астана
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2023
Елімізде жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, алдағы жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Желтоқсан, 2023
Астанада жаңа жылдық отшашу бола ма?
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов Астана және Алматы қаласында дәстүрлі жаңа жылдық отшашуды атқылайтын қауіпсіз жерлер анықталып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2023
Бокстан әлем чемпионы «Жыл спортшысы» атанды
Елордада дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Астана» спорт форумы өтті. Форум аясында жылдың үздік спортшылары анықталды, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 21 Желтоқсан, 2023
Бүгін елордада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Бүгін Астана қаласында қар жауып, қатты жел соғып тұр. Осыған байланысты қалалық білім басқармасы екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды деген шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2023
Астанада бір түнде 44 жол апаты тіркелді
Қалалық полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2023
Астанада 2 мыңнан астам адам қар тазалауға шықты
Қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық • 15 Желтоқсан, 2023
Алдағы бес жылда Астанада 3 мемлекеттік емхана ашылады
Мемлекет басшысы ел ордасы Астанада ашылған жаңа емхананы аралап көрді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Желтоқсан, 2023
Президент пластмасса бұйымдарын шығаратын зауытты аралады
Астана қаласының №1 Индустриялық паркін аралап көру барысында Мемлекет басшысы «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС-нің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 15 Желтоқсан, 2023
Бірнеше баланы құтқарып қалған учаскелік инспектор үздік атанды
Астанада үздік учаскелік инспектор анықталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Желтоқсан, 2023
Жедел жәрдем көлігіне «жедел жәрдем» керек болды. Астана маңында екі көлік соқтығысты
13 желтоқсан түні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысып қалды. Астанаға бағыт алған жедел жәрдем көлігінің ішінде 73 жастағы науқас болған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Желтоқсан, 2023
Астанада шырша шамы Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды
Елордадағы бас шырша EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында орналасады. Шыршаның шамын жағу шарасы 17 желтоқсан күні, сағат 20:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
14 желтоқсанда мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы тұрғындарды құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
Мереке қарсаңында «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысы өтті
Елордада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz turanews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн оқиды
Аяздың күшеюіне байланысты 13 желтоқсан күні 2-ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Желтоқсан, 2023
Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды
«Астана» футбол клубы Самат Смақовты техникалық директор етіп тағайындады. Клуб аяқдоп шеберінің мол тәжірибесіне сүйеніп, «Астананың» техникалық ахуалы одан әрі түзеледі деп сенім артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада Қазақстанның үздік тауарлары анықталды
Бүгін елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық-көрме байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүлделер берілді. Енді байқау лауреаттары мен дипломанттары байқаудың эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада 11 күнде 14 көлік өртеніп кетті
Ауа райының суытуына байланысты азаматтардың автокөліктерінің өртеніп кету жайттары жиілеп кетті. Желтоқсанның 1-інен бастап 14 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырысы өтті
Қазақстан астанасында бұрынғы үкімет және мемлекет басшылары, әлемдік талдау орталықтарының жетекшілері сияқты беделді сарапшылардың басын қосқан халықаралық пікірталас алаңы - Астана клубының жетінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2023
Президент Астана қаласының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2023
Әлем чемпионы атанған каратэшілерге Астанада құрмет көрсетілді
Алматы қаласында 24-26 қараша күндері киокушинкай-кан каратэден өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған астаналық 8 спортшы қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің қабылдауында болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2023
Биыл қысқы маусымда Астана қаласы әкімдігі сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген қысқы серуен аймақтарын ашуды жоспарлап отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары серуендеуге арналған 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Желтоқсан, 2023
Астанада 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады
Елордада биылғы қысқы маусымда 60 - қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалады. Олардың бәріне кіру бас қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады. Тек сырғанауға арналған құрал-жабдықтарды жалға алу қажет немесе өзіңізбен бірге әкелуіңізге шектеу қойылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Желтоқсан, 2023
Астана маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды
City Transportation Systems компаниясы қолайсыз ауа райы салдарынан Астана маңына қатынайтын барлық бағыттағы автобустар уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Желтоқсан, 2023
Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды
Астанада бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары, колледждердің студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2023
Астанада аялдама ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті
3 желтоқсан күні қатты жел салдарынан Астанадағы Абылай хан көшесі бойындағы аялдама егде жастағы ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті. Ер адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталды
4 желтоқсанда Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
Қатты жел, көктайғақ. Астана-Щучинск бағытында көлік қозғалысы шектелді
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты Астана-Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Елордада қыстың алғашқы күнінде елу жол апаты тіркелді
Елордалық полиция қызметкерлері жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Астанада 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.