ыс
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Уақытша жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу ережелері өзгертілді
"Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туарлы" ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Ақсай қаласында Батырхан Шүкеновтің муралы пайда болды
Танымал қазақ әншісі, әйгілі «А-студио» тобын құрушылардың бірі Батырхан Шүкеновтың құрметіне Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында мурал пайда болды. Жеті қабатты үйдің қабырғасына салынған суретте әнші қолына саксофонын ұстаған күйде бейнеленген,- деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қарағанды облысында 1300 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді
Жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын өңірдегі сан-салалы қоғамдық-саяси өмірдің тыныс-тірлігіне кеңінен шолу жасап, БАҚ өкілдерінің түрлі сұрақтарына да толыққанды жауап берді, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Қарағанды облысы карантинді күшейтуге мәжбүр
Қарағанды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров 13 маусымнан бастап карантиндік шаралардың күшейтілетінін арнайы өткізілген брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Атырауда құрылыс сапасын бақыламаған шенділер жазаланды
Индер ауданында тұрғын үй құрылысының сапасына жеткілікті бақылау жасамаған шенділер жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Шымкенттегі 8000 орындық мешіттің құрылысы келесі жылы аяқталады
Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орындық жаңа мешітте тазалық шарасы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы пара бергені үшін тергеуге алынды
Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Жамбыл облысында еңбек қатынастары қалай қалыптасқан?
Жамбыл облысының әкімдігінде бүгінде өңірдегі еңбек қатынастарының қалай қалыптасып отырғандығы жөнінде мәселе қаралды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904 жұмыскер ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбағандықтан, 10904 адам қашықтықтан, 4109 адам толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәл қазіргі шақта еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Елбасы кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық орнатты
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Орнатылған қоян-қолтық байланыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттауды, жастар саясаты саласында тиімді серіктестік орнатуды, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеуге бағытталған мәдени-танымдық және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды көздейді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Мақтааралда 800-ден астам жергілікті тұрғын құрылыста жұмыс істеп жүр
Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердің тұрғындарына үй салып жатқан құрылыс компанияларында 1475 азамат еңбек етуде. Олардың 810-ы тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындары. Қазіргі сәтте тағы 43 бос жұмыс орны бар. Ол жұмыстарға да жергілікті тұрғындарды тарту жоспарлануда, - деп хабарлады Egemen.kz.
Видео • 11 Маусым, 2020
Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көлі емдік қасиетімен пайдалы. Әрі осы аудандағы ірі көлдердің бірі. Былтыр, ойда жоқта, Көбейтұз көлі көпшіліктің назарын аударды. Сол-ақ екен, көлді іздеп, жолға шыққандар көбейе бастапты. Неге дейсіз ғой?
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Атырауда 11 жасар бала Жайыққа батып кетті
Кеше кешкісін жоғалып кеткен баланың өлі денесі Жайық өзенінен табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Маусым, 2020
Журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқыланды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің бейбіт жиналыста қызмет ету қағидаларын жауапты меморгандарға түсіндіру үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті МИ-8 тікұшағымен сөндіріп жатыр
Алматы облысындағы қатты-тұрмыстық қалдықтардың қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге көлемі 3 тоннаны құрайтын су тасымалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Мақтааралда мамандар тұрғындарға құрылыс талаптарын түсіндірді
Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Nur Otan партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдоуси елді мекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Ондағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету.
Үкімет • 10 Маусым, 2020
А. Мамин Қырғызстан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Алматыда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигоны жанып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова тоқсанға толған теміржолшыны құттықтады
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі теміржолшы, Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішевті 90 жасқа толуына орай құттықтап, құрмет көрсетті, - деп жазады Egemen.kz
Білім • 10 Маусым, 2020
Маңғыстауда аймақ басшысы қанша білім грантын бөледі?
Жылдағы дәстүр бойынша маусым айында өтетін ҰБТ қорытындысымен мемлекеттік гранттар бөлінеді. Министрлік тарапынан биылғы мемлекеттік грант көлемі 69 256 орынға бекітілді. Оның ішінде бакалавриатқа - 53 785 грант, магистратураға - 13159 грант, PhD докторантураға - 2312 грант, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 10 Маусым, 2020
Астрахань қаласы маңынан Алтын Орда дәуіріне қатысты тың олжалар табылды
Ресейдің Астрахань облысындағы Селитренное ауылына жақын жерде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында ғалымдар жаңа артефактілерді тапты, - деп жазады халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жаңаөзенде аурухана қызметкерлері 37 млн теңгені жымқырған
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы балалар ауруханасының қызметінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 37 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы.
Қоғам • 10 Маусым, 2020
"Отбасының әлеуметтік картасы" 1500-ге жуық отбасының тұрмысын жақсартты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асыратын "Отбасының әлеуметтік картасы" жобасы аясында бір жарым жыл ішінде шамамен 1 500 отбасы күрделі және дағдарысты жағдайдан шығарылды, - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Алматы облысының агроөнеркәсіп кешені қанша адамды асырай алады?
Дүниежүзін шарпыған пандемия әлем экономикасына салмақ түсіргені анық. Әсіресе өнеркәсіп саласы дағдарыс жағдайына дейін жеткені жасырын емес. Ал ішкі нарығы сыртқы өндіріске тәуелді ел үшін тіптен тәуекел сәті туды. Яғни, жұқпалы індет жағдайында дамудың жаңаша жолын қарастыру қажеттілігі де күн тәртібіне шықты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жамбыл облысында 305 жобаның құжаттары әлі дайындалмаған
Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, өңірде 2019-2020 жылдарға жоспарланған 412 жобаның 305-і бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әлі дайындалмаған. Оның 56-сы күзге дейін мақұлданбақ. Жобалардың көпшілігі Тараз қаласында және Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында жүзеге асырылмаған.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жамбыл облысында бірнеше ауылға ауыз су мен газ жетеді
Бүгінде Жамбыл облысының тұрғындарын ауызсу және газбен қамту өзекті мәселелердің бірі. Аталған мәселеге орай, облыстық әкімдікте жиын өтіп, ауыз су және газ тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Садақа жәшігін ұрлап кеткендер ұсталды
Түркістан облысының полицейлері садақа жәшіктеріне ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
8-19 маусым аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі. Бұл туралы Алматы облысы мен Талдықорған қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысында жазылған, - деп хабарлаған Egemen.kz
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Екібастұзда карантин шаралары күшейтіледі
Кеншілер қаласында 8 маусымда коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркеліп, өсу қарқыны 10,4 пайызды құрады, pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып, Egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қостанайда жолақы төлемі электронды жүйеге көшеді
Қостанайда қоғамдық көліктерге валидатор орнатылып, жолаушыар жол жүру ақысын электронды түрде төлейтін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Биылғы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сәйкес, Жамбыл облысындағы 10 010 гектар алқапқа саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.