Ай
Қоғам • 03 Наурыз, 2021
Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Бүгін Қазақстанның екі облысындағы жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Қостанай облысында 1 ақпанда медицина қызметкерлеріне вакцина егу басталған еді, араға бір ай салып, полицейлер мен мұғалімдерге де кезек келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Наурыз, 2021
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Бұл лауазымды Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Қайрат Бижанов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Бүгін шамамен сағат 16:30-да Қостанай – Әулиекөл автожолы бойындағы Новонежин мен Лаврентьев ауылдарының аралығында екі джип көлігі бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Маңғыстауда тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында алғыс айту күніне орайластырылған бірқатар игі шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Алматылық волонтерлер 1500-ден астам дәрігер мен өрт сөндірушіні Алғыс айту күнімен құттықтады
Биылғы жылдың 1 наурызында Алматы қаласының жастары мен жастар ұйымдары еліміздегі Алғыс айту күніне орай «Қызметіңіз үшін рақмет!» атты жалпықалалық акциясын өткізді.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Биыл Маңғыстауда Өзен және Жетібай кен орындарында мұнай бұрқағының атқылағанына 60 жыл толмақ. Мереке қарсаңында мұнайы мол дала тағы бір жағымды жаңалықты халық игілігіне ұсынды. Ол – Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тәңке учаскесінен ТЗ-1 бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағының атқылауы. Алынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ.
Әлем • 01 Наурыз, 2021
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Қырғызстан Республикасында Парламент сайлауы күзде болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Елордада «Алғыс айту» күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында «Magnum Cash&Cary» сауда орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, сол сияқты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері республика астанасында тұратын табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттарын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Алғыс айту күні Әулиеата өңірінде де өзіндік сән-салтанатымен аталып өтті. Айтулы мереке қарсаңында тараздықтар қала орталығындағы «Арбат-1» аллеясында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Наурыз, 2021
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Бүгін «Шын Жүректен»: Jurekten.kz әлеуметтік, волонтерлік жобасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 01 Наурыз, 2021
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Наурыз, 2021
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК наурыздың 2-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында пандемияның қиын кезеңдерін бірлесе еңсерген жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Наурыз, 2021
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Парламент • 01 Наурыз, 2021
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 01 Наурыз, 2021
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс ітейді, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Осындай штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Ақпан, 2021
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Ақпан, 2021
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тасжолы жабылған. Дегенмен жолға шыққан Шымкент – Степной бағытындағы автобус және басқа да автокөліктер қар құрсауында қалған.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2021
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 8 облысында ескерту жариялады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жастарға 3 млн теңге баспана сертификаты беріледі
Биыл Қостанай облысында жас отбасыларға қайтарымсыз баспана сертификаттары беріле бастайды. Бір сертификаттың құны - 3 млн теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.