е
Марапат • 23 Қазан, 2024
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 23 Қазан, 2024
Елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Қазан, 2024
Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі мұғалім бірден «Қазақстан Еңбек Ері» атағын алды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар мен еңбек ардагерлері бар.
Елорда • 23 Қазан, 2024
Астанада осы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 26 және 27 қазанда осы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысып, 800 тоннаға жуық экологиялық таза өнім ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 22 Қазан, 2024
Қар аралас жаңбыр жауады: Синоптиктер 23 қазанға арналған болжамын ұсынды
«Қазгидромет» синоптиктері 23 қазан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Дәнекерлеуші тұтас бір отбасын ажалдан арашалаған
Оқиға 14 қазан күні Шымкентте болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 22 Қазан, 2024
Кинотеатрларда «Веном. Соңғы би» туындысы қазақ тілінде көрсетіледі
Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толықты. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды. «Venom: The Last Dance» фантастикалық экшн туындысы 24 қазаннан бастап көрсетіле бастайды. Әлемдік үздік фильмді «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып, дубляждаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қазан, 2024
Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 22 Қазан, 2024
Мирас және Сеул Кибер университеттері меморандумға қол қойды
Корея Республикасы делегациясының Шымкентке ресми сапары барысында Мирас университеті мен Сеул Кибер университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қазан, 2024
«AMANAT» партиясы ғимаратына ең үлкен Мемлекеттік Ту ілінді
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында көлемі 24-те 12 метрді құрайтын Мемлекеттік Ту ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 22 Қазан, 2024
Өз құндылықтарымыз да жеткілікті - Қуаныш Сұлтанов
1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. 5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен декларация қабылданған күн – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні, деп жарияланды. 2009 жылдың 22 сәуірінен бастап белгілі себептермен ұлттық мереке тізбесінен алынып тасталды. 13 жылдан кейін, яғни, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды. Еліміз үшін ең маңызды мереке қарсаңында, сол жылдары осынау ұлы істің басы-қасында болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Академиясының академигі Қуаныш Сұлтановпен сұхбаттасқан едік.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
ҰҚК темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті
Қазақстаннан құрылыс материалдары деген желеумен, 336 мың қорап темекіні алып шекарадан өткізуге әрекеттенген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 22 Қазан, 2024
Түркияның Гебзе қаласында табиғи газ жарылды
Түркияның Коджаэли провинциясында орналасқан Гебзе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде табиғи газ жарылған. Төтенше жағдай салдарынан жеті адам зардап шеккен, оның үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2024
Астанада «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді
26 қазан күні сағат 13:00-де «Барыс Арена» спорт сарайында «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Қазан, 2024
«Скафандр және көбелек» кітабы қалай жазылды
Ерік-жігері мықты адамның бағындырмайтын белесі жоқ. Алға қойған мақсатына жетпей қоймаған сондай жандардың бірі француз журналисі Жан-Доминик Боби.
Аймақтар • 22 Қазан, 2024
Өңірлерде оқушылардың күзгі демалысына арналған бағдарламалар әзірленді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен күзгі каникул кезінде мектеп оқушыларына бірқатар тегін іс-шаралар ұйымдастырылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 22 Қазан, 2024
Елорда жастары ерекше челлендж ұйымдастырды
Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады. Ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1000-ға жуық ту ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Олжас Бектенов «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына қатысты
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қазан, 2024
Ақтөбеде ерекше балаларға арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды
Аталған нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 22 Қазан, 2024
Нобель сыйлығының иегері анасына қандай уәде берген
Жапон жазушысы Кэндзабуро Оэ 1994 жылы «ақындық қуаты арқылы адамзат алдындағы қиыншылықтарды айқындайтын көркем кеңістік жасап шығарғаны» үшін Нобель сыйлығымен марапатталады. Алайда бұл жаңалық анасын аса қуантпаған сияқты.
Президент • 22 Қазан, 2024
Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2024
«15 минут үшін 500 теңге». Ақтау әуежайында тергеу басталды
Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты бағаны көтеру және бәсекелестік қағидаларын бұзу күдігі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Алаяқтар 30 мың адамның есепшотын есірткі саудасына пайдаланған
«Аңқау елге арамза молда» болған интернет алаяқтары қитұрқы әрекеттерімен қарапайым халықты құрығына іліктіріп, 30 мың адамның жеке банк карталарын қылмыстық схемаға пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Ақтауда жоғалып кеткен қыз 6 күннен кейін табылды
Ақтау қалалық полициясы 6 күн іздестірілген жасөспірімнің табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 22 Қазан, 2024
Албанияның бұрынғы Президенті қамауға алынды
Тиранда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратураның (SPAK) бұйрығымен Албанияның бұрынғы президенті және Бостандық партиясының негізін қалаушы Илир Мета ұсталды. Ол ақшаны жылыстату, сыбайлас жемқорлық және кірісті жасырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қазан, 2024
Ауылға жұмысқа орналасқан дәрігерлерге 10 млн теңгеден берілген
Жетісу облысында медициналық кадрларды тарту үшін алғаш рет ауылдық жерлерге жұмысқа келетін дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін көтерме төлемдер төлене бастады, ал қалада жұмысқа орналасқан мамандар 5 млн теңгеден алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2024
Әлем чемпионаты: Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты
Албанияның Тиранада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел балуаны Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Алматыда шетелдіктен 4,5 мың ақбөкен мүйізі тәркіленді
Алматы полицейлері жеке үйлердің бірінде 50 жәшікке 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін сақтаған Қытай азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Маңғыстауда ер адам жүкті әйелін пышақтап өлтірмек болған
Маңғыстау ауылында орналасқан сауда орталығында ер адам аяғы ауыр әйелін өлтіруге оқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Қазан, 2024
Кәсіпқой боксшы ұлттық құрамаға қайта оралды
Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамамен бірге жаттығуға кірісіп, әуесқой боксқа оралмақ, деп хабарлайды Egemen.kz