Соңғы жаңалықтар
Сенат • 11 Қыркүйек, 2025
Сенат жиналысы әзілмен басталды
Спикер Мәулен Әшімбаев залға кіріп, орнына жайғасқан сәтте депутаттар телефонмен суретке түсіре бастады. Осыны байқаған Сенат басшысы: «Естелікке суретке әлі ертерек», деп қалжыңдап, қатысушыларға езу тартқызды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Отбасылардың жағдайы жаңа балдық жүйемен бағаланады
Қазақстанның екі облысында отбасылардың әл-ауқат деңгейін балдық үлгі арқылы бағалау негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған пилоттық жоба іске қосылады. Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект 50 мың қазақстандыққа жұмыс табуға көмектесті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электронды еңбек биржасында жаңа мүмкіндіктің іске қосылғанын хабарлады. Енді жұмыс іздеушілерге жасанды интеллект көмегімен бос орындарды іріктеу қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Қыркүйек, 2025
Сенат инновациялық қызметті қолдау заңын мақұлдады
Сенаттың жалпы отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Коммуналдық төлемдер жаңа жүйеге көшеді
Қазақстанда коммуналдық қызметтерді төлеу ережелері өзгерді. Енді тұрғындар үшін есеп айырысу жүйесі ыңғайлы әрі бірізді болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қыркүйек, 2025
ҚХП өкілдері Жолдаудағы бастамаларды іске асыру жолдарын ұсынды
Қазақстан Халық Партиясы (ҚХП) «Экономиканы жаңа талаптарға сай басқару. Қоғамды одан әрі демократияландыру және Әділетті Қазақстан қағидаттарын орнықтыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кейінгі Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Қыркүйек, 2025
ШҚО-да заңсыз алтын өндірушілер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында заңсыз кен өндіру ісі әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең бай адам анықталды
Oracle компаниясының негізін қалаушыларының бірі және басқарушысы Ларри Эллисон әлемдік миллиардерлердің Bloomberg Billionaires Index рейтингінде бірінші орынға шықты. Ол Tesla мен SpaceX басшысы Илон Маскты басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Жеті жеке әуе кемесінің жұмысы уақытша тоқтатылды
Елімізде 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өткен жоспардан тыс тексерістердің нәтижесінде авиацияның жалпы мақсаттағы жеті әуе кемесінің пайдаланылуы тоқтатылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
«Ауыл» партиясы Парламенттік реформаны қолдайды
Бүгін Астанада «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған республикалық партиялық активтің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2025
Жамбыл филармониясында – жаңа маусым
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармония солистерінің 90-шы мерейтойлық маусымы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қойылды
Қазақстанда тіс емдеуге арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның ЖІӨ сегіз айда 6,5%-ға өсті
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткішке сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы тұрақты өсім ықпал еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Қыркүйек, 2025
Банктерге қатысты ескірген заң жаңартылады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, комитеттер жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олардың басым бөлігі халықаралық келісімдерді ратификациялауға бағытталды.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – Конго Демократиялық Республикасы: Тиімді серіктестіктің жауапты кезеңі
Кеше елордамызға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келіп, Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұраны орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына өтті.
Үкімет • 11 Қыркүйек, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктелді. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі
Пәкістан тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Делегация құрамында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор өкілдері болды.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Президенттік орталықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын сараптамалық талқылауға арналған жиын өтті.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2025
Саяси жүйе тұрақтылығының кепілі
Елімізде парламенттік құрылымның партиялық негізде қалыптасуы әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі ретінде маңызды. Дегенмен Қазақстан транзиттік даму кезеңінде болғандықтан, оның үстіне саяси институттар мен азаматтардың демократиялық мәдениеті әлі толық қалыптасып үлгермегендіктен, партияларға мүше емес азаматтар құқықтарының қорғалу мәселесі – өзекті және назар аударуды талап ететін тақырып.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2025
Криптовалюта қоры – қаржылық тұрақтылық негізі
Криптовалюта қоры дегеніміз – әлемдегі негізгі цифрлық активтерді сатып алып, олардан арнайы қаржылық резерв қалыптастыру. Қазір биткоин, эфир, айткойн, тонкойн сияқты танымал койндарды сатып алу арқылы белгілі бір қор құру жоспарланып отыр.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауда әлемнің жаңа тарихи кезеңге өткенін атап, еліміздің алдағы бағытын айқындады. Геосаяси шиеленістер мен институционалды дағдарыстар және жасанды интеллектінің даму қарқыны жағдайында басты сын-қатерлерге назар аударды. Ең негізгі міндеттің егемендікті қорғау және ұлттық мүддені сақтау екенін баса айтты.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауда осындай мерзім белгіледі. Қазақстан осы уақыт ішінде тиісті инфрақұрылымы бар нағыз Цифрлық мемлекет ретінде қалыптасады. Бүгінде бұл істің берік негізі қаланғанын атап өткен жөн. Өйткені жаппай цифрландыру кейінгі жылдары Президент реформаларының басты бағыттарының біріне айналды.
Басылым • 11 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауы – Өзбекстан баспасөзінде
Құдай қосқан көрші, бауырлас ел Өзбекстан еліміздің бағыт-бағдарына ерекше назар аударатыны сөзсіз. Өйткені Қазақстан аймақ дамуының бағытын белгілейтін ел екенін әлем жұртшылығы әлдеқашан мойындаған. Осы мағынада алғанда, өзбекстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы Жолдауын да қызығушылықпен қабылдады.
ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2025
Жаңа инвестициялық кезең: Өңірлердің жауапкершілігі артады
Еліміздің инвестициялық саясаты жаңа кезеңге қадам басқалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында өңдеу өнеркәсібі мен өңірлерге көбірек қаржы тарту қажеттігін айтып, Үкіметке инвестициялық жүйені түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. «Дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажет», деді Президент.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Қыркүйек, 2025
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі түлектерінің табысты мансап бастауына нәтижелі мүмкіндік ұсынып отыр. Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында оқу орны жаңа белестерге қадам басты.
Кәсіпқой бокс • 11 Қыркүйек, 2025
Әлемге әйгілі Boxrec.com сайты еліміздің ең үздік кәсіпқой боксшыларының рейтингін жариялады. Мықтылар көшін Жәнібек Әлімханұлы бастап тұр.
Мектеп • 11 Қыркүйек, 2025
Заманауи мектеп пайдалануға берілді
Семейдегі Водный кентінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Алма Шүкіжанова қатысты.
Ғалам ғажаптары • 11 Қыркүйек, 2025
«Salesforce» компаниясы басшысы Марк Бениофф 9 мың қызметкерді 5 мыңға қысқартқан, қазір 4 мың жұмысшының орнын жасанды интеллект-агенттері басып отыр.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Шеберлер шеруі» фестивалі аясында республикалық «Бақытты отбасы» ақпараттық-кеңес беру орталығының қолөнер шеберлері заманауи құрақ құрау, киізден бұйымдар жасау, терме алаша тоқу, ши өруден ақтөбелік 200 қыз-келіншекке шеберлік сабақтарын өткізді.
Ғалам ғажаптары • 11 Қыркүйек, 2025
Қазіргі заманда жасанды интеллект үлгілерінің электр энергиясын орасан көп тұтынуы алаңдаушылық тудырып отыр. АҚШ ғалымдары бұл түйткілге тың шешім ұсынды.