Астық
Қазақстан • 01 Қазан, 2024
Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік тереңдеп келеді – Андрей Яцкин
ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының Бірінші орынбасары Андрей Яцкин Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 22-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Қыркүйек, 2024
Қазақстаннан Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артқан
Дәстүрлі түрде еліміздің астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді. Сонымен қатар соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2024
Астық қоймасында ірі өрт болды
Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2024
QazTrade сауда өкілдігін Шаньдун провинциясында ашу ұсынылды
ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шаньдун провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзимен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2024
Ресейден Қазақстанға 8 вагон бидай кіргізбек болғандардың жолы кесілді
Ағымдағы жылдың 11-12 қыркүйегінде Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 12 Қыркүйек, 2024
Құқықтық база қалыптастыру ісін жалғастырудың берері мол - М.Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің II Парламентаралық форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Қыркүйек, 2024
Фермерлерге астықты кептіру үшін дизель мен сұйытылған газ бөлінді
Энергетика министрлігі Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршыларының өтінімдері бойынша астықты кептіру агрегаттары үшін 67,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынының қосымша көлемін бөлді. Бұл туралы Энергетика министрлігі 9 қыркүйекте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі-дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2024
Ресейден Талдықорғанға заңсыз бара жатқан 4 вагон бидай кері қайтарылды
Қазақстанға дәнді-дақылдарды әкелуге тыйым салынғаннан бері тыйым салынған өнімді заңсыз әкелуге тырысқандар көбейген. Белгіленген шектеулерді айналып өту үшін әр түрлі әдіс қолданылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Қыркүйек, 2024
Мемлекет резервіндегі астықты жымқырған шенеунік жазаланды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС, «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е.Жүсіповке қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Тамыз, 2024
Елімізде 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Еліміздің барлық өңірінде егін жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2024
Фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен күзгі дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб үздіксіз егін жинау науқанына кедергі келтіретін тактикалық мәселелерді дереу шешу мақсатында құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Шілде, 2024
Президент: Ауқымды энергетикалық жобаларды тиімді жүзеге асыру қажет
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге БАҚ өкілдері үшін өткізген брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Шілде, 2024
Қазақстанда Азия саудасы мен мәдениетін қатар алып жүретін қауымдастық құрылды
Астанада «Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» құрылып, оның төралқасының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 01 Шілде, 2024
Қазақстанның 4 қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі белгіленеді
Елордада 2-5 шілде аралығында бірқатар маңызды іс-шаралар мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді деп жоспарланған. Осыған орай Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Шілде, 2024
Астанадағы саммит: Әуежай мен вокзалдарда жұмыс уақыты өзгере ме?
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Астана төрінде бас қосады. ШЫҰ саммиті өтетін күндері елорда әуежайы күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 11 Маусым, 2024
Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль
Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Маусым, 2024
Ертең футболдан Қазақстан - Армения матчы өтеді
Ертең Ереванда футболдан Қазақстан құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 05 Маусым, 2024
Сенатта астық саласын дамыту мәселелері талқыланды
Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары еліміздегі астық саласын дамыту мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 05 Маусым, 2024
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді
Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Мамыр, 2024
Еуразия ұлттық университетінің дипломы Қытайда беріледі
Биыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қытайдағы филиалы ашылады. Онда химия және биология саласындағы мамандар даярланады. Осылайша, аспан асты елінің студенттеріне өз елінің аумағынан шықпай, ЕҰУ дипломын алуға мүмкіндік беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2024
Қазақстан-Ресей: Сенаторлар стратегиялық әріптестікті нығайта түсті
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен депутаттар Ольга Булавкина, Ернұр Әйткенов, Сергей Ершов, Нурия Ниязова, Талғат Жүнісовтер Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 21-ші отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар жан-жақты ынтымақтастықты өрістету, тарихи естелік пен мәдени мұраны сақтаумен қоса мәдени-гуманитарлық саланы жетілдіру, сондай-ақ екі елдің туризм және спорт саласындағы байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 24 Мамыр, 2024
Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Агенттік жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды енгізу бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Осы айдың 22-24 күндері аралығында Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делегациясы Гонконгта өтіп жатқан «Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа жолын жобалау» атты 8-ші симпозиумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Сәуір, 2024
Президент қазақ-армян ынтымақтастығының белсенді дамыған бағыттары туралы айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Арменпресс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Армения мен Қазақстан арасындағы мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегін де атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 12 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Наурыз, 2024
Société Générale банкі өкілдерімен қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2024
Қазақстан-Қытай форумы: Сауда және экономикалық ынтымақтастық кеңейтілді
Таяуда Астана қаласында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай – Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнінде экспорттаушылардың екінші форумы өтті.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Сенатта Қазақстан-Түркия жүк тасымалы туралы заң қаралды
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан мен Түркияның халықаралық құрамды жүк тасымалындағы ынтымақтастық туралы заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 05 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті. Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.