е
Аймақтар • 30 Наурыз, 2025
Асар шағынауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт болды, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 30 Наурыз, 2025
Жертөледе сіріңкемен ойнаған балалардың бірі қаза тапты
Өзбекстандағы Наманган облысында төрт жасар бала сіріңкемен ойнап, ауыр күйік алып, қаза тапты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2025
Жамбыл облысында жер сілкінісінің салдарын бағалау жұмысы жалғасып жатыр
Жамбыл облысына келген Қазақстан ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мамандары сейсмикалық жағдайды егжей-тегжейлі мониторингілеу мен талдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Наурыз, 2025
Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда сүрінді
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Наурыз, 2025
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты
Елімізде онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тексеріс шаралары жүріп жатыр. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі онкоскринингтен кімдер тегін өте алатынын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Наурыз, 2025
Президент Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2025
Бас редакторлар клубы мүшелері «ÓzgeEpic» креатив хабының жұмысымен танысты
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері хабты аралап, оның мүмкіндіктері мен ұсынатын қызметтері жайлы мол мағлұмат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 29 Наурыз, 2025
Маңғыстауда есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды
2025 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениет • 29 Наурыз, 2025
Ведомстволық наградаларды біріздендіру мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Наурыз, 2025
Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: үкіметтік жұмыс тобы өңірге барды
Жамбыл облысында болған жер сілкінісінің салдарын анықтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірге үкіметтік жұмыс тобы келді. Делегацияны Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Наурыз, 2025
Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізді
Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Наурыз, 2025
2025 жылдың алғашқы әлем чемпиондары анықталды
4 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль – мектеп оқушылары арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның жас шахматшылары осындай жүлдеге қол жеткізді. Абдул-Мәлік Қайрат, Алиша Бисалиева, Әлімжан Жауынбай және Артём Богданов Сербияда өткен жарыста чемпион атанды.
Президент • 29 Наурыз, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 29 Наурыз, 2025
Қызылорда облысының Еуропадағы өнер күндері Испанияда мәресіне жетті
Қызылорда облысының Финляндия, Эстония мемлекеттерінде өткен өнер күндері одан әрі Испанияның Мадрид қаласында жалғасып, Ұлыстың ұлы күніне арналған концертпен қорытындыланды.
Президент • 29 Наурыз, 2025
Шавкат Мирзиёевке Алматы тау шаңғысы кластері таныстырылды
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты. Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 29 Наурыз, 2025
Қатонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде.
Президент • 29 Наурыз, 2025
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Наурыз, 2025
Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты
Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті.
Денсаулық • 29 Наурыз, 2025
Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті
Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне арналған ашық талқылау өтті. Іс-шараны Gedeon Richter Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында ұйымдастырды.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Президент Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы жеделхатында Пхэтхонгтхан Чинаватқа жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Корея халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
«Жайлы мектептердің» құрылысын жеделдету керек - Берік Уәли
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында өңірде салынып жатқан мектептер құрылысына қатысты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Наурыз, 2025
Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті
Бұл имидждік жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Сенат • 28 Наурыз, 2025
Мәулен Әшімбаев БҚО тұрғындарымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және жастармен кездесулер өткізді. Іс-шаралар барысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру және Сенаттың өңірлерді дамытуға ықпалын одан әрі күшейту мәселелері, сондай-ақ, Палатаның мәслихаттармен бірлескен жұмысының маңызды бағыттары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты
Өңірде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында былтыр Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамск, Отынағаш, Көктал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартып еді. Биыл алкогольсіз ауылдардың қатарына Ұзынкөл ауданындағы Абай, Оқатқан қосылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Президентке жер сілкінісінен кейінгі ахуал баяндалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2025
Қазақстанға келуші шетелдіктер көбейген
Бұл туралы ОКҚ алаңында ІІМ қарасты Көші-қон комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Наурыз, 2025
Франция президенті: Жамандыққа дайын болайық
Парижде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған «Ынталылар коалициясы» саммиті өтті. Кездесу тақырыбы Ресеймен бейбіт келісім жасалған жағдайдағы Украина үшін кепілдік мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Наурыз, 2025
Үкімет Қостанайға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.