аз
Бокс • 23 Мамыр, 2025
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионаты финалында 54 келіде Элина Базарова қоржынға алғашқы алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Түркістан облысында арызданушылардың саны артқан
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ықпалымен жыл басынан бері 78 азаматтың, оның ішінде сыртқы байқау қорытындысымен 40 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Мамыр, 2025
Тұлға еңбегі насихатталуы керек
Алаштың алғашқы конституциясы деп бағаланған «Қазақ елінің уставы» еңбегінің авторы Барлыбек Сырттанұлы туралы біреу білсе, біреу білмейді. 20 ғасыр басындағы рухани, саяси элита шоғырында ерекше аталатын тұлға қазіргі Ата заңымыздың негізін қалаған. Оның бұл еңбегі - Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды құқықтық нормалардың жаңғырығы, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 23 Мамыр, 2025
Ми қай кезде өз-өзін тазартады
Күн сайын миымыз миллиондаған ақпаратты өңдеп, ойлап, есте сақтап, шешім қабылдап, жүйкеге салмақ түсіретін жұмыс атқарады. Ал түнде ұйықтағанда біз тек демалып жатырмыз деп ойлаймыз. Бірақ шын мәнінде, дәл осы кезде ми өте маңызды бір істі атқарады — өзін-өзі тазартады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Мамыр, 2025
Алматы тау кластеріне туристерді тарту жұмыстары жанданады
Еліміздің туристік тартымдылығын арттыра түсу мақсатында Алматы тау кластерін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Халықаралық тәжірибе тауға шығатын туристер саяхат үшін жазғы не қысқы маусымның тиімді тұстарын саралаған, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 22 Мамыр, 2025
Азия додасын ер боксшылар 10 алтынмен аяқтады
Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатын Қазақстан құрамасының (U19) бас бапкері Мақсат Бақтыбазар қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 22 Мамыр, 2025
Tazaqazbot арқылы 17 мың экологиялық мәселе шешілді
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2025
«Ана тіліне» арналған алғашқы олимпиада
Елімізде «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы өтті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жобаны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесе жүзеге асырып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Мамыр, 2025
Министрлік репродуктивтік денсаулық апталығын қорытындылады
Елімізде 12-16 мамыр аралығында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Репродуктивтік денсаулық апталығы өтті. Іс-шараның мақсаты — халықтың репродуктивтік денсаулық туралы сауатын арттырып, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың, адам папиллома вирусының профилактикасын түсіндіру болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Мамыр, 2025
Елімізде шегіртке зиянкестерімен күрес күшейтілді
Республиканың 14 өңірінде шегіртке зиянкестерімен күресу мақсатында 464 мың гектардан астам алқап өңделді. Егістік алқаптарды үйірлі шегіртке зиянкестерінен қорғау және мониторинг жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Мамыр, 2025
Азия чемпионатында боксшы қыздар 12 алтын алды
Бүгін Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Астанада келесі жылыту маусымына дайындық басталды
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жылу маусымы Астанада ақаусыз аяқталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелей түсу үшін тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Қазақстанда жаңа газ құбыры салынуы мүмкін
Қазақстан Ресеймен республика аумағы бойынша жаңа газ құбырын салу мәселесін талқылады. Энергетика министрлігі хабарлағандай Ресейден Қытайға көгілдір шикізат транзиті үшін жаңа құбыр салу жөнінде «Газпроммен» келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Елімізде балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді
Оқу-ағарту министрлігі 22–30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Тянь-Шань қоңыр аюы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде фототұзаққа түсті
Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды. Жануар сәуір айының соңында орнатылған бейнеқұрылғы арқылы тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Түрікменстан өзара инвестицияларды қорғауға келісті
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім ратификацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау саласындағы ынтымақтастықты талқылады
20 мамыр күні Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Жеңімпаз балуанға білім гранты берілді
Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Рымтай Ізбастыұлын еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 21 Мамыр, 2025
Ірі жобалардағы ілгерінді істер
Президент тапсырмасымен іске асырылып жатқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ірі жобасы – полиэтилен өндіретін зауыт. Биыл толық көлемдегі құрылыс жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Мамыр, 2025
Кітап ісі, реставрация, консервация және қолжазбаларды зерттеу саласында ынтымақтастық дамиды
Алматыдағы «Ғылым ордасының» қызметкерлері Тегеранға сапары барысында ғылыми, мәдени және архив салаларындағы өзара серіктестікті нығайтуға арналған ынтымақтастық кездесулерін өткізді.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Табиғат аясында 7 балалар лагері жұмыс істейді
Санаулы күндерден кейін басталатын оқушылардың жазғы демалысына қала сыртындағы жеті лагерьде қызу әзірлік жүріп жатыр. Бұл күндері маусымдық «Әлия», «Campіt», «Мұғалжар», «Мұнайшы» лагерьлерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Білім басқармасының мәліметіне қарағанда, Ақтөбе облысында 291 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Мамыр, 2025
Сырт көз сыншы. Алғаш Алаш шаһарына келгенде көшенің шаңынан көз аша алмайтын едік. Облыс орталығының тазалығына жауаптыларды аймақ басшысы да аямай сынға алды. Нәтижесінде қазір тек Семей қаласы ғана емес, өңірдің өңі кіре бастағаны сезіледі.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Жүрегі қазақ деп соққан – Альбина
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының топырағында білім мен тәрбиенің шамшырағына айналған білікті ұстаздар аз емес. Солардың бірі – Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Гадирова, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Абай облысында сарбаз қаза тапты
Абай облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз бактериалды менингиттен көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Мамыр, 2025
«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленіп жатыр
Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайын болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Мамыр, 2025
Азия елдерінде COVID-19 қайта өршіді
Оңтүстік-Шығыс Азияда, әсіресе Қытай, Гонконг және Сингапурда COVID-19 вирусы қайта өршіп жатыр. Оған вирусың мутацияға ұшырауы себеп болған, деп жазады Egemen.kz
«Таза Қазақстан» • 20 Мамыр, 2025
Жыл басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Акция таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2025
Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы туралы айтты
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде елімізді көркейту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының мақсаты да осыған негізделгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 20 Мамыр, 2025
Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі артты
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6,43%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, сол жылы ЖЭК үлесі небәрі 3% болған, деп хабарлайды Egemen.kz.