Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 08 Қыркүйек, 2025
Жаңбыр, найзағай, күшті жел: бүкіл Қазақстанда дабылды ескерту жарияланды
Түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түсуі мүмкінСиноптиктердің болжауынша 9 қыркүйекте Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстікте және орталықта шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, таулы аймақтарда жел күшейеді. Өңірлердің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Қошанов: Бұл құжат Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырудың стратегиялық бағдары
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Жолдау – елдің саяси өміріндегі елеулі оқиға әрі жаңа даму бағытын айқындаған айтулы құжат.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауы тұрақты экономикалық өсімге серпін береді - депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, құжатта ұлттық экономиканы дамыту мен әлеуметтік саланы жетілдірудің негізгі қырлары жан-жақты қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің аппарат басшысы тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Аппарат басшысы қызметіне ауысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ғылым • 08 Қыркүйек, 2025
Қыздар университеті ұстаздардың AI технологияны меңгеру дағдысын арттыруда
Болашақ ұстаздар – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университтетінің 12 мыңнан астам студенті мен магистранттары Coursera, Huawei және Astana Hub платформаларындағы курстарды аяқтап, біліктілігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 08 Қыркүйек, 2025
Абай облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда
Абай облысында тамыз айынан басталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және жағдайы төмен отбасындағы балаларды мектепке дайындау әлі де жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Технологиялық серпіліс пен цифрлық трансформация
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауы – жаһандық тұрақсыздық жағдайында ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжат. Президент бұл жолы экономикалық реформалардан бөлек, технологиялық серпіліс, инвестициялық әлеуетті арттыру және цифрлық егемендікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берді.
Президент • 08 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәдениет • 08 Қыркүйек, 2025
Қазақстанға XI ғасырдағы құнды картаның көшірмесі жеткізілді
Қазақстандағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына XI ғасырға тиесілі құнды тарихи дерек қосылды. Ұлыбритания елшілігі орталыққа Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған «MS. Arab. c. 90» шифрлы қолжазбаның 44a парағында бейнеленген Орталық Азия картасының көшірмесін сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Қыркүйек, 2025
Мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы жымқырғандар жазаланды
Өткен жылы Маңғыстау облысы прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізген, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2025
«Тапа» тайфуны Қытайда қауіп тудырып отыр
Қытайдың орталық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, биылғы маусымдағы 16-шы «Тапа» тайфуны дүйсенбі күні таңертең Гуандун провинциясының жағалауына жетті, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауында өндірісті дамыту мен инвестиция тарту басты бағыт ретінде белгіленді - Сенатор
Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына пікір білдіріп, онда өндірісті өркендету, инвестиция тарту және цифрландыру мәселелерінің айрықша маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер 9,10 және 11 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болаты туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2025
Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын балуандар анықталды
3-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан күрес федерациясы жаһан біріншілігінде ел намысын қорғайтын құрама жасақталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2025
Эверест шыңы дрондар арқылы қоқыстан тазартылады
Жер шарындағы ең биік тау – Эверестте қоқыс мәселесін шешудің жаңа жолы қолға алынды. Непал билігі алғашқы рет жүк тасымалдаушы DJI FlyCart 30 дрондарын іске қосып, 2025 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында 6065 метр биіктікте орналасқан лагерьден 300 келіден астам қалдықты төменге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Popular science агенттігіне сілтеме жасап.
Заң • 08 Қыркүйек, 2025
«Балдәурен» лагері санитарлық талаптарды жүйелі түрде бұзған
Бас прокуратураның хабарлауынша, РМҚК «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығында» санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің бұзылғаны анықталған, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президенттің Жолдауы тарихи сипатқа ие - Алишер Сатвалдиев
Сенат депутаты Алишер Сатвалдиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына пікір білдіріп, онда көтерілген бастамалардың ел болашағы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 08 Қыркүйек, 2025
Сенатор: Субсидиялау жүйесі бірыңғай платформаға көшті
Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдіріп, ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025
2030 жылға дейін жолаушылар вагондары толық жаңартылады
«Самұрық-Қазына» Қорының мәліметінше, осы жылдың желтоқсан айында жолаушылар вагондары паркі 51 заманауи вагонмен толығады. Қор вагондардың Астана қаласындағы отандық «Штадлер Қазақстан» зауытында жасалғанын атап өткен, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Бір палаталы Парламент тиімді болуы мүмкін - Нұртөре Жүсіп
Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында көтерілген парламенттік реформа мәселесіне тоқталып, бұл шешімнің оңай болмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Бүгін, 8-қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин: Жолдаудың басты идеясы – цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы Жолдауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басты әрі біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 08 Қыркүйек, 2025
Бүгін әлем чемпионатының шаршы алаңына 7 боксшымыз шығады
Ливирпульде бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін ел құрамасы сапынан 7 былғары қолғап шебері келесі айналымға өту үшін күш салады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 08 Қыркүйек, 2025
Елімізде бензин бағасы өсе ме?
Қазақстан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі бензин бағасына қатысты алаңдаушылыққа жауап беріп, қазіргі жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2025
Садақ атудан мергендеріміз әлем чемпионатында жүлде алды
Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Қыркүйек, 2025
Павлодарда екі жарым мыңға жуық адам дәрігерлік тексеруден өтті
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысының шалғайда орналасқан 6 елді мекенін аралап шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025
АЭС атауы жөніндегі байқау комиссиясының құрамы мен ережесі бекіді
Өткен аптаның жұмасында еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Алматы облысы Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр стансасына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс өткізу мәселелерін қараған жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қыркүйек, 2025
Президент: Парламенттік реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Парламенттік реформа бастамасына қатысты түсініктеме беріп, бұл үдерістің ашық түрде жүргізілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Тоқаев жаңа саяси реформа туралы ойымен бөлісті
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жасанды интеллект негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай оң ықпалын тигізетін жаңа саяси реформа туралы ойын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Үкіметке әділ сауда тетіктерін әзірлеуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елдің ішкі нарығындағы импортқа тәуелділік мәселесін көтерді. Мемлекет басшысы үкіметке қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау және әділ сауда қағидаттарын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.