ана
Медицина • 17 Қаңтар, 2025
Қызылордада тұңғыш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында 40 жастағы науқасқа жасалған бауыр трансплантациясы отасы сәттi аяқталды. Донор – 1993 жылы дүниеге келген пациенттің туысы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аймақтың су шаруашылығы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Астана халықаралық әуежайы қаланың коммуналдық меншігіне өтті
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Дінмұхаммедтің батылдығы кейінгі жастарға үлгі - Нұрлыбек Нәлібаев
Оныншы қаңтар күні «Қызылорда-Астана» бағытындағы ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалған Астана медицина университетінің 7- курс студенті, қызылордалық Дінмұхаммед Бектұрғанды осы оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттаған болатын. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев оның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.
Заң • 16 Қаңтар, 2025
Шетелдіктерге жалған құжат жасап бергендер жазаланды
Астана қаласының екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясының азаматтарына жалған құжат жасаумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Үкіметте қолжетімді баспана мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Жайыққа 1,8 млн балық шабағы жіберілді
Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қаңтар, 2025
Жұмысшы мамандықтарының жылы: Астанада 21 жоба іске асырылады
Астанада екі арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істеп тұр. Бірі – «Астана – жаңа қала», екіншісі – «Астана-Технополис» экономикалық аймағы. Осы АЭА-тың басқарушы компаниясы – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы. Бүгінде орталыққа қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2025
Елордада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Астана әкімдігінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қаңтар, 2025
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 18-19 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қаңтар, 2025
Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады
Көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Эльжана Таниева үлкен спортпен қоштасатынын айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025
Ұлттық ұлан қызметкерлері майдангерді туған күнімен құттықтады
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қызметкерлері майдангерді 99 жасқа толған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 14 Қаңтар, 2025
Жәутіков олимпиадасына 15 елдің үздік оқушылары қатысып жатыр
Астанада басталған 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген үздік оқушылар математика, физика, информатика пәндері бойынша сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қаңтар, 2025
Президент Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 13 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде қылмысын жасырмақ болғандар кісі өлтірген
Ақтөбе облысының екі тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырған. Олар осы қылмысы үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында өңір тұрғынын өлтірген, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 13 Қаңтар, 2025
Астанада Абайдың 180 жылдығын мерекелеу басталды
Астанадағы №87 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2025
Айыппұлды төлегені туралы жалған түбіртек берген астаналық сотталды
Астана қаласы прокуратурасы қала тұрғынының 240,3 млн теңге көлеміндегі айыппұл жазасына кесілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 13 Қаңтар, 2025
«Астана Опера» труппасына жаңа басшы тағайындалды
«Астана Опера» театрының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров операның жетекші шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаевтың опера труппасының директоры лауазымына тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2025
Чехияда мейрамханадағы жарылыстан алты адам көз жұмды
Чехияның солтүстік-батысындағы Мост қаласында «U Kojota» мейрамханасында газ жарылып, салдарынан алты адам қаза тауып, сегіз адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2025
Қостанайда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2025
Астанадан Қызылордаға күнделікті рейстер ашылды
QAZAQ AIR әуе компаниясы 13 қаңтардан бастап тұрақты рейстерді ашады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Құқық • 10 Қаңтар, 2025
Соттар мемлекеттік органды жетім баланың мәселесін шешуге міндеттеді
Жергілікті соттар 2019 жылдан бері мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген жетім баланың талабын қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2025
«Астана арена» стадионы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
«Астана Арена» стадионы UEFA талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып күрделі жөндеуден өтті. Астана қалалық мәслихат депутаты Ерлан Каналимов арена халықаралық матчтарды өткізуге дайын екенін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 10 Қаңтар, 2025
Мектеп асханасы мәзірінде қант пен тұз азайтылады
Мәзірде ДДҰ-ның қант пен тұзды азайту бойынша ұсыныстары ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Қостанай оқушылары қашықтан оқитын болды
Қостанай Білім басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
11-12 қаңтар күндері Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2025
Астанада 20 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды
Астана қаласының тұрғыны кепілді автомобильдерді сатып алу және нарықтық бағадан төмен бағамен беру сылтауымен ақшалай қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2025
Мексика президенті Солтүстік Америка құрлығын басқаша атауды ұсынды
АҚШ Президенті Дональд Трамп «Мексика шығанағын» «Америка шығанағы» деп атауға ниетті екенін мәлімдеп, өзiнiң әкiмшiлiгi тарапынан қайта атау шешімі жуырда жасалатынын мәлімдеген еді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2025
Астана вокзалына белгісіз біреу балаcын әдейі қалдырып кеткен
Астанада вокзал маңында кішкентай бала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Көкшетаудағы ғылыми кітапханадан өрт шықты
Бүгін таңертең Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы ғылыми кітапханадан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.