Ақ
Әскер • 27 Тамыз, 2025
Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жүреді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 18-бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ ер азаматтар шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Трамп Украинаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін
АҚШ тек Ресейге ғана емес, егер бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталатын болса, Украинаға да санкциялар мен кедендік баж салығын енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Тамыз, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Тамыз, 2025
Бұршақ, аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, жел күшейіп, күн күркірейді, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 26 Тамыз, 2025
Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты.
Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бұл шара тұрғындардың, әсіресе жастардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы арттыруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Тамыз, 2025
Ата Заң – құқық үстемдігінің негізі
Конституция әлем картасында жаңа пайда болған кез келген тәуелсіз мемлекеттің дербес белгілерін айқындайтын төлқұжаты. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толады. 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған бұл қастерлі заңда мемлекеттің егемендігі, келбеті, мақсаттары, адам құқықтары мен міндеттері, басқару жүйесі және басқа құндылықтар бекітілді.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді
Қазақстанда 2025 жылы 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және қайта құруға 129,4 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Тамыз, 2025
«Балақайлар мектебінде» 90 мыңға жуық бала дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғаяды - Серік Жұманғарин
Үкімет отырысында 2026–2035 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму болжамы қаралды. Құжатты Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі
Ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оны алушылардың саны 208 668 адамды құрап, оларға 15,7 млрд теңге төленген. 1999 жылы енгізілген бұл мемлекеттік қолдау түрі – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Тамыз, 2025
Бейжіңде «Silk Way Star» музыкалық шоуының ашылу салтанаты өтті
Қытай астанасында ШЫҰ-ның гуманитарлық алмасу-2025 бойынша «Үйлесімділік пен бірлік: болашақты бірге жасаймыз» форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Президенті Телерадиокешені делегациясы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Тамыз, 2025
Биыл елімізде крахмал-сірне зауыты іске қосылады
Жаңа зауыт 150 мың тонна жүгері өңдейді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Ұшақта жанжал шығарған жолаушы рейстен түсірілді
Жолаушы мас күйінде әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, өзін дөрекі ұстаған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция қызметкері әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Тамыз, 2025
Халықаралық агенттік Қазақстанның кредиттік болашағын бағалады
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанға қатысты болжамын «тұрақтыдан» «жайлыға» өзгертті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 25 Тамыз, 2025
АҚШ Украинаға 850 млн долларлық зымыран жібереді
АҚШ президенті әкімшілігі Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын 3,35 мың ERAM зымыранын беруге келісім берді. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Министр Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласымен танысты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр алдымен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Тамыз, 2025
АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады
Гавайи аралындағы әлемге әйгілі Килауэа жанартауы қайтадан атқылай бастады. Лаваның биіктігі 30 метрден асып, сейсмикалық толқындар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2025
Көкшетауда жүгіруден болған түнгі жарыстан кейін 35 жастағы әйел көз жұмды
Көкшетауда өткен түнгі жүгіру жарысы қайғылы жағдаймен аяқталды. 35 жастағы қатысушы 5 шақырымдық қашықтықта өзін нашар сезініп, есінен танып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржы • 23 Тамыз, 2025
Автосақтандырудың жаңа коэффициенті дайындалды
Қазақстанда көлік құралдарын міндетті сақтандыру құнын есептеу үшін жаңа түзету коэффициенттерін енгізуге ниетті екені осыған дейін айтылған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) қаулысының тиісті жобасы жария талқылауға шығарылды. Ол 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Тамыз, 2025
Ақтауда газ құю станцияларындағы кезектің себебі түсіндірілді
Ақтауда автогаз құю станцияларында ұзын-сонар кезектер пайда болды. Жағдайға байланысты қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Тамыз, 2025
Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 22 Тамыз, 2025
Түркістанда жас ақындар айтысы өтті
«Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысы еңбек адамдарын насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына және ҚР Мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Әбдікерім Манаптың 70 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
Биыл Конституция күні – 30 тамыз сенбіге түседі. Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күні демалыс күнінің үстіне түссе, келесі жұмыс күні де демалыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Жаңа саябақ «Тұран-2» шағынауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2,7 гектарды құрайтын саябақ демеушілер есебінен салынған. Паркте жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, субұрқақ, балалар мен спорт алаңшалары және автотұрақ қарастырылған. Сонымен қатар 1,8 гектар аумақты қамтитын көгал төселіп, түрлі қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Бақытжан Байжановқа жасалған рақымшылық заңды күшіне енді
Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қылмытық іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Тиісті сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.