П
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Абзал Әжіғалиев өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына аттанады
Шорт-тректен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиев Milano Cortina – 2026 Қысқы Олимпиадасына аттанады. Тәжірибелі спортшы төртінші Олимпиадасына бар күш-жігерін салуға ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 15 Желтоқсан, 2025
«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасы таныстырылды
Бүгін «QAZCONTENT» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының «Ұлт оқитын 100 кітап» бірлескен жобасының ресми таныстырылымы өтті. Ұлттық сауалнама негізінде таңдалған 100 көркем әдеби туынды алғаш рет бір платформада, жаңа форматта ұсынылып отырғандықтан, осынау әдеби-мәдени жаңалықпен көпшілікті хабардар ету мақсатында әдебиетші, кітапханашы, ақын-жазушы, депутаттар ҚР ұлттық академиялық кітапханада бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
V Азия Пара ойындарында еліміз неше медаль еншіледі?
Жасөспірімдер арасында V Азия Пара ойындары Дубай (БАӘ) қаласында осы айдың 10-13 күндері өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 15 Желтоқсан, 2025
Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды
«Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» жобасын іске асыруда. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Айым Тілепберген: Дәстүрлі садақ ату – дәлдік пен байсалдылық спорты
Еліміз дербестігін алғаннан кейін ұлттық спорт жаңа серпінмен дамығаны анық. Дәстүрлі садақ ату ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып, ұрпақ мақтанышына айналған өнер. Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мақтанышына айналған спорт саңлақтары туралы сөз етпекпіз. Соның бірі садақшы Айым Тілепберген. Ол спорттың бұл түрін алғашында жай хобби ретінде қарастырған болса, бүгінде ол осы бағыттың үздігі атанған, деп жазады Egemen.kz
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«2 миллион теңге»: Англиялық футбол жанкүйерлері билет бағасына наразылық білдірді
Футбол жанкүйерлері 2026 жылы Мексикада, АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына билеттердің тым қымбат болуына байланысты наразылық білдіріп, оларды сатып алмауға үндеу тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
Жер астында алып мұхит жасырынып жатуы мүмкін бе?
Жер мантиясының шамамен 660 шақырым тереңдігінде ғаламдық мұхиттардың жалпы көлемімен салыстыруға болатын колоссалды су қоры – «алып мұхит» болуы ықтимал. Қытай ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу осындай таңғаларлық тұжырым жасауға негіз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Қарағанды полициясы баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс бастады
Қарағандыда ата-аналардың шағымынан кейін полиция 44 жастағы логопедтің жұмысын тексеруге кірісті. Оқиғаға байланысты барлық деректер әлеуметтік желілер арқылы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 15 Желтоқсан, 2025
Доминго, Хаусер және Димаш Будапештте өнер көрсетеді
2026 жылғы 18 сәуірде Будапешттегі MVM Dome аренасында музыкалық әлемде бұрын-соңды болмаған ерекше шара өтеді: бір сахнада Пласидо Доминго, HAUSER және Димаш Құдайберген өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астана мәслихатының депутаты тексерілмеген ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады
Қалалық мәслихат депутаты Талғат Ерғалиев Instagram парақшасында жазба жариялап, бұған дейін айтқан ақпаратының дұрыс емес екенін мойындаған. Ол елордадағы қылмыс деңгейі жоғары деген бұрынғы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Алматыда пойызда газбен уланғандардың жағдайы қалай?
Алматыдағы пойызда газдан уланған екі бала жансақтау бөлімінен токсикологиялық бөлімге ауыстырылды. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды
Австралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулер оқ атты. Мәліметтер бойынша онға дейін адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі күдіктіні ұстаған, арнайы операция жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада мектеп ішінен алғашқы мамандандырылған дзюдо залы ашылды
Астанада №45 мектепте дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жобаны мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт ведомствосының мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алты медаль иеленді
Қазақстанның ерлер құрамасы Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Желтоқсан, 2025
Талдықорғанда жаңа «Білім-инновация» лицейі ашылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл білім беру саласын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, 300 оқушыға арналған жаңа «Білім-инновация» лицейінің құрылысы 2026 жылы толық аяқталып, ел игілігіне берілмек, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан сиыр етін экспорттауға квота енгізді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта сиыр етінің экспортына квота енгізу не үшін керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда Камаз бен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы бір адам жарақат алған. Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2025
Сабыржан Аққалықов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2025
Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов (71 келі) алтын медаль алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2025
Отандық боксшы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына екінші алтынды салды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын медаль иегері атанды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2025
Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі) шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Желтоқсан, 2025
Қарағандыда жолаушылар мінген автобус көлікпен соқтығысты
Бүгін таңертең Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш – Алматы бағытымен қатынаған рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысып, жарамсыз күйге түсті. Автобус жүргізушісі құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Әкімшілік киіз үй тұрғызғандарға айыппұл салды
Үшінші мегаполисте Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері кезекті тексеруді Еңбекші ауданы, Маятас елді мекенінде рейд жүргізіп, «Рахат-Бадам» ЖШС-нің демалыс аймағында қора және киіз үйдің заңсыз салынғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Түзету мекемесінде өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды
Алматы облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №10 мекемеде екі жаңа өндірістік нысан — «INFINITEL» және «БроМарт» кәсіпорындары іске қосылды. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың кезекті кезеңі жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
Жаттықтырушы Жетібаевқа құрмет көрсетілді
Облыстық үлкен жиыннан кейін аудан орталығынан шалғай жатқан Қопа ауылына қарай жырыла бөлініп шыққандағы мақсатымыз – белгілі жаттықтырушы Жұман Жетібаевтың құрметіне арналған аудандық волейбол жарысын көріп қайту еді, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 12 Желтоқсан, 2025
Шымкенттің қос компаниясы «Парыз» жеңімпазы атанды
Шымкенттің екі кәсіпорны Астана қаласында өткен «Парыз-2025» республикалық конкурсының лауреаты атанды. Ол «Еврокристалл» ЖШС мен «Dala-construction.kz» ЖШС компаниялары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті
«Алматы Арена» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар, бапкерлер мен мамандар тарапынан оң бағасын алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Қостанайда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған шенеунік қамауға алынды
Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.