ат
Экономика • 28 Қаңтар, 2022
Утиль алымы уақытша тоқтатылды
«Жасыл Даму» АҚ әкімшісі кәдеге жарату төлемін уақытша қабылдамайды, деп хабарлайды Egemen.kz акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Қаңтар, 2022
Елордада автокөлік аударылып қалды
Тексеру нәтижелері бойынша жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндегені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2022
Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» экс-басшысы 2 айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы Экология, геология және табиғи ресрустар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына наградалар тапсырды
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Барғанаев пен Ербол Ержанов «Айбын» орденімен марапатталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев олардың отбасыларына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 28 Қаңтар, 2022
Қырғыз-Тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 20-ға жуық адам жараланды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс салдарынан екі жақтан 20-ға жуық адам жараланды. Ал қаза болғандардың нақты саны әлі жарияланған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Қаңтар, 2022
Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
Алматыда кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады
Алматыда орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен алғашқы екі кәсіпкерге өтемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Қаңтар, 2022
«Самұрық-Қазына» - құр әңгіме, бос жоспар: Сенаторлар біраз саланы сынға алды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалуына байланысты Сенаттың жаңа вице-спикерін сайлау туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
БҚО-да болған жол апатынан үш адам қаза тапты
Үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты Шымкент-Самара тас жолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Өткен жылы 2480 ескі трактор кәдеге жаратуға қабылданды
Өткен жылы кәдеге жаратуға 2480 бірлік трактор мен 900 комбайн қабылданды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды
Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
Біз әрқашан диалогқа ашықпыз – Мұрат Әйтенов
Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру негізінде, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына қарасты, Сайрам, Өтеміс, Достық, Исфиджаб, Қызыл су, Орманшы және Шапырашты тұрғын алабтарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін
Сенатор Нариман Төреғалиев өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Қаңтар, 2022
Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады
Оңтүстік Африкада жарғанаттардан коронавирусының жаңа NeoCoV түрі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Жаппай тәртіпсіздікте зардап шеккендерге өтемақы төленді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының, ТЖД және құтқару қызметінің төтенше жағдай кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген қызметкерлеріне материалдық көмек берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Депутат кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін есептеу әдісін сынады
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін есептеу кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарын енгізу қажеттігі туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 27 Қаңтар, 2022
Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттігінің күшін жоюды ұсынды
Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Жанар Айтжан БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қаңтар, 2022
Серікбай Трұмов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қаңтар, 2022
Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қаңтар, 2022
Еркін Тұқымов жаңа қызметке тағайындалды
Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Алматы орталығында ғимарат өртенді
Алматыда Төле би және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қаңтар, 2022
Флорида жағалауында мигранттар мінген қайық батып кетті
Флорида жағалауында 39 мигрант мінген қайық батып кетті. Олар Багам аралдарынан АҚШ-қа кіруге тырысқан. Әзірге апаттан тірі қалған бір адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Қаңтар, 2022
Арыстанғани Заппаров жаңа қызметке тағайындалды
Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Атырауда бірқатар шенеунік жазаланды
Атырауда Әдеп жөніндегі кеңес отырысында бірнеше шенеунікке қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Қаңтар, 2022
Коронавирусты анықтайтын биодатчик шықты
Оңтүстік кореялық ғалымдар тобы коронавирус штамдарын 30 минут ішінде анықтай алатын скринингтік биодатчикті ойлап тапты, деп хабарлайдыEgemen.kz The Korea Herald-қа сілтеме жасап.
Футбол • 26 Қаңтар, 2022
Альваро Мората «Барселонаға» ауысатын болды
Испанияның «Атлетико» футбол клубы футболшы Альваро Моратаны «Барселона» футбол клубына жалға беруге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Коронавирус: Алматыда 1430 адам ауруханада жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 1 430 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2022
Тараздағы полиция ғимаратында граната жарылды
Тараздағы полиция ғимаратын тазалау кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Алматы облысында полиция қызметкері қамауға алынды
Алматы облысында жол апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.