ек
Банк • 11 Шілде, 2025
Ипотека шарттары қайта қаралады
Экономикадағы жоғары мөлшерлемелер аясында билік ипотека беру шарттарын қайта қарау қажеттігін алға тартты. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұзақмерзімді тұрғын үй несиелері қазақстандықтар үшін неге қолайсыз екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 11 Шілде, 2025
Алматылықтарға мемлекеттік марапаттар табысталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің мәдениет пен еңбек ұжымдарының көрнекті өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Үкіметте заң саласын цифрландыру мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 11 Шілде, 2025
Азия бәсекесінде қазақ балуандары екі алтын еншіледі
Грек-рим күресінен жастар арасында Бішкек (Қырғызстан) қаласында 9-10 шілдеде Азия чемпионаты өтті. Қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Шілде, 2025
Қазақстанда 100 мыңға жуық бала балабақшаға кезекте тұр
Қазақстанда 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі 92,2%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Майра Мелдебекова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 10 Шілде, 2025
Ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды
Астанада Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған кәсіби мереке 2024 жылы мемлекеттік деңгейде бекітіліп, ветеринариялық қызметтің қоғамдық денсаулықты сақтау, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудағы маңызды рөлін атап көрсету мақсатында белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 10 Шілде, 2025
Maqsut Narikbayev University түлектеріне диплом табысталды
Биыл Maqsut Narikbayev University-ді (MNU) 800-ден астам түлек тәмәмдады. Оның ішінде журналистика мектебінің студенттері бар. Осылайша ел журналистикасы тағы бір маман легімен толықты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Шілде, 2025
Сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін жаза күшейтілді
Қазақстанда сталкинг (қудалау), некеге мәжбүрлеу және әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұл және өзге де нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды - Ерлан Қарин
Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесіне тың серпін беріп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтеді. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи, мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Алматыдағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы қала аумағындағы бірнеше әлеуметтік нысанды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Жантөре Айтжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Ақтөбе облысында салынып жатқан нысандарды аралады
Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев Ақтөбе қаласындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысымен танысты. Бұл білім беру мекемесі «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның қызметімен танысты
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 09 Шілде, 2025
Үкіметте цифрлық сервистерді дамыту мәселесі талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Яндекс» компаниясының бас директоры Даниил Шулейко және Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шалекеновпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық сервистерді дамыту, платформалық жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіру және технологиялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы су саласы мамандарын мемлекеттік наградамен марапаттады
Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Шілде, 2025
Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 08 Шілде, 2025
Алматы полициясы шетелдік компанияларды көлік нөмірін сарыға ауыстыруға шақырды
Алматы полициясы шетелдік компанияларға тиесілі көліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Өзбекcтандық файтер Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін UFC on ABC 9 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Түркістанда жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, арты ірі өртке ұласқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 08 Шілде, 2025
Ауыл мектептерінің әлеуеті артып келеді
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздеген «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы 2023 жылы басталғаны мәлім. Елімізде мектептердің 70 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан және көбі шағын жинақты мектептер, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Шілде, 2025
Елімізде сұранысқа ие дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтары үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Аталған жұмыстың аясында министрлік «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сынды жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 08 Шілде, 2025
Мал шаруашылығын дамытуға жеңілдікпен несие беріледі
Президенттің ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту туралы тапсырмаларын орындау аясында шаруаларға жеңілдікпен кредит алуға мүмкіндік беретін екі бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Бір тәулікте 100-ден астам палестиналық қаза тапты
Соңғы бір тәулік ішінде Израиль армиясының әуе соққылары салдарынан Газа секторында 100 -ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Шілде, 2025
Қостанай әкімдігі ерекше қажеттілігі бар адамға сапасы нашар пәтер берген
Ерекше қажеттілігі бар ер адам әкімдіктің берген пәтері өмір сүруге жарамсыз екенін айтып, шағымданды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Шілде, 2025
Бүгін астаналықтарды қандай мерекелік шаралар күтіп тұр?
Бүгін — Астана күні. Соған орай, қалада 100-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған Астана қаласы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы қала қонақтарын қандай тосын сыйлар күтіп тұрғанын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Шілде, 2025
«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жалғасып жатыр
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, Жаңа форматтағы жобаға іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен, тестілеуге 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Бақылау білезігін қасақана зақымдаған ақсулық азамат сотталды
Павлодардың Ақсу қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған, сотталған азамат электрондық бақылау құралын бүлдіргені үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан спорттық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Алматы қаласында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Өзбекстан Республикасының Спорт істері жөніндегі министрі Адхам Икрамовтың кездесуі өтті. Келелі басқосуға қос мемлекеттің Ұлттық олимпиада және Паралимпиада комитеттерінің жетекшілері, сондай-ақ спорт саласындағы бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.