ыс
Заң • 28 Қараша, 2025
Ақмола облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Бұл бап шілде айында қолданысқа енгізіліп, азаматтарды еркінен тыс қудалау, мазалау, үнемі байланыс орнатуға тырысу, бақылау және өзге де психологиялық қысым көрсететін әрекеттерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Талғарда ер адам өз қызын пышақтап өлтірді
Алматы облысы, Талғар ауданында өз қызын 16 жерден пышақтап өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қараша, 2025
Е.Көшербаев Бішкекте заңсыз көші-қон мен экстремизмге қарсы күш біріктіруді ұсынды
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов кеше Бішкек қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 28 Қараша, 2025
«Киімде – шежіре, сәнде – тарих»
Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйытқы болуымен қазақтың ұлттық киімін насихаттау мақсатында «Киімде – шежіре, сәнде – тарих» атты этносағат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Қостанай облысына жылу желілерін жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 27 Қараша, 2025
Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот: прокурор айыптау актісін жариялады
Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Алғашқы отырыста прокурор Нұрлан Билібеков айыптау актісін жариялап, сотқа тергеу материалдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Ақмола облысында жасырын түрде алтын өндірілген
Ақмола облысының Степногорск қаласында алтын мен бағалы металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен екі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы Келешек мектептерінде 10 мыңнан астам бала білім алып жүр
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мақсат – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 27 Қараша, 2025
PepsiCo, Mars Marriott, Hilton: Алматы облысында алпауыт компаниялардың жобасы іске асады
Алматы облысы еліміздегі инвестициялық тартымды өңірлердің біріне айналып келеді. Жақын уақытта мұнда PepsiCo, Lays, Mars, Marriott және Hilton сияқты әлемдік жетекші компаниялардың бірқатар ірі жобасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Әйел әлемі • 27 Қараша, 2025
Жетісу облысында кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдер көбейіп келеді
Жетісу облысында әйелдердің көшбасшылық, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды әрі заманауи жоба табысты жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
«Атлетико Мадрид» футбол академиясында 113 жас футболшы білім алып жатыр
Алматыда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Қостанайда 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Мұндай жағдай – тексеру барысында анықталған. Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2025
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қараша, 2025
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында натрий цианидін өндіретін зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2025
Көптен күткен жаңалық: Қызылорда – Жезқазған автожолы ашылды
Қызылорда облысында Қызылорда – Жезқазған автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 27 Қараша, 2025
Майқайыңдағы құтқарушылар өлімі бойынша сот үкімі шықты
Майқайыңдағы 4 құтқарушының өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істе айыпталған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты. Үкім Екібастұз қалалық сотында жария етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 26 Қараша, 2025
Жамбыл облысында бу-газ электр стансасы салынып жатыр
Жамбыл облысында жалпы қуаты 50 мвт құрайтын бу-газ электр стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 26 Қараша, 2025
Петропавлда бей-берекет құрылыс тоқтамай тұр
Петропавлда құрылыспен айналысатын кәсіпкер А.Беспалов қала орталығындағы «Назарбаев» көшесінде көп қабатты үйдің құрылысын жақын қоныстанған тұрғындардың қарсылықтарына, жобалық-сметалық құжаттарының бекітілмегеніне, техникалық бақылаудың болмауына қарамастан бастап кетіп, бірнеше қабатын көтеріп қойған деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қараша, 2025
Ұлытау облысында жазасын өтеушілер жарысты
Сәтбаев қаласында Ұлытау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Ұлытау облысының прокуратурасы бірлесіп, «Заң және тәртіп» бағытында пробация есебінде тұрған жазасын өтеушілерге арналған облыстық ашық турнир өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Қараша, 2025
Сhocolatine Кazakhstan: Түркістанда Орта Азияның үздік наубайшылары анықталды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Сhocolatine Кazakhstan–2025» халықаралық байқауы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Бішкек қаласына барды
Бұл туралы Ақорданы баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Киберқылмыстың алдын алу мақсатында семинарлар өткізілді
Полицейлермен қатар оқыту курстарына прокуратура, сот, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өкілдері және халықаралық деңгейдегі IT-мамандары қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 26 Қараша, 2025
Сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс талабы күшейтіледі
Бүгін Мәжіліс Мемлекет басшысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы жүйелеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген жаңа Құрылыс кодексін және оның ілеспе түзетулерін екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Қорғаныс министрі жас сарбаздармен кездесті
Луговой гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 03811 әскери бөліміне барып, тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 26 Қараша, 2025
Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды
Аталған жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Алматыдағы Кардиология орталығында алғашқы жүрек ауыстыру операциясы жасалды
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүрек ауыстыру отасы жасалып, терминалдық кезеңдегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан 34 жастағы ер азаматқа донорлық жүрек салынды. Ауруы асқынып, дереу жүрек трансплантациясын қажет еткендіктен, науқас республикалық Күту парақшасына енгізілген еді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы ұсталды
23 қарашада ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонға байланысты әрекеттің алдын алды. Тексеру кезінде жүк көлігіндегі құрылыс материалдарының арасынан 10 шетелдік азаматты анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Атырауда тышқанның көбеюіне байланысты арнайы комиссия құрылды
Атырау облысындағы Махамбет ауданында тышқан тұқымдас кеміргіштер көбейіп тұр. Мұндай дерек Атырау қаласына таяу орналасқан ауылдарда да байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Қостанай облысында мұқтаж азаматтар үшін 547 пәтер сатып алынды
Биыл Қостанай облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 547 пәтер сатып алынды. Өткен жылы өңірде жергілікті бюджет есебінен 940 отбасы баспаналы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды
Полиция Рудный қаласының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.