрді
Күз келсе, күзбен бірге театрлардың да мәуесін жайған ағаштай бойындағы бар жақсысын көрерменіне ұсынуға асығатын дағдысы биыл да сол қалыбынан айнымады. Елордалық театрлар бірінен кейін бірі жаңа маусымының шымылдығын түріп, астана халқын тамаша қойылымдарымен тәнті етіп үлгерді. Әйтсе де биылғы маусымның, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры үшін орны бөлек. Өнер ұжымы ХV мерейлі театр маусымының шымылдығын түрді.
Өнер • 03 Қыркүйек, 2021
«Домалақ ана» елордалық көрермендерге ұсынылды
Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны Нұр-Сұлтан қаласының көрермендеріне тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 31 Тамыз, 2021
Елордада «Домалақ ана» операсы сахналанады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы 2-3 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласы «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театр сахнасында Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Кинотеатр көрерменімен көрікті
Бұрыннан келе жатқан дағдарыс пен қиындықты одан сайын тереңдетіп жіберген тәжтажалдың соққысынан тұралаған салалардың ішінде, әсіресе, киноөндірісі көбірек зардап шегіп отыр.
Өнер • 18 Тамыз, 2021
Көкшетауда аймақтық театр фестивалі өтеді
17-20 қыркүйек аралығында Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған III аймақтық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап
Театр • 12 Тамыз, 2021
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының актері Дастан Әлімовті мен алғаш көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі бас кейіпкер – жас баланың бейнесіндегі рөлі арқылы таныдым. Бұл туындыны режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Осы қойылымда кішкентай кейіпкермен Дастанның жан-дүниесінде бір ұқсастық бар екені байқалды. Өйткені жеткіншектің қуанышы мен қайғысын, қиялы мен сағынышын актер жүрегімен сезініп, көрерменге шынайы жеткізе білді.
Қоғам • 13 Шілде, 2021
Карантинде қарызға батқан кинотеатрлар жабылып жатыр
Қазақстандағы кинотеатрлар пандемиядан кейін шығынға батты. Карантинге байланысты 9 ай бойы жұмыс істемегендіктен еліміздегі бірқатар кинозалдар жабылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 08 Шілде, 2021
«Домалақ ана» операсы әлемдік сахналарда қойылатын болды
Шымкентте ҚР еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамадқызының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне «Домалақ ана» операсының премьерасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 07 Шілде, 2021
Алматыдағы опера және балет театры 87-маусымын аяқтады
Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры 87-маусымын «Спартак» қойылымымен жапты. Ол аталған өнер ордасында алғаш рет 1974 жылы сахналанған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2021
Елордада Қ.Ахмедьяровтің 75 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
«Астана Опера» театрында Қаршыға Ахмедьяровті еске алуға арналған «Күмбірле, асыл домбыра» концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Маусым, 2021
Қазақстанда әскери театр ашылды
Қазақстанда алғаш рет әскери театр ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 22 Маусым, 2021
Қазақстанда қанша театр жұмыс істеп тұр?
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың сөзінше, 2020 жылы елімізде алғаш рет 5 мәдениет ұйымына Президент Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі берілген, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 21 Маусым, 2021
Астана Опера театры елорда күніне мерекелік бағдарлама әзірлеп жатыр
«Астана Опера» театры елорда күніне орай ауқымды мерекелік бағдарлама әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 11 Маусым, 2021
Қазақстанда тағы 5 кинотеатр жабылды
Былтыр пандемияның белең алған тұсында төртеуі жабылған еді. Биыл тағы біреуі қаржылық қиындыққа төтеп бере алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2021
Маңғыстаулықтар театрға Ashyq қосымшасы арқылы кіреді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры «Найзағай» драмасын көрерменге ұсынбақ. Театрға көрермендер Ashyq мобильді қосымшасы арқылы кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 12 Мамыр, 2021
Ұлттық театр өнерінің негізін қалаған үркердей топтың ішіндегі үлкен өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Серке Қожамқұловтың 125 жылдық мерейтойы жарты ғасырдан астам өзі еңбек еткен М.Әуезов атындағы драма театрынан бастау алды.
Өнер • 05 Мамыр, 2021
«Қазақфильмнің» үздік 50 киносын онлайн тамашалауға болады
«Қазақфильмнің» коллекциясындағы үздік 50 кинотуынды тұңғыш қазақстандық QAZAQSHA онлайн-кинотеатрына көрсетілімге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 30 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда «QALLEKI» лабораториясы ашылды
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI» лабораториясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 29 Сәуір, 2021
1 мамырда әлемнің он алты елі онлайн бас қосады
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермен қауым, оның ішінде Бразилия, Аргентина, Боливия, Венесуэла, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор сондай-ақ Ресей, Польша, Белгия, Сингапур, Швеция мен Австралияда тұратын отандастарымыз Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аясында «Астана Опера» театрының спектаклін бір мезетте тамашалайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Кино • 20 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Елордада кинотеатрлар Ashyq жобасына қатысу арқылы жұмыс күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.