П
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Қарағандылық ЖИ-стартап 400 мың доллар инвестиция тартты
Astana Hub қатысушысы 4sell.ai стартапы компанияны 4 млн долларға бағалау кезінде 400 мың доллар сомасында инвестиция алып отыр. Инвестициялық раундқа MA7 Ventures, MOST Accelerator Fund, Axiom Capital қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 10 Желтоқсан, 2025
2026 жылы республикалық бюджетті небәрі үш өңір ғана толтырады
2026 жылға арналған болжам бойынша Алматы, Астана және Атырау облысы республикалық бюджетке өз үлесін қосып қана қоймай, қалған өңірлерге де қаржылай көмек көрсетеді. Ал қалған аймақтар субвенцияға тәуелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ұлытау облысында өрт кезінде үш баланы құтқарған патрульдік қызмет взводының инспекторы Әсет Әбдуақитов және Ұлытау облысы ПД-ның Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызмет взводының инспекторы Нұрболат Нұрғабыл «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Желтоқсан, 2025
Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде екі кәсіпорын ашылды
Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту және сотталғандарды еңбекпен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында Қостанай облысының №38 түзеу мекемесінде екі бірдей жаңа модульдік өндірістік ғимарат ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Министр: Қазақстан үшін КТК-ға балама бағыт жоқ
Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан тағы да таныс дилеммамен бетпе-бет келді. Негізгі экспорттық магистраль істен шыққан жағдайда мұнайды қай бағытқа жөнелтуге болатыны мәселе тудырып отыр. Бұл ретте басқа бағыттар мұнай тасымалының қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайтыны белгілі. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Екі өңірде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылды
10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар қалай өседі?
Қазақстанда 2026 жылы жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар өседі. Бұл АЕК мөлшерінің ұлғаюымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 09 Желтоқсан, 2025
Павлодар өңірінде 500 ер адам әскерден жалтарып жүр
Әскерге шақыру комиссиясы оларға іздеу жариялаған. Жалтарған ер азаматтардың жартысына жуығы облыс орталығында тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2025
Керекуде 15 кітаптың тұсаукесері өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 15 кітаптың тұсауы Павлодар қаласында кесіледі, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 09 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты өз мәресіне жетті. Іс-шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік студенттері мен жас мамандары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды
UEFA Жастар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Ресейде бортында 7 адам болған әскери ұшақ құлады
Ресейдің Иваново облысында Ан-22 «Антей» әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz SHOT басылымына сілтеме жасап.
Технология • 09 Желтоқсан, 2025
IT FEST 2025: Алматыда стартаптар сайысы өтті
5-6 желтоқсанда «Атакент» іскерлік орталығында жастар арасында ең ірі digital-технологиялар мен креативті индустриялар фестивалі өтіп, ең үздік командалар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2025
Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады
Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Курорттық жерден көлемді вейп тәркіленді
Ақмола облысына қарасты Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері электронды сигареттердің заңсыз айналымын анықтаған. Жедел шаралар нәтижесінде жергілікті тұрғыннан вейптердің ірі партиясы тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Желтоқсан, 2025
Атырауда табиғатты бүлдірген компанияға 26,5 млн теңге айыппұлы салынды
Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС экологиялық рұқсатсыз ағынды суды төккен. Соның салдарынан жер ластанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Алматы маңындағы жол апаты төрт адамның өмірін қиды
5 желтоқсанда Алматы - Көктал - Көктеп - Шонжы автожолының 80-шақырымында жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Желтоқсан, 2025
Жапонияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды
Дүйсенбі күні кешке Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде болған 7,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісінен кемінде 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Еліміздің тағы бір өңірінде тауар бағасын рубльмен көрсеткен дүкен анықталды
Ақмола облысының Шортанды ауданындағы дүкендердің бірінде тауарлардың бағасы рубльмен көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Биыл қайтыс болған донорлардан жасалған трансплантация саны 2,6 есеге көбейген
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығы елдегі ағза донорлығын дамытудың оң динамикасы туралы есеп ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Әскери оқытушы Қазақстанның үздік инженері атанды
Ұлттық инженерлік академия өткізген X мерейтойлық республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікірияев «Қазақстанның үздік инженері – 2025» атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 09 Желтоқсан, 2025
Қытайға теміржол экспорты 11%-ға өсті
Достық – Мойынты учаскесінде маршруттың екінші жолдары бойынша қозғалыстың ашылуы ҚХР-ға отандық тауарларды жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Шаруаларға бір тамшы да су бермейміз»: Премьер-министр тиісті кестеден ауытқымауды тапсырды
Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су спорты • 09 Желтоқсан, 2025
Оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында оңтүстік өңірлерде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. Оның айтуынша, Шардара су қоймасына келетін су көлемі 43%-ға қысқарған, ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы су қорлары былтырғыдан 3,8 млрд текше метрге төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» футбол клубымен кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
«Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жылдық мереке қарсаңында жолаушыларға 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.