ет
Медицина • 25 Маусым, 2025
Шымкентте жасалған дәрі-дәрмек енді шетелде сатылады
Шымкентте дәрі-дәрмек өндіретін «Химфарм» АҚ жаңа тауарлық бренді Еуропалық Одақтың GMP сертификатын таныстырды. Бұл құжат кәсіпорынның өндірісі халықаралық сапа стандартына толық сәйкес екенін растайды. Және келешекте отандық дәрі-дәрмек экспортын әлемдік нарықтарға шығаруға кең жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 25 Маусым, 2025
Абай университеті диплом табыстау рәсімін бастады
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2024–2025 оқу жылының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі басталып, шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, бітіруші түлектер мен ата-аналар және қадірлі қонақтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Маусым, 2025
Үкіметте энергия тиімділігін арттыру мәселесі қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылықтар көбейген
Құрылыс жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алулар кезінде жиі тіркелетін жүйелі заңбұзушылықтар қоғамда негізді алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Тәуелді азаматтарды оңалтатын ұлттық бағдарлама қажет - Тұрлыханов
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің атына елімізде алкогольге, нашақорлыққа және ойын тәуелділігіне ұшыраған азаматтарды емдеу және оңалтудың жүйелі жолға қойылмауына байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 25 Маусым, 2025
Шымкент тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетілді
«Халық заңгері» – елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды құқықтық жоба. Бұл акцияның бірегейлігі – кез келген азамат еш кедергісіз, алдын ала жазылмай-ақ кәсіби мамандардан тегін кеңес ала алады. Аталған акция Шымкентте жалғасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Маусым, 2025
Дания корольдік театрының әртістері алғаш рет елімізде өнер көрсетеді
Негізі 1748 қаланған Еуропаның ең көне театрының Алматыға келіп өз эксклюзив бағдарламасын ұсынуы Қазақстанның өнер әлеміндегі айрықша оқиға болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мейлінше қолайлы жағдай жасау парыз. Біздің кейіпкеріміз Орал Қабылов рухының мықтылығымен ерекшеленетін адам, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Отандық журналистер әрдайым шығармашыл, жаңашыл әрі дамуға құштар - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 24 Маусым, 2025
Түркістан облысында 317 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді
Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Тастемірдің мәлімдеуінше, арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 13 күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Маусым, 2025
Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанды
Жеңіл атлетикадан Польшаның бас шаһары Варшавада Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Шикізатты терең өңдеу бағытында батыл қадам жасалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында Қазақстанның шикізатты терең өңдеу және жаңа буындағы өнеркәсіптік өндіріс құру жолында батыл қадам жасағанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол жаңғыртылады
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында Қазақстанның көлік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту арқылы стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға баса мән беретінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен оның халықаралық серіктестері арасындағы стратегиялық ықпалдастықтың сенімді платформасы ретінде алдағы уақытта да қызмет көрсете беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Павлодарда тәрбиеші балаларға қатыгездік көрсеткен
Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің екі жасар балаларға қатыгездік көрсеткені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камераларынан байқалған. Бұл туралы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Астанада ІІМ Басқару академиясы ашылды
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Судья және сот қызметкерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Қызметшілер кәсіподағы белсенді жұмыс істейді
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының салалық «Қызмет» филиалы Петропавл қаласының үлкен сарайында мерекелік кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Қазақстан Еуропа Кеңесі Конвенциясына қосылады
2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Президент полиция мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Бүгін – Мемлекеттік қызметкерлер күні
Бүгін Қазақстанда ресми кәсіби мерекелердің бірі – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл дата 2013 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2025
Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті
Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Кездесу барысында тараптар көлік инфрақұрылымы, «жасыл» энергетика, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар секілді маңызды салалардағы әріптестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2025
Үкіметте дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту жобасы талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті. Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Маусым, 2025
Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Синоптиктер РМК 23-25 маусымда елімізде болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 23 Маусым, 2025
Қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды
Таиландтың Ройет қаласында өткен жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ұлытау облысында ауру малдың қалдығын жоятын пеш сатып алынды
Ұлытау облысының ветеринария саласына жануарлардың аса қауіпті жағдайлары тіркелген жағдайда қалдықсыз жою үшін Камаз автокөлігіне орнатылған жылжымалы инсинератор пеші алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Маусым, 2025
Интернет-алаяқтықты құрықтау барысы
Солтүстік Қазақстан облысының ПД бастығы генерал Айдын Қабдұлдинов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.