АҚ
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Ақмола облысында найзағай соққан бала қаза тапты
Ақмола облысында найзағайдың соғуынан бала көз жұмды, тағы бір жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Денсаулық сақтау реформаларының жемісі мен жетістігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған міндеттер аясында денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асуда. Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтып, әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған жүйелі реформалар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Ауылдарда 538 жаңа медициналық нысан салынды
Президенттің тапсырмаларына сәйкес елімізде медициналық инфрақұрылымды жаңартуға және емдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға 20 миллиард теңге аударылған
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылған. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыған. Бұл Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанды
Абай облысында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әскери ұшақ жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
1800-ден астам су маманы тұрақты жұмыспен қамтылған
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері су шаруашылығы саласында 1 805 маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Тамыз, 2025
Ауыл халқы өзекті мәселелерін депутатқа жеткізді
Бүгін Мәжіліс депутаты, ЖСДП төрағасы, фракция жетекшісі Асхат Рақымжанов Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусовка ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың инфрақұрылымға қатысты көтерген мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2025
Елімізде агроклиматтық полигон құрылады
Парниктік газдардың кесірінен ғаламдық климаттың өзгеруі жер бетіндегі барлық мемлекетте өзекті мәселеге айналып отыр. Әр ел түйткілдің түйінін тарқатудың өзінше жолын ұстанып келеді. Соның ішінде Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға қарай бөлінділерді 325 млн тонна СО₂-ға дейін қысқарту көзделген, бұл міндетті орындауда агросектордың белсенді ат салысуы қатысуы қажет. Ал ауыл шаруашылығы еліміздегі парниктік газдардың екінші ірі көзі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды
2028 жылға дейін Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді жоспарлап отыр. 18 тамыз күні Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Ләззат Танысбай «Еуразия» телеарнасының басшысы болып тағайындалды
Белгілі журналист Ләззат Танысбай «Еуразия» бірінші арнасын басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Өзбекстан Сенатының төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2025
Қостанай облысында орташа жалақы 381 мың теңгеден асты
2025 жылдың екінші тоқсанында жұмыскерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) 381 146 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Президент Қостанай облысы әкіміне ауылдарды сумен қамтуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Велотректен ел чемпионаты басталды
Спорттың бұл түрінен ел біріншілігі Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Өзбекстан Сенатының төрағасы ресми сапармен елімізге келді
Қазақстанға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Президент Ақмола облысы әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2025
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Жаңа кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер күні белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2025
Халықаралық сарапшы Қазақстанның су саласындағы жұмыстарын жоғары бағалады
Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Орталық Азия жобасының жетекшісі Александр Николаенко су дипломатиясы саласындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Хамзат Чимаев UFC чемпионы атанды
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өткен UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде Хамзат Чимаев (14-0) пен Оңтүстік Африка өкілі Дрикус Дю Плесси (23-2) өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Ұлттық спорт жаңаша дамып келеді
Ұлттық спорт – халықтың болмысын, мінезін және рухын айқын көрсететін айна. Қазақ күресі мен дәстүрлі садақ ату – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұра, бүгінгі ұрпақтың мақтанышына айналған өнер. Уақыт өткен сайын бұл спорт түрлері тек ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып келеді. Еліміздің мақтанышы атанған балуандар мен мергендер жетістіктері арқылы ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатады.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы – Мақсат Шотаев
Ұлттық ойындарымыздың ішінде тоғызқұмалақ бүгінде әлемнің 30-дан астам елінде кеңінен танымал. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық мұрасы, ой мен зердені шыңдайтын зияткерлік мектеп. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тоғызқұмалақтың дамуына жанашырлықпен атсалысып келе жатқан аға жаттықтырушы, осы саланың көрнекті өкілдерінің бірі Мақсат Шотаевпен Спорт күні қарсаңында сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2025
Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шаруашылық • 16 Тамыз, 2025
Ақмола облысында шаруаларға 117 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді
Ақмола облысының 910 ауыл шаруашылығы құрылымдары Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде жеңілдікті қаржыландыруға ерте қол жеткізуді пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Тамыз, 2025
Зеленский Вашингтонда Трамппен кездеседі
Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен 18 тамызда кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Тамыз, 2025
Қазақстан Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуін Украина бойынша диалогтың бастауы ретінде құптайды
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
Мәдениет • 16 Тамыз, 2025
Әлемдік басылым Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады
24 елде өкілдігі бар Pressenza халықаралық баспасөз агенттігі Димаш Құдайберген туралы мақаласын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Россимен және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесуде ынтымақтастық перспективасын талқылады.