Аң
Қоғам • 24 Маусым, 2024
«JOLTAP»: 1 апта ішінде мамандық ауыстыруға мүмкіндік беретін жоба
Астанада «JOLTAP» жобасы жүзеге асып жатыр. Жоба жұмыссыз азаматтарға жұмыс табуға және қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоба аясында 2 мыңнан астам астаналық түрлі мамандық бойынша оқыту курстарынан өтті. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Елімізде тағы бір санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжілісмен Нұрсұлтан Байтілесовтің депутаттық сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Маусым, 2024
Заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады
Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сот реформасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің әділ қорғалуын қамтамасыз ету, сол арқылы елімізде заң үстемдігін орнату мақсатын көздейді. Өткен жыл біз үшін үшін іргелі бастамаларға толы болды. Ең басты ерекшелік деп Конституциялық Соттын құрылуын айтуға болады.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы өтті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Салық кодексі жобасының таныстырылымы өтті. Жаңартылған Салық кодексін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мен қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Сарапшылар мәслихат депутаттарының өңірлердегі рөлін талқылады
19 маусым күні Еуразиялық интеграция институтында «Ашық саясат» сараптамалық клубы «Қазақстан өңірлеріндегі өкілді билік органдары: жұмыс істеу мәселелері мен перспективалары» тақырыбында кезекті пікірталас өткізді. Оған ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Маусым, 2024
Синоптиктер 21 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылатынын ескертті
Қазгидромет 21 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет • 20 Маусым, 2024
«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 7000-нан астам сәби дүниеге келді
Үкіметте «Аңсаған сәби» жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның басы-қасында жүрген репродуктолог мамандармен, қоғам белсенділерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 20 Маусым, 2024
Шетелдік өнімдер «отандық» белгімен сатылып жатыр. Мәселе шешіле ме?
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың 80 пайызы мемлекеттік сатып алулармен байланысты, оны азайту үшін оқиға болғаннан кейін емес, алдын-ала жұмыс істейтін бақылау жүйесі қажет. Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 20 Маусым, 2024
Сенаторлар ғылым және мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Елімізде электронды темекіге тыйым салынды
Бүгіннен бастап электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Енді Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2024
Маңғыстау облысындағы ауызсу тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Маңғыстау облысында тұщы су мәселесі өте өзекті.
Заң • 19 Маусым, 2024
Қазақстанда несие алушылардың құқығын қорғауға бағытталған Заң күшіне енді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 19 Маусым, 2024
Президент энергетика саласын жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 19 Маусым, 2024
Президент «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 19 Маусым, 2024
Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 19 Маусым, 2024
«Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Маусым, 2024
Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынын бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Маусым, 2024
Астанада екі даңғыл қиылысы жартылай жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы бір даңғыл жартылай жабылатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 18 Маусым, 2024
Сенатта ғылыми әлеуетті арттыруды көздейтін заңдар талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ғылым және технологиялық саясат жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған заңдарды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 18 Маусым, 2024
«Дәрігер Talks»: Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам дәрігер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылар «AMANAT» партиясының «Дәрігер Talks» диалог алаңында бас қосты. Олар медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылап, отандық медицинадағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға партиялық және ведомстволық наградалар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 18 Маусым, 2024
18 маусымда кей өңірде дауыл тұрып, бірқатар аймақта найзағай ойнауы ықтимал
Бүгін кей өңірде дауыл тұрып, бірқатар аймақта найзағай ойнауы ықтималҚазгидрометтің болжамы бойынша бүгін еліміздің бірқатар аймағында найзағай ойнап, тіпті кей өңірде бұршақ күтіледі. Десе де республиканың басым бөлігінде күн райы ыстық болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Маусым, 2024
Елімізде жаңа комитет пайда болады
Қазақстанда Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірін қайта құру жоспарланып отыр. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2024
Маңғыстау облысында жүк көлігі жанып кетті
Маңғыстау облысындағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай республикалық тасжолында «КамАЗ» көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Шымкентте 81 тонна спирт заңсыз өндірілген
Шымкент қаласында спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Маусым, 2024
«Астана-Петропавл»: Жол бойында жеңіл көлік өртенді
«Астана-Петропавл» автожолында жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2024
Жиһаз бизнесінің атын жамылып есірткі өндірген
Ішкі істер министрлігі жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің төрт өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2024
Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?
Қазіргі таңда әлеуметтің әлеуеті көлікті қолма-қол ақшаға сатып алуға жетпейді. Көпшілігі кредитке көлік алып, қарызын толығымен төлеп тастауға шамасы келмейді. Содан соң көліктің иесіне шұғыл ақша керек болып, темір тұлпарын сатуға тура келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Оралдағы саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырғаны мәлім. Осы орайда, Орал қаласында баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Маусым, 2024
Сот төрелігі академиясының түлектері судья қызметін атқаруға міндеттеледі
Бүгін, 14 маусымда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп республикалық бюджет есебінен сот төрелігі академиясында оқығандарды судья ретінде жұмыс істеуге міндеттеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Маусым, 2024
Бес мемлекеттің былғары қолғап шеберлері Жаңаөзенде сынға түсті
2024 жылдың 8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.