Оқушы
Білім • 01 Маусым, 2025
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев биылғы оқу жылын табысты аяқтаған дарынды оқушылармен кездесті. Іс-шара үздік нәтижеге қол жеткізген оқушыларды марапаттап, олардың білім мен шығармашылықтағы жетістіктерін атап өту мақсатында ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Білім • 28 Мамыр, 2025
Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орын алған резонанстық жағдайға байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин оқушымен, оның ата-анасымен және педагогикалық ұжыммен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Мамыр, 2025
Атырау облысында мектеп бітіретін 222 түлек «Алтын белгі» алуы мүмкін
Биыл Атырау облысында 11-сыныпты 7 мың 415 оқушы бітіреді.
Руханият • 21 Мамыр, 2025
Алматыда мектеп жанындағы лагерьлерде дайындық жұмыстары басталды
Оқу жылы аяқталғаннан кейін 200-ден астам мектеп жазғы лагерьлерге балаларды қабылдауға дайындық жасалып жатыр.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 16 Мамыр, 2025
Қазақстан оқушылары биыл 362 медаль олжалаған
2024-2025 оқу жылында дарынды балалар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль, оның ішінде 41 алтын олжалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2025
Қазақстандық оқушылар Менделеев олимпиадасында 11 медаль жеңіп алды
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды. 40 елден жиналған үздік жас химиктер арасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 11 медаль иеленді. Осылайша оқушылар АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропаның мықты құрамаларын басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Мамыр, 2025
Абай облысында оқушылар су сүзгісін жасады
Оқушылар қарапайым заттардан тиімді жұмыс істейтін су сүзгісін жасап шығарды. Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.
Технология • 06 Мамыр, 2025
Оқушылар қоршаған ортаны тазартуға арналған робот құрастырды
Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берікқазы су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Ұлттық мектеп лигасының финалы басталды
Ұлттық мектеп лигасы – Қазақстандағы балалар арасындағы ең ірі спорттық жоба. Бүгін Астанада 7–8 сынып оқушыларына арналған осы жобаның республикалық финалы басталды. Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен үздік шыққан 5000-нан астам оқушы қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Мамыр, 2025
Қазақстандық оқушы ең үздік лингвист атанды
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы - APLO-2025 байқауында қазақстандық оқушылар 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Сәуір, 2025
Алматылық студенттер халықаралық мектептерде қазақ мәдениетін дәріптеп жүр
Алматы қаласында бүгінде 70-тен астам жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – халықаралық үлгідегі, білім беру ағылшын тілінде жүргізілетін оқу орындары. Осы орайда отандық жоғары оқу орны мен орта білім беретін мекемелер оқушыларды қазақиландырудың жолдарын қарастыруда.
Денсаулық • 30 Сәуір, 2025
Маңғыстауда 400 оқушы уланды: кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты
Маңғыстаудағы мектеп асханасынан уланған балалардың ісі бойынша кәсіпкерге қатысты соттың үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Мектеп оқушысы қатарластарына әлімжеттік көрсеткен
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының қатарластарын ұрып-соққан видеосы кеңінен таралып жатыр. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме беріп, бейнежазбадағы оқиға Іле ауданы Қараой ауылында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Қостанайда жұмыс берушілер форумы өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Smart» орталығында өткен іс-шара барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өңірдегі «Allur», «KIA», «Агромаш» және «KamLiT» тәрізді жетекші кәсіпорындардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Қаруланған оқушы мектепке шабуыл жасап, алты адам зардап шекті
Қайғылы оқиға Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында болған. Қарулы шабуылдан мұғалім мен бес оқушы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Мектеп • 23 Сәуір, 2025
180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды
Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін бір мезетте тебірене оқығандар – Ақтөбе облысының мектеп оқушылары, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Енді ата-аналар мектепте берілетін тамақтың сапасын бақылай алады
Былтырдан бері ел мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе сынақтан өтіп жатыр. Жүйе 5-11 сыныптарда әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына берілетін тегін ыстық тамақтың әділ әрі ашық түрде таратылуын қамтамасыз етуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 21 Сәуір, 2025
Инженерлік турнирде Қазақстан оқушылары 6 марапат иеленді
Хьюстондағы (АҚШ) FIRST Championship 2025 халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті. Аталған білім бәйгесіне 110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 19 Сәуір, 2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірген «Жасыл әлемді бірге құрайық!» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2025
Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмды
«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында «Мерседес» маркалы шағын автобустың қатысуымен жол-көлік апаты болды,-деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2025
Қарашөкеев зерек оқушыларға алғыс білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында қолға алынған «Ой шебері» зияткерлік ойынының жеңімпаздарымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Мектеп • 19 Наурыз, 2025
«Адал азамат» бағдарламасына 4 миллионға жуық оқушы қатысқан
Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2025
Семейдегі оқушылар төбелесі: әлімжеттік жасағандарға үкім шықты
18 наурызда Семей қаласында жасөспірімдердің баланы соққыға жыққаны туралы іс бойынша сот отырысы жабық режімде өтті. Судья бес жасөспірімді девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы мектепке жіберу жөніндегі бес азаматтық істі және айыпталушыны ерекше тәртіптегі мектепке орналастыру туралы бір істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Наурыз, 2025
Астаналық 3 мың оқушы «Қамажай» биімен рекорд орнатты
Тамаша іс-шара бүгін «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2025
Бір мезетте 200 мың оқушы су үнемдеу туралы ашық сабаққа қатысты
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Су үнемде - болашақты сақта» атты ауқымды жобаны бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2025
Елордада «Суды үнемде - болашақты сақта» жобасы басталды
Жоба аясында Астана қаласындағы мектеп оқушыларына суды үнемдеудің маңызы мен тәсілдері түсіндіріледі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Наурыз, 2025
CodiPlay: Оқушылар бағдарламалауды үйренеді
Былтыр Үкімет тарапынан CodiPlay жобасын мектептерде қолдану туралы тапсырма берілді. Оқушылардың цифрлық дағдыларын арттыруға бағытталған жоба аясында қазіргі кезде оңтүстік астанада 100 мыңнан астам оқушы бағдарламалауды үйреніп, жеке жобаларын әзірлерумен айналысып жатыр.