Соңғы жаңалықтар
Президент • 07 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 07 Қыркүйек, 2025
Күйшілер тақтасына қашалған есім
Астананың ортасында әлемде жоқ аллея бар. Күйшілер аллеясы. Абылай хан даңғылы мен күйші Дина көшесінің қиылысындағы бұл орынның маңдайын жарқыратып, даңқын асырған Дина Нұрпейісова ескерткішінің алаңында рухани шаралар өтіп тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыға Michelin жұлдызды әйгілі аспаздар келеді
Алдағы 7-21 қыркүйек аралығында Алматыда Michelin жұлдызды әлемге әйгілі аспаздардың қатысуымен дәстүрлі Almaty crossroads гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 06 Қыркүйек, 2025
Ашықтық және болжамдау: медицинада ресурстардың цифрлық есебі енгізілуде
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының базасында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен цифрлық трансформация жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қыркүйек, 2025
Талғарда тағы қанды қылмыс: бір адам көз жұмып, бала ұрланды
Талғар қаласында ер адамды атып өлтіріп, жас баланы ұрлап әкеткен қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Қыркүйек, 2025
Алматы прокуратурасы БАҚ-ты жалған ақпарат таратпауға шақырды
Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Қыркүйек, 2025
Қызылорда облысындағы экологиялық мәселелерді шешу – Мәжіліс депутаттарының бақылауында
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен Қызылорда облысында экология мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025
Жамбыл ауданының Троицк ауылында бір әжей орманға саңырауқұлақ теруге кеткен жерінен адасып, учаскелік полицияны дүрліктірді. Әжейдің үйге оралмай, адасып кеткені туралы оның жолдасы полицияға хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Суицид • 06 Қыркүйек, 2025
Шымкентте оқушы көз жұмар алдында төрт сыныптасына хат қалдырған
Шымкентте 9-сынып оқушысы өз үйінің сарайында асылып қалды. Жақындарының айтуынша, қайғылы жағдайдың себебі — буллинг, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Қыркүйек, 2025
Күздің ең пайдалы өнімі — қырыққабат: дәрігер кеңесі
Қырыққабат күз мезгіліндегі ең пайдалы өнімдердің бірі: оның құрамындағы С дәрумені мол, ал шырыны қабынуға қарсы әсер береді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Анастасия Якимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 06 Қыркүйек, 2025
Күзгі әскерге шақыру науқанының басымдықтары қандай?
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қыркүйек, 2025
Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астанадағы, Алматыдағы және Шымкенттегі айырбастау пункттері доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: бүгін төрт қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды
6 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қыркүйек, 2025
Батыс Қазақстан облысында 15 оқушы оқитын мектеп бар
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Жетібай ауылындағы Жамбыл бастауыш мектебі туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қыркүйек, 2025
Жалған жұмысқа орналастыру арқылы 1 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлем ұрланды — ҚМА
Қаржылық мониторинг агенттігі жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақыларды және атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін заңсыз тағайындау деректерін анықтады. 2024-25 жылдары агенттік жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге залал келтірген 13 қылмыстық істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Қыркүйек, 2025
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура
Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қыркүйек, 2025
Конго Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9–10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.
Еңбек • 06 Қыркүйек, 2025
Қазақ мұнайының тарихы Қарашүңгілден басталады. ХІХ ғасырдың соңында осынау өлкеден табылған бір тамшы мұнай бүгінде ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналып отыр. Қыркүйектің алғашқы жексенбісі – осы салада еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі.
Есірткі • 06 Қыркүйек, 2025
Жүзден аса есірткі зертханасы жойылды
Елімізде есірткі тұтыну мен тарату қылмыстарының алдын алу мақсатында өткен жылы Ішкі істер министрлігінің құрылымында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылған еді. Аталған ведомствоның ұйытқы болуымен қоғам кеселіне қарсы бағытталған түрлі шара қолға алынып жатыр. Соның бірі – «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025
Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында тәулігіне 120 тонна жүгері дәнін кептіруге және 110 тонна түйіршіктелген жем шығаруға қауқарлы заманауи зауыт пайдалануға берілді. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен инвестициялық жобасы арқасында өңірге 500 млн теңге көлемінде қаржы тартылды.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2025
Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?
Бала болған соң, бір-бірімен шекіспей тұрмайды. Алып-ұшқан адуынды мінезімен алды-артын аса бағамдай бермейтін жасөспірімдер төбелесінің салдары кейде үлкен дауға ұласып жатады. Тіпті қораз төбелестіргендей қаумалаған құрбы-құрдастары олардың видеосын желіге жүктеп, оның арты қоғамдық резонанс тудырады. Бір қызығы, мектептен жырақ жерде, сабақтан тыс уақытта болса да оқушылардың оғаш әрекеттеріне ата-ана емес, алғы кезекте мұғалім, мектеп әкімшілігі жаза арқалайды. Бұл қаншалықты әділетті?
Мектеп • 06 Қыркүйек, 2025
Батырда «Келешек мектебі» ашылды
Тұрғындарының саны жағынан өңірдегі ең үлкен Мұнайлы ауданында жаңа оқу жылы басталысымен су жаңа «Келешек мектебі» есігін оқушыларға айқара ашты. Бұл оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ортасын құруды мақсат еткен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан Маңғыстау облысындағы кезекті білім ошақтарының бірі.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Қоныс ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастаған шағын ауыл оқушыларының қуанышында шек жоқ.
Жасанды интеллект • 06 Қыркүйек, 2025
ЖИ бюрократиядан арылуға жәрдемдесе ме?
Бүгінде жасанды интеллект жаһан жұртын өз жетегіне ертіп алып барады. Нейрожелі қоғамның да, экономиканың да барлық саласына дендеп еніп келе жатыр. Бұл көштен біздің ел де қалыспауға барынша тырысады. Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Сол жиында мемлекеттік аппараттың жұмысын жеңілдету, мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, саладағы бюрократияны жою мәселелеріне де басымдық берілген-ді.
Digital • 06 Қыркүйек, 2025
Еңбекке ынталандыратын платформа
Алматы қаласының 16 жастағы оқушысы Сафия Ерлан жастарға жұмыс табуға көмектесетін «Work4Teen» стартапты негіздеді. Бұған оның басынан өткен жағдай себеп болған. Өткен жазда Сафия аниматорлық жұмысқа тұрып, бір ай балаларды қуантса да, еңбекақысын ала алмаған.
Білім • 06 Қыркүйек, 2025
Ұлттық жобаның көкжиегі кеңейсе....
Президент тапсырмасына орай елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асып жатыр. Жоба аясында биыл жаңа пішіндегі 57 мектептің табалдырығын 100 мыңға жуық оқушы аттады.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2025
Қазір отандастарымыз шетелдерге көп шығады. Білім іздеп шығады, қызметке орналасады, маусымдық жұмысқа кетеді, өзге елде демалуды қалайды. Байқағанымыздай Еуропа, Шығыс Азия жақтың халқы кербез, ешқайда асықпайды. Мұны Таиланд, Вьетнам, Малайзия секілді елдерге демалысқа барып келген жұрттан да естіп жүрміз. Біздегідей үнемі бір жаққа асығып, үлгермей, қоғамдық көлікке бір-бірін соғып мініп жатқан адам сирек. Сонда оларда шаруа жоқ па, әлде біз тым «еңбекқормыз» ба?
Заң мен Тәртіп • 06 Қыркүйек, 2025
Осыдан отыз жыл бұрын қабылданған Ата заңымыз – бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі мен демократиялық дамуының іргетасы. Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол қоғамның құндылықтар жүйесін айқындайтын тарихи бағдаршам.
Экономика • 06 Қыркүйек, 2025
Агроөнеркәсіп: қайта өңделген өнім үлесі
Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Үкімет Жолдауда айтылған тапсырманы орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Биылғы қаңтар-шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жеткен. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Ғылым • 06 Қыркүйек, 2025
Ғылым мен технология кеңістігіндегі қазақ тілі
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» атты республикалық конференция өтті. Жиынға Үкімет мүшелері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен тіл саясатына жауапты мамандар мен білім басқармаларының өкілдері онлайн форматта қосылды.