П
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзенде «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №25 жалпы білім беретін мектептің ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша ашылып отырған он екінші мектеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде
Алматы-2 теміржол бекетінде табиғи газдан улану дерегі тіркеліп, жедел жәрдем қызметі шұғыл түрде оқиға орнына жетті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 52 адамға медициналық көмек көрсетілді. Жапа шеккендердің арасында екі бала бар, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада пробация есебіндегі адамдарға арналған акция өтті
Елордадағы Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында пробация есебінде тұрған адамдарға арналған әлеуметтік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Министр: Физика, химия және биология жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова физика, химия және биологияның біріктірілмей, мектептерде жеке пән ретінде сақталатынын хабарлады. Бұл мәселе Алматыда өтіп жатқан Халықаралық жас ғалымдар конгресінде талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Түнгі уақытта тыныштық бұзған 6 мыңнан астам павлодарлық анықталды
Павлодар облысында түнгі уақытта тыныштықты бұзған 6244 факті тіркелген. Бұл 2025 жылдың басынан бергі көрсеткіш. Айқай-шу шығарған тұрғындардың барлығы жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда автобус аялдамадағы троллейбусқа соғылды: бір жолаушы зардап шекті
Алматыда 65-маршруттағы автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті. Полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 46 млн теңгеден астам сомада ұрлық жасаған топ әшкереленді
Бородулиха ауданында орналасқан ЖШС-нің 46 560 000 теңгеден астам сомадағы мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Шалқар ауданында екі медициналық мекеме салынды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округіне қарасты Сарысай ауылында және Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу ауылында екі дәрігерлік пункт ашылды. Емдеу мекемелері «Ауылда денсаулықты сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асты және облыстық бюджет пен қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы мансап орталықтарына 63 мың адам не үшін жүгінген?
Биыл жыл басынан бері мансап орталықтарына хабарласқан атыраулықтардың саны 63 мың 55 адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік мәні бар сырқат түрлерінің тізбесі жаңарады
Жаңартылған тізім жаңа жылдан бастап енгізіледі. 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімі бойынша науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 11 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторы Қазақстанның энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ниетті
Қазақстан мен Қытай компаниясы энергетика саласындағы серіктестікті нығайтуға келісті. «Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd.» елдің электр желілерін жаңғырту жобаларына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда артиллериялық снарядтар өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды
«Great Sky» компаниясы Бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко Centralasianow басылымына берген сұхбатында «ASPAN» жобасы туралы айтты. Жоба аясында еліміздегі 4 кәсіпорында оқ-дәрілердің негізгі компоненттері өндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы мен Иран Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Павлодарлық кәсіпкерді өлтіріп, көрші елге қашып кеткен күдікті Қазақстанға әкелінді. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалып, оған қылмыстық кодекстің сәйкес баптары бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті
10 желтоқсан күні кешке сағат 17.15-те Қарағанды облысы Мойынты – Шығанақ учаскесінде оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды қағып кеткен. Машинист шұғыл тежелуді қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ережелерін күшейтті. Шаралар телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Желтоқсан, 2025
«Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» симпозиумы 300-ден астам қатысушыны біріктірді
Түркістан қаласында «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті. Іс-шараға заңгерлер, философтар, тарихшылар, практик-заңгерлер, педагогтер және азаматтық қоғам өкілдерін қоса алғанда 300-ден астам қатысушы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Елімізде 4 миллион бала сапалы түскі ассыз қалуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, мектеп тамағына қойылған жаңа талаптар мен бөлінетін қаржы көлемінің сәйкес келмейтінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытынан 4,3 млн теңге айыппұл өндірілді
Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зауыт аумағында бензин төгілген. Осыған байланысты зауытқа 4 млн 325 мың теңге айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке ресми сауал жолдап, еліміздің толық цифрлануы үшін ұлттық чиптер дизайнын дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Шетелден қаражат алушылардан ашықтық талап етілуі қажет
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов өз сауалын Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады. Депутат шетелдерден қаражат алушыларға (2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тізілім Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында жуырда жарияланған) қатысты мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 10 Желтоқсан, 2025
Елорда прокуратурасында оқушыларға арналған ашық есік күні өтті
Астана қаласы прокуратурасында «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде №26 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары үшін арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың құқықтық сауаттылығын күшейтіп, қоғамдағы заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Отандық стартап 50 млн долларға бағаланды: Кәсіпкер ЖИ-бот жасауды үйретеді
Кәсіпкер Мирас Советов бизнес үшін жасанды интеллект боттарын қалай жасау керектігін үйрететін платформаны іске қосты. Оның жобасы қазірдің өзінде 50 миллион долларға бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді
9 желтоқсан күні толассыз жауған қар Алматы қаласының жүргізушілеріне қолайсыздық тудырған. Полиция қыметкерлері бір түнде 58 жол-көлік оқиғасын тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Қазақстандағы мектеп білімінің жағдайына қатысты өткір сын айтып, жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарын жария етті. Депутат өзінің Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында бүгінгі мектептердің барлық балаға сапалы білім бере алмай отырғанын ашық айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Баспана бағасы қай қалаларда өзгерді?
Елімізде жаңадан салынып жатқан пәтерлер қайтадан қымбаттады. Қарашада, яғни бір ай ішінде баға бірден 2,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, жаңа баспана бағасының өсуі 7 қала бойынша байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2025
Шымкент жастар театры Алжирде Гран-при жеңіп алды
Алжирде өткен «The International Cultural Festival of Desert Theatre» халықаралық театр фестивалінде Қазақстан атынан барған Шымкент жастар театры Бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.